Басы » Cыныптан тыс » Ұлы Дала Ел

Ұлы Дала Ел

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл қазақ орта мектебі

Оразалинова Алтынгуль Тулеуовна

«Не? Қашан? Қайда» интеллектуалды ойынында

Тақырыбы: «Ұлы Дала Елі»

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайдтар, қара жәшік, барабан

Барысы: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой — өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Не? Қашан? Қайда? атты интеллектуалды ойынды бастаймыз. Ойынымыз Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі» тақырыбында өтеді
Ойынға қатысушылар 8-9 сынып оқушылары

1-ойыншы _______________________________________________

2-ойыншы _______________________________________________

3-ойыншы _______________________________________________

4-ойыншы _______________________________________________

5-ойыншы ________________________________________________

6-ойыншы ________________________________________________

 

Ойын ережесі:

Көрермендер ойыншыларға сұрақтар дайындап қойды, ал ойыншылар                    1 минуттың ішінде топпен бірге ақылдаса отырып, сұраққа жауап іздейді.

Егер ойыншылар дұрыс жауап берсе,  ұпай алады. Ал егер ойыншылар сұраққа қате жауап беретін болса, онда ұпай көрермендерде қалады.

Ойын үстелі 16 секторға бөлінген. Осы 16 секторда көрермендер дайындаған сұрақтар бар.

Ойыншылар қандай сұраққа жауап беретінін, ойын үстелін айналдырғаннан кейін бағыттауыш көрсетеді.

Егер үстел бағдары, ойналынған секторды көрсетсе, онда сағат тілі бойынша оң жақтағы сектордың сұрағына жауап береді.

Егер ойыншылар сұрақтың жауабын білетін болса, 1 минут ойланбай – ақ жауап беруге болады.

Егер бұл сұрақ жауабы дұрыс болса, бұл 1 минуттық уақыттары келесі сұраққа жауап іздегенде қосылады.

Блиц-турнир тапсырмасындағы 3 сұраққа 1 минутта жауап беру керек

 

Ендеше ойынымызды бастаймыз

 

1-сектор сұрағы: Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші  аталарыңның жобасымен жасалған. Ол адам кім?

/ Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан /

2-сектор сұрағы: Қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев қашан дүниеге келді?     (1940 ж 6 шілде)

3-сектор сұрағы: 1999 жылы Юнеско шешімімен  Астана қаласына қандай мәртебе берілді? / «Бейбітшілік қаласы» мәртебесі берілді, медаль табыс етілді/

4-сектор Көрмендерден сұрақ

5-сектор сұрағы: Блиц турнир. Келесі сандар нені білдіреді?

  1. 01121991 . 01. 12. 1991 ж. Қазақстанда алғаш рет президент  сайлауы өтті
  2. 15062010. 15. 06. 2010 ж. Н.Ә.Назарбаевқа ресми түрде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті атағы берілді.
  3. 3. 03042011. 04. 2011 ж. Н.Ә.Назарбаев 4-ші рет Қазақстан Республикасы-ның президенті болып сайланды.

6-сектор сұрағы: «Бақыт – бағасын білгеннің басында ғана тұрады»-кімнің сөзі   /Елбасы сөзі тәуелсіздігімізді тәу етіп тұруға шақырып тұрғандық/

7-сектор сұрағы: Тәуелсіздік монументінің биіктігі неше метр? /28 метр/

8-сектор. Музыкалық үзіліс.

9-сектор сұрағы: Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстандық спортшылардың қоржынында қанша медаль болды? Соның ішінде неше алтын, күміс және қола медальдары болды?

/ 17 медаль бар: 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль /

10-сектор. Музыкалық үзіліс.

11-сектор. Қара жәшік. Қара жәшіктің ішінде кемі екі баладан бастап қанша бала ойнасаң да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнасаң да, құрдас пен -құрдас бір- біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды.  /асық ойыны/

12-сектор. Көрермендерден сұрақ

13-сектор сұрағы: ҚР жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? /98 баптан/

14-сектор сұрағы: Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен қай күні ғарышқа ұшты?

/2015 жыл 2 қыркүйек/

15-сектор сұрағы: Күнәдан таза басым бар,……………

Жалғасын тап және бұл кімнің сөзі
/Жиырма бірде жасым бар.     Қайрат Рысқұлбеков/

16-сектор сұрағы: 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік банкнотаның бет жағының сипаттамасы /Бет жағы: басым түсі сарғыш-жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. /

 

Рефлексия
Ойынымызды Н. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілігіңізде»

Осымен ойын аяқталды
1. Ойыншылардың, ең қызықты сұрақты таңдауын сұраймын.
Соңымен ең қызықты сұрақ деп № сектордағы сұрақ жарияланады. Осы сұрақты жіберген ……………………………….. естелік грамотамен марапатталады.
Қорытындылай келе ең білгір, ең тапқыр ойыншы деп………………………… марапатталады.

Сіздерге, балалар, рахмет айта отырып көздеген мақсаттарыңа сүрінбей жетулеріңе тілектеспін.
Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *