Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Саумалкөл қазақ орта мектебі
Оразалинова Алтынгуль Тулеуовна
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ №2
|
Сынып: 5 | Пәні: Математика | ||||
Тақырыбы: | Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуге арналған есептер шығару | |||||
Сілтемелер: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (2014), Эдвард Глейзер (1941), Шон (1983), Пол Блек пен Дилан Уильям (1987-1997) | |||||
Мақсаты: | Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөле білу, өтілген материалды бойынша алған білімдерін тиянақтау; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; логикалық ойлау қабілетттерін дамыту, тіл мәдениетін дамыту, сауаттылыққа, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, оқушыларды өзін-өзі бағалауға үйрету | |||||
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші | Ондық бөлшектерді бөлуді біледі, өз ойын қағаз бетіне түсіре алады, бір бірінің пікірін тыңдай біледі, сабақта АКТ-мен жұмыс жасай біледі | |||||
Жұмыс түрі | Топтық; жеке,жұптық | |||||
№ | Сабақ кезеңдері | уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ескертпе | |
1. | Ұйымдастыру | 3 мин | Психологиялық сәт. Әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну (тіктөртбұрыш,үшбұрыш, дөңгелек, квадрат)
|
Топ басшысын сайлайды. Топ мүшелері тапсырманы қорғайды. | Ынтымақтастық атмосферасын құру. | |
2. | Үй тапсырмасы: | 3 мин | №827 есептің жауаптарын салыстыру арқылы тексеру.
Жауабы: 1,17:1,3=0,9 см |
Оқушылар үй тапсырмасының жауаптарын айтады | Диалог арқылы бір-бірінің жауаптарын салыстыру | |
3. | Логикалық есептер | 3 мин | 1) 1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды?
Жауабы: 3 минутта 2) Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді. Олардың қаншасы қалды? Жауабы: Страус ұшпайды |
Логикалық тапсырмалар арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру. | Оқушыларды СТО-ын дамыту | |
4. | Электронды оқулықпен жұмыс
(жұптық жұмыс) |
5 мин | ноутбукта тест тапсырмасын орындау | Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру | Оқытуда АКТ-ны пайдалану | |
5. | Деңгейлік тапсырмалар (оқулықпен жұмыс) | 6 мин | 1-деңгей №828 Жауабы:8,5:1,7=5
2-деңгей №831 (1-есеп) Жауабы: 2,3+8,78=11,08 3-деңгей №832 (1-есеп) Жауабы: 0,23+0,57=0,8 |
Белгілі уақытта оқушылар өз деңгейіне байланысты есептерді шығарады. | Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру | |
6. | «Семантикалық картаны» толтыру | 7 мин | Әр топқа бірдей тапсырма, карташалар арқылы беріледі, есептердің жауабына сәйкес кестені дұрыс толтырсаңдар, ондық бөлшектерді ең алғаш пайдаланған Орта азиялық ұлы ғалымның аты жөні шығады
Ә. 8,35*3 = 25,05 Л. 28,29:12,3+0,1= 2,4 K. 0,25:0,05 = 5 |
Есептердің жауабын табу арқылы ұлы ғалымның аты-жөнін оқиды | Оқытудағы басқару және көшбасшылық | |
7. | Постермен жұмыс | 9 мин | Слайдтағы сандар қатарындағы «?» белгісінің орнындағы санды тауып, шығару жолын көрсету | Оқушылар жасырын санды табады және оның шығару жолын постерге жазу арқылы қорғайды | Топ ішінде талдау, анықтау | |
8. | Сабақты қорыту
Рефлексия |
3 мин | «Бес саусақ» қағаз бетіне салынған саусақтарға өз әсерлерін жазу
«Бас бармақ» (не ұнады?) «Балаң үйрек» (жаңа не білдім?) «Ортаң терек» (не жөнінде ойландым?) «Шылдыр шүмек» (өз қорытындыма не алдым?) «Шынашақ» (не білгім келеді?) |
Жазбаша кері байланыс
|
(Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі)
|
|
9. | Бағалау | 4 мин | Өте тамаша! Жарайсың!
15-11 ұпай. Тарауды толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы. Тамаша! Алға! 10-7 ұпай. Тарауды толық меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы. Ойлану керек! Қалма! 6-3 ұпай. Әлі де дайындалу қажет ететін оқушы Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. |
Топ басшылары өз топтарын сабақ бойынша алған білімдерін (үй тапсырмасы, топтық, зерттеу жұмыстары) ескере отырып бағалайды | Жиынтық бағалау (Жеке жұмыс, топтық жұмыс, сыныппен жүргізілген жұмыстар бойынша қойылады)
|
|
10. | Үйге тапсырма | 2 мин | №831 (жұп) 241-бет | |||
[bws_related_posts]
Ондык болшекти ондык болшекке болу есептер бар ма