Бекітемін: ДОІЖО Козибагарова Ж.
Пәннің аты: әдебиеттік оқу | Уақыты: 24.04.2017 ж | 2бсынып | Мұғалім:Бисенбаева А | |
Сабақтың тақырыбы | Қ.Рысбекұлы. Бекзат | |||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға мәтін мазмұнымен танысып, Қ.Рысбекұлы және Бекзаттың жеткенж етістіктері жайлы мәлімет алады.Таным қабілеттері, ой-өрісі, байланыстырып сөйлеуі, сөздік қорлары дамиды. | |||
Күтілетін нәтиже | Әңгіме мазмұнын түсінеді, негізгі идеяны ұғынады,топта талдайды | |||
Дерек көздері | Оқулық, әдебиеттік оқу әдістемесі, | |||
Оқыту әдістері | Сұрақ-жауап,топтық,жұптық,жеке жұмыстар | |||
Ресурстар | Қ.Рысбекұлы мен Бекзат Саттархановтың суреттері,интерактивті тақта,слайдтар,бағалау парақшалары. | |||
Ұйымдастыру кезеңі | Психологиялық дайындық
Қол ұстасып бәріміз, Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ «Бокс» 2-топ «Күрес» 3-топ «Футбол» 4-топ «Баскетбол» Үй тапсырмасын тексеру: Сиқырлы сұрақтар -Гиннестар кітабы дегеніміз не? Гиннес рекордтар кітабы — әлемдік рекордтар енетін жылдық жинақ. Гиннесс кітабына адамның, жануардың, табиғаттың т.с.с. жеткен жетістіктері, өзгелерден ерекшелендіретін күйі, қалпы жайлы жазылады. Алғаш рет Гиннесс кітабы 1955 жылы ирландтық «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивер сэрдің тапсырысы бойынша жарық көрген.Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылып шығарылады. 2003 жылы «Гиннесстің рекордтар кітабының» таралымы 100 000 000 данаға жеткен. -Гиннес кітабына кірген қазақ кім екен? -Ол қандай ерлік көрсетті? -Бұл ерлікті Тоқтар сынақшы-ұшқыш ретінде қандай ұшағымен жасады? |
Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Өткен сабақтың сұрақтарына жауап береді. |
||
Тұсаукесер | Сурет бойынша жұмыс
-Бұл кім? — Бекзат Саттарханов туралы не білесіңдер? -Тағы қандай спорт жеңімпаздарын білесіңдер. -Өз сыныбыңыздан спорттың түрі дзюдоға қатысатын аудан көлемінен,облыстан орын алып жүрген сыныптасыңызды айтуға болады. |
Сурет бойынша әңгімелейді.
Спорт жеңімпаздарын туралы әңгімелейді. |
||
Негізгі бөлім | «Бекзат» мәтін авторы Қ.Рысбекұлымен таныстыру
Қыдырбек Рысбекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Ол қысқы спорт түрлерінен республикалық жоғары сынып шеберлігі мектебінің директор, белгілі спорт журналисті. Мәтінді бөліктерге бөліп 4-топқа беру. -Оқушылар өздеріңізге таныс емес сөздерді түртіп алып отырыңыздар. Сөздік жұмыс жүргізіп отыру Сидней — Австралияның ең үлкен қаласы. Сидней Аустралия құрлығындағы алғашқы еуропалықтар келгелі бері пайда болған алғашқы қала. Қала 1788 жылы құрылған. Бөліктерді оқу,түсіндіру. Бекзат Саттарханов өмірімен таныстыру. 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада әлем чемпионы америкалық Рикарду Хуаресті 22-14 есебімен жеңіп туымызды көкке көтеріп, олимпиадада чемпионы атанды. Бекзат туралы бейнежазба көрсету. 1минут үнсіздік Бекзатты еске алу. Өкінішке орай Бекзат 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні автокөлік апатынан қаза тапты. Оқулықпен жұмыс •Мәтінді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. • Мәтін мазмұнымен жұмыс — Алаңға кімдер шықты? Топтық жұмыс 1-топ Бекзатты сипаттау. 2-топ Бес жолды өлең 3-топ Сәйкес фотоны тап 4-топ Маңғыстаудан шыққан спортшыларды жазу. «Чемпиондар» әні Жұптық жұмыс «Иә ,жоқ» Сұрақтары: 1.Б.Саттарханов олимпиада чемпионы. 2.Рикардо Хуарес жеңіске жетті. 3.Бекзат қазақ баһадүрі. 4. Олимпиада Қазақстанда өтті. Жеке жұмыс. «Ұйқасын тап» Де,де,де Олимпиада болды …Сиднейде Ді,ді,ді Рикардо өте сенімді Қыр,қыр,қыр Бекзаттың ойы ұшқыр Төрт,төрт,төрт Есеп 15:4 Лы,лы,лы Бекзат халықтың ұлы Лу,лу,лу Ойсыз бокс-орға жығылу. Әрбір орындалған тапсырмаға топ басшылары бағалап отыруды ұмытып кетпеңіздер. Дәптермен жұмыс Мәтіннен соңғы азат жолды тауып жазыңдар. |
«Бекзат» мәтін авторы Қ.Рысбекұлының өмірімен танысады.
Бекзат Саттархановтың өмірімен танысады.
Сөздік жұмыс жүргізеді Баһадүр – батыр. Құлжаның асығындай-арқардың еркегі,ірі,мықты деген мағынаны білдіреді
Дулыға-батырлар соққыдан қорғау үшін ,сарбаздардың ұрысқа кірерде бастарына киетін темір қалпағы.
Мәтін мазмұнымен танысады.
Тізбектеп оқиды.
Сергіту сәтін жасайды Сөздікпен танысады.
Дәптеріне Бекзат Саттарханов туралы жазып алады.
Өлеңнің ұйқасын тауып отырады. |
||
Қорытынды
Үйге тапсырма |
«Кім тапқыр?» ойыны.
Топтан бір оқушы шығады,оған көрсетпей басына сурет жабыстырылған корона киеді. Отырған оқушылар сол суреттегіні ыммен,қимылмен көрсету керек. Доп.Коньки.Шаңғы.Секіртпе. Доп-мяч-ball Коньки-коньки-skating Шаңғы –лыжи-skiing Секіртпе –скакалка-skipping ropt -Бүгінгі танысқан жаңа сабағымыз қалай аталады? — Мәтінде кім туралы әңгімеленеді? — Оның қарсыласы кім?
Бағалау. Топ басшылары ұпай санын санап айтады. Қорытындылайды .Жеңімпаз топты анықтайды. Бекзат туралы қосымша мәліметтер жинап келу. |
Сұрақтарға жауап береді.
Ойынға белсене қатысады. |
||
Кері байланыс | «Бес саусақ әдісі»
Бас бармақ-Бүгін не үйрендім? Балалы үйрек-Сабақ саған ұнады ма? Ортан терек-Бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек-Кімге көмектестім? Кішкентай бөбек-Сабақ қызықты болды ма? |
|||
[bws_related_posts]