Басы » Биология » Тамыр жүйесі және түрлері

Тамыр жүйесі және түрлері

Сабақтың тақырыбы: Тамыр жүйесі және  түрлері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік:  Оқушыларға тамыр бөлімдері туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, өсімдіктерді қорғау, өз  қажетімізге пайдалана білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Ойлау операциялары арқылы оқыту.

Сабақтың түрі: Зерттеушілік тұрғыдағы жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: экология.география

Сабақтың көрнекілігі: қауын,карбыз,сәбіз т.б өсімдіктердің  суреттері, кеппешөптері,слайдтар,сызбалар ,оқушыға көмекші материалдар топтамасы

          

 

Сабақтың ақпараттық картасы:

Проблема қою.        Жаңа сабақ
Тексеру
Проблеманы шешу жолдары
Соңғы     сөз
Ақпарат жинақтау
Гипотеза ұсыну
Қайталау-оқу анасы.       Үй тапсыр масын тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

1.Оқушылармен амандасу,түгендеу.

2.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)  Биологиялық диктант

 Өсімдіктің тұқымы топырақтан өніп шыққаннан кейін жер бетіне   жапырағы бар  сабағы  қылтиып шығады, мұны …………дейді.    Тұқымның өсіп- жетілуі үшін ………… ,……….., ………    қажет.  ……… – тұқымның  бөртуіне және өніп шығуына қажет.Тұқымның

жасушасында суды  сіңіретін  ……….. , ………… заттар көп.  ………- тұқымның өнуі үшін қажет.       ………- өсімдіктің өніп –өсу процесіне қатысады.           Топыраққа  тұқымды себу тереңдігі ……….және ………….мөлшеріне байланысты болады. Көбінесе тұқымды сепкен кезде,тұқымның мөлшерінен ……….тереңірек егу керек.Өсімдіктердің ………….. қажетсінуі бірдей бола бермейді. ……………… дегеніміз-ұрықтан өскіннің дамуы.

ІІІ.Жаңа сабақ.Білгенге маржан(15 минут)

 

І топ . Негізгі тамыр тобы.

ІІ топ.Жанама тамыр тобы.

ІІІ топ.Қосалқы тамыр  тобы.

 

І топ.Негізгі тамыр жүйесі  тобы.Кітаппен жұмыс.Тамырға сипаттама.

ІІ топ.Жанама тамыр тобы.Тамырлар шығу тегіне қарай бөлінуі. Тамыр жүйесінің бөлінуі.

ІІІ топ. Қосалқы тамыр  тобы.Тамырдың қызметі

Гипетоза ұсыну  (5 минут).

Оқушылар жұмысы бойынша сөйлейді .

Тексеру кезеңі (15  минут)

І топ . Негізгі тамыр жүйесі  тобы.

            Өскін тамырының сыртқы құрылысын зерттеу.Қажетті құралдар:кіндік тамыр жүйесі бар қауын,қарбыз, сәбіз, бақбақ,жоңышқа  және т.б. өсімдіктердің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса  алдын-ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс,үрмебұршақ,асбұршақ).Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі  шыққанға дейінгі ыдыстағы  суға пиязды орналастырады.10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын  топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.

Орындалатын тапсырмалар

1.Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын,қарбыз, т.б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып ( негізгі тамыр, жанама тамыр,қосалқы тамыр) суретін салып, аттарын жазыңдар.

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10-15 күн бұрын)                   қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.

3.Шашақ тамыр жүйесін бидай,жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.

4.Алдын ала  бұрын топыраққа көмілген сәбіздің кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.

5.Кіндік тамырлар мен шашақ  тамыр жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып,оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

ІІ топ. Жанама тамыр тобы.Тірек-сызбамен жұмыс

ІІІ топ. Қосалқы тамыр  тобы.Сөзөрімді шешу.

ІV.Соңғы сөз.

  1. Бағалау.Бейнет түбі-зейнет (Оқушылардың білімін бағалау)
  2. Үйге тапсырма: Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *