6-сыныбы
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Бейбитова Балжан Мураткызы
Сабақтың тақырыбы: Зигфрид Ахметұлы
Мақсаты: : Әңгімені талдай отырып, Зигфридтің мінез-құлқын, Ахметтің бала тәрбиелеудегі еңбегін оқушылар санасына сіңіру.
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға дағдыланады.
Күтілетін нәтиже:Зигфридке сын тұрғысынан баға беріп, ой – пікірін білдіре алады. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды. Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Серпілген сауал, миға шабуыл,РАФТ әдісі, салыстырмалы кесте, постер қорғау, ойлаудың алты қалпағы
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, тақта, тілек ағашы,стикерлер, ноутбук,бейнекөрініс
Кезеңі | Мұғалімнің әс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Кіріспе
Тренинг
Топқа бөлу |
Сәлемдесу
«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. /Достық, бірлік, татулық/
|
Оқушылар ортаға шығып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілеп, тілек айтады
Топқа бөлінеді. |
||||
Үй тапсырмасы
«Серпілген сауал» әдісі бойынша |
1. Шығарма неліктен «Бір атаның балалары» деп аталған?
2.Шығармада қай кездегі оқиға баяндалады? 3. Ұлы Отан соғысының зардабы туралы не білеміз? 4.Ауылға әкелген жетім балаларды бөлу кезінде Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неліктен туындады? 5.Нартай мен Ертайды бөлу кезінде қандай қиындық туды? 6. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті? 7. Шығармада қазақтың қандай салт-дәстүрлері кездеседі?
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға оқыған шығарма мазмұны бойынша толық жауап береді. | ||||
Тұсаукесер | Бейнекөрініс «Ұлттар достығы» Бейнекөрініс не туралы?
Бейнекөріністің біздің сабағымызбен байланысы қандай?
|
Бейнекөрініс бойынша сұрақтарға жауап береді. | ||||
Негізгі бөлім
Мағынаны тану
Қорытынды
|
Шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілі кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз.
Бүгінгі сабағымызда немістің баласы Зигфрид туралы талқылаймыз. 1. Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі неде деп ойлайсыңдар?(толықтыр, пікір қос)
2. Зекен әке үмітін ақтай ала ма? (пікір айт)
Топпен жұмыс.
1-топ РАФТ әдісі бойынша Зигфридтің қазақ балаларына арнау хаты
2-топ Салыстырмалы кесте
3-топ Постер қорғау. « Қазақстан-бауырмал ел»
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі 1-топ. «Сары қалпақ» жетістік. Шығарманың тәрбиелік мәнін баяндап, қазақ халқының артықшылығын айтады 2-топ «Қара қалпақ» жағымсыз. Шығарманың жағымсыз кезеңдерін айту. Қандай проблема оқиғалардың ақиқат екенін , өмірмен байланыстырады. 3-топ «Көк қалпақ» қорытынды жасау. Шығарманың аяқталуын баяндап, Зигфридтің болашағы туралы болжам жасайды.
Ой толғаныс Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс — әрекеттерді саралау /Оқушылар жеке ойларын айтып шығады/
• Тілін кәлимаға келтірді • Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
|
Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.
Иә, Зекен Ахмет атаның туған ұлындай болып кетті. Себебі Зекен ақылды бала. Әкесі оны өгейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметұлы болып қала берді. Қарт әке — шешесін асырайды.
Үш топ өзіне берілген тасырманы орындап шығады. Тақтаға шығып қорғайды.
Зигфридтің ауыл балаларына арнап жазған алғысы
Екі дәуірдегі жетім балаларды салыстыра отырып, ойларын айтады.
Постерге қазақ халқының бауырмалдығын ашатындай мысалдар жаза отырып,тақырыпты қорғайды.
Әр қалпақ өзіне тән түс арқылы берілген сұрақтар бойынша ойларын қорытындылайды. |
||||
Рефлексия | Екі жұлдыз, бір тілек
|
Тілек ағашына сабақтан алған әсерін іледі | ||||
Бағалау | Топ басшылары бағалайды. | Қорытынды баға қойылады | ||||
Үйге тапсырма | Эссе «Мен соғысты жек көремін!» | Эссе жазады. |
[bws_related_posts]