Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Есімше, көсемше
Мақсаты:
а) Білімділік: Есімше мен көсемше — етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің, көсемшенің жасалу жолдары, есімшенің, көсемшенің жұрнақтары туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Студенттерге жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету.
б) Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Есімше мен көсемше туралы кең түсінік алады, бір-бірінен ажырата біледі, дұрыс қолдана алады. Студенттер жаттығулар орындау кезінде бірлесіп жұмыс жасай алады.
Бұрын меңгерілген білімдерін естеріне түсіру арқылы СКТТ-ның сызба тірегін пайланады.
Сабақтың түрі: Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.
Көрнекілік: оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша, презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;
ә) Сабаққа қатысын тексеру;
ІІ.Студенттердің үй тапсырмасына дайындығын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (СКТТ бойынша):
Есімше — есім сөздер сияқты түрленетін (көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғауды қабылдайтын), қимылдың мезгілге, шаққа қатысын білдіретін етістіктің түрі.
Есімшенің жасалу жолдары:
- -ған, -ген, -қан, -кен: барған, жүрген, айтқан
- -атын, -етін, — итын, -итін: баратын, келетін, оқитын
- -ар, -ер, -р: барар, оқыр, келер
- -с: келмес, айтпас
- -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек: бармақ, келмек, айтпақ
Есімшенің түрленуі
- көптік жалғау: барған+дар; баратын+дар
- септік жалғау:
Атау
Ілік Батыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес |
білген
білген+нің білген+ге білген+ді білген+де білген+нен білген+мен |
жүретін
жүретін+нің жүретін+ге жүретін+ді жүретін+де жүретін+нен жүретін+мен |
- жіктік жалғау:
Мен айтпақпын
Сен айтпақсың Сіз айтпақсыз Ол айтпақ |
Біз барармыз
Сендер барарсыңдар Сіздер барарсыздар Олар барар |
- тәуелдік жалғау:
Менің білмегім
Сенің білмегің Сіздің білмегіңіз Оның білмегі |
Біздердің көретініміз
Сендердің көретіндерің Сіздердің көретіндеріңіз Олардың көретіні |
Көсемше — негізгі қимылды білдіретін, сондай — ақ негізгі қимылды көрсететін, қосымша қимылды айқындайтын етістік түрі. Мысалы: Әркім өз ойын айтып жатыр.
Көсемшенің жасалу жолдары:
- -ып, -іп, -п: айтып, келіп, барып.
- -а, -е, й: айта, келе, қарай.
- — ғалы, -гелі, -қалы, -келі: айтқалы, келгелі, барғалы.
Көсемшенің түрленуі:
- Көсемше көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды.
- -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтарынан жасалған көсемшеге жіктік жалғауы жалғанбайды.
- Жіктік жалғауы:
Мен айтамын
Сен айтасың Сіз айтасыз Ол айтады |
Біз айтамыз
Сендер айтасыңдар Сіздер айтасыздар Олар айтыды |
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі:
- 1. Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда көсемшебаяндауыш қызметін
атқарады. Мысалы: Біз ақырын әңгімелесіп келеміз (не істеп келеміз?)
- Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріппысықтауыш қызметін атқарады.
Мысалы:Қасқырлар жылқыға топтанып (қалай?) келіп шапты.
Оқулықпен жұмыс
102 — жаттығу. Сөйлемдерден есімшелерді табыңыз, жұрнақтарының астын сызыңыз, жіктелуіне көңіл бөліңіз.
104 — жаттығу. Есімшелердің болымды, болымсыз мағыналарын ажыратыңыз, олардың берілу жолдарын анықтаңыз.
107 — жаттығу. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше формалы 15-20 етістік жазыңыз, олармен сөйлем құраңыз.
108 — жаттығу. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін тауып, жасалу жолын анықтаңыз, сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма. «Қобыз сазы» тақырыбы бойынша әңгіме дайындау.
Бағалау.
[bws_related_posts]