Оқу іс –әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тобы: Мектеп алды даярлық , ересек топтар
Күні: Қараша ІІ аптасы Тәрбиеші: НауқанбаеваА
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: «Көңілді күлдіргіштер»
Мақсаты: Балаларды қиялдағы жағдайға кіруге, қимылдардың жаңа түрлерін үйрету. Қимыл –қозғалыс жағдайларда жылдамдығымен жеңілдігіне үйрету. Тепе-теңдік сақтауғадағдыларын жетілдіру. Бұлшық еттерін дамыту.
- Балаларды көздеген мақсатына жету үшін қалай әрекет етуге үйрету.
- Қоршаған орта туралы ұғымдарын кеңейту және тереңдету.
Құрал-жабдықтары: Төсеніштер, қолшатыр, доптар, кубик, жастық.
Көрнекілік: Шар, лотос гүлі қағаздан, ілгектен, түрлі-түсті қарандаштардан жасалған массаждар.
Іс- әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Бір қатар саппаен спорт залға кіру. Өз орындарына Сәлеметсіздер ме. Балалардың көңіл күйін сұрау. Саяхатқа шығып балалармен табиғат аясында әңгімелесу. Өзен бойын келіп балықтар туралы сұрау. | Балалар саппен залға кіреді. Сәлемдеседі. Бірігіп жаттығу жасайды. |
Сергіту жаттығулары: МАД тобы.
1. «Балық аулау» жаттығуы. Балалар саппен келіп төсенішке өз орындарына тұрады. Төсенішке отырып жетекшінің жаттығуды көрсетуі арқылы орындалады. Аяғымызды қосып алдыға соза отырамызда, екі қолды бір-біріне қосып еңкейе аяқтың ұшына қолын тигізу. тигізгеннен кейін б.қ қа келу.
|
||
Іздену ұйымдастырушы | «Доппен» жаттығуы.
Допты қолға аламызда тізені жоғары көтеріп допқа тигізу. Төсенішке отырып допты аяқтың ұшына қысып өзіміз жалқамыздан жатып аяқты жоғары көтеріп допты қолмен соза алып қайтадан жаттығуды жалғастыру. Сергіту жаттығулыры: Ересек топтамен. «Қаз» жаттығуы: Балалар төсеніште тұрып аяқты жоғары көтере жүру және оң, сол жақ жанына еңкейе «ыс-ыс, ыс-ыс» деп қаздың даусын салады және б.қ қа келу. «Жастық» жаттығуы: Жастықты жоғары лақтырып қайта қағып алу.Жастықты қолына ұстап екі қолын жоғары көтеріп оң, сол жаққа жел ескендей тербеледі және б.қ қа келу. «Сиыр» жаттығуы. Төсеніште бір орында тұрып аяқты жоғары көтере жүру. Қолдарын бастарына мүйіз қылып қойып қимыл жасайды. Оң және сол жаққа бұрылып «му-му» деп сиырдың даусын салады және б.қ келеді. «Қолшатыр» жаттығуы. Қолшатырды аламызда ашқанда тұрып, қолшатыр жапқан кезде отырамыз. Қолшатырды ашып жерге қоя қолшатырды айнала жүгіріп жүру және бағытты ауыстырып тұрамыз. Ендігі жаттығуымыз қолшатырмен тығылыспақ ойынын ойнау оң және сол жаққа алма кезек қолшатырдан қарау. |
Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады. Жаттығулар 5-6 рет қайталанады. |
Рефлекскі коррекциялаушы | Тыныс алу жаттығулары.
«Флешмоб» Боги-боги
|
Тыныс алу жаттығуларын жасайды. |
Нені біледі: Жаттығуларды орындау.
Қандай түсініктерді игереді: шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдыққа.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жетекшінің нұсқауымен негізгі іс-әрекетті меңгереді
[bws_related_posts]