Басы » Баяндамалар » Елбасы сенімі – ел сенімі

Елбасы сенімі – ел сенімі

Күні: 30.11.2016

Тақырыбы: «Елбасы сенімі – ел сенімі»

Мақсаты:

  1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

1-жүргізуші

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

2-жүргізуші

Елімнің атын айтсам — Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

1-жүргізуші

Приветствуем тебя, Наш солнечный,

Наш гордый Казахстан!

Наша любовь, Наша Отчизна,

Наш край родной, Наша земля, Наш дом родной!

Наша страна, где солнце всходит,

Где президент с народом за одно,

Где жизнь страны, народа, президента,

Цветет под солнцем золотым!!!

 

2-жүргізуші

Елбасының қазақ елі тарихындағы аса маңызды орнын қазір де, болашақта да анықтап тұратын бір күн қазақ тарихында болу керек еді, сол бір күн 1 желтоқсан болып күнтізбелік тарихтың жылдар жылнамасынан орын алды.

 

1-жүргізуші

Еліміз жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын алаңдаушылықпен күтіп отырған кезде тұрақтылық тұғырымен, білекті, бірлікті жаңғырту жобасымен Қазақ ССР-ның 1990 жылғы «Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру туралы» құжатында және 1991 жылы Қазақ Конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша мемлекет басшысы президент болып жарияланды.

 

2-жүргізуші

Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Еліміздің тұңғыш президенті күні құтты болсын!

 

1-жүргізуші

Мы приветствуем Вас на торжественном мероприятии, посвященном к Дню первого президента страны!

 

2 жүргізуші:

Қазақстанның кемел болашағын қалыптастыруда қажырлы еңбек етіп, Елбасының ел алдына қойған бағытының ілгері басуына, білім сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда Ақтөбе қаласындағы №37 орта мектебі де өз үлесін қосуда.

 

1 жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Абуова Қарлыға Қоғабайқызына беріледі.

 

2-жүргізуші

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз!

(Хор: Нұр Аға)

 

1 жүргізуші:

Тәуелсіздіктің25 жылында  Қазақ­стан әлемнің азулы мем­лекеттерінің қа­тарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Президентінің ұсы­ныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнық­тырудың көзіне айналды. Осылай қазақ халқының етектегі басы төрге шықты. Н.Назарбаев жаһандық сая­саттың шең­берінен сөз алды. Дауысы Алатаудан асып, Сарыарқадан шығып, кәрі Каспийден өтіп, Алтайды айналып Біріккен Ұлт­тар Ұйымының шеңберінен бір-ақ шықты. Ғасырға бергісіз 25 жыл­дың ішінде қазақ деген ұлтты, Қа­зақстан атты мем­лекетті кәрі Европа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындады.

Қазақстан Республикасының Президенті туралы слайд

 

2-жүргізуші

“Мен үшін –елімді дамыған елдердің санына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ! Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің президенттік те, перзенттік те парызым

 

1-оқушы: (7 — 9слайд)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Іле Алатауының бауырайындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

2-оқушы: (10 слайд ) Жастық шағы

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: (11 слайд) Кемел кезеңдері

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

 

4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
5 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел ету  арман- мүддесінің жүзеге асырыла бастаған күні деп те қастерлеуге тиістіміз. Сол мәңгілік ел болудың бір алғы шарты болып саналатын «Қазақстан-2030» стратегиясы Елбасының алысты аңдаған, болашақты болжаған, келешекке көрегенділікпен көз тіккен, бүгінімізге бел шешіп, ертеңімізге еңсемізді тіктеп барар жолымыз еді. Солай болды және солай болып та келе жатыр!

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату.


2 жүргізуші:

Н.Назарбаев экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындат­ты. Нарықтық қатынастарға бейім­делген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай қысқа  мерзімнің ішінде Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарына енді. Бұл күні кеше тоталитарлық жүйенің, экономикасы таза шикізат көзіне тәуелді мемлекет үшін экономикалық бұғауды үзіп шық­қанмен бірдей еді. Сондықтан да Елбасы: «Әуелі – экономика, сонан соң саясат», – деді. Бұл өз жемісін берді. Қазақстан әлем өркениетінің озық тә­жірибесін игерді. Оны Қазақстан жағ­дайына лайық жүйеге түсірді.

 

1 жүргізуші:

Процветание городов, улучшение благосостояния народа, развитие экономики, мир в нашей многонациональной державе еще раз доказывают, что все эти преобразования свершаются под руководством нашего Президента Н.А. Назарбаева.

 

6 оқушы:

Фильм аты: Балалық шағымның аспаны

Шыққан жылы: 2011

Қазақ фильмі Рөлдерде: Бибигуль Тулегенова, Ержан Жарылкасынов, Нуржуман Ихтымбаев, Алмагуль Алишева, Наталия Аринбасарова, Елжас Альпиев, Абильмансур Сериков, Нурлан Алимжанов. «Балалық шағымның аспаны» фильмі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, есею жолдары туралы туынды. Фильм желусу Елбасымыздың «Әбілеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде» кітаптарының негізінде жасалған. Көркем туынды басты кейіпкердің дара болмысын, қайраткерлік мінезінің қалыптасуын, алғашқы табыстарын, үкілеген үміті мен асыл арманын баян етеді. Бас кейіпкер — бала Сұлтан ұшқыш болуды армандайды. Мектеп бітірген жылы Киев азаматтық авиация институтына оқуға да түседі. Алайда, тағдыр жолы оны басқа биіктерге бастайды…

 

7 оқушы:

Фильмнің аты: Елбасы жолы

Шыққан жылы: 2013

Рөлдерде: Нұржұман Ықтымбаев, Жан Байжанбаев, Наталья Арынбасарова, Арман Асенов, Төлепберген Байсақалов, Мария Голубкина, Азамат Әшімов, Дәурен Серғазин, Бақытжан Әлпейісов, Сергей Шакуров, Нұрлан Әлімжанов, Виктор Сухоруков, Валентин Гафт, Валентин Кузнецов, Ержан Түсіпов Суреттеме:

Бұл фильм 2011 жылғы «Балалық шағымның аспаны» драмасының жалғасы. «Елбасы жолы» киноэпопеясында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолы баяндалады. Фильмде басты кейіпкер Теміртауға келіп, металлургтар қаласының құрылысына атсалысады, кейін Украинаның Днепродзерджинск қаласына оқуға аттанады. Ол жаңа достар табады, жаңа ұстаздармен танысады. Дипломды қолына алғаннан кейін Отанға оралып, кәсіби еңбек жолын бастайды.
Қазақ биі: Рамазанова Әсел

 

1 чтец:

О, народ мой, поведать позволь,

Как из пепла страна возраждалась,

Как, пройдя сквозь потери и боль,

Пусть с трудом, но с колен поднималась!

Как по ней реки крови текли

И как горы от стонов дрожали,

Как казахи за счастье земли,

Не страшась свою жизнь отдавали

Умирали с надеждой в глазах,

Что их дети, а может быть, внуки

Смогут гордо сказать: «я – казах!»

И ласкать будут слух эти звуки.

Ах, как много пришлось испытать,

Но ты гордых колен не сгибала

Я люблю тебя, Родина-Мать,

Что рабою ты все же не стала.

Суждено было сбыться мечтам,

Закалился, окреп дух народный

И из пепла восстал Казахстан

Независимый, гордый, свободный.

 

2 оқушы:

Неткен дала япырау жатқан мынау далиып,

Бір жағында Көкшетау, бір шетінде Алтай ағиық.

Бір шетінде Қаратау- қарт тарихтың куәсі,

Бір шетінде Алатау-  жасыл жаннат жерұйық.

Қарт бабам қанмен суарған бұл даланы

Қасиетін қадірін есейген соң жаңа ұқтық.

Жақсылықтан басқа оның түк келмейді қолынан

Мынау жұмыр жаһанға жалқы біткен жарықтық

Бәлкім, біздің бабалар басын тауға, тасқа ұрып

Дүлей дауыл кетсе кенет асқынып,

Дархан дала дастарханы желмен ұшып кетер деп

Төрт бұрышын төрт таумен қойды ма екен бастырып!?

 

3 оқушы:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?

 

4 оқушы:

Төрелігін Нұрсұлтандай ағамның,

Мықтылары мойындады жаһанның.

Ту қадаған төбем шыңмен таласып,

Бейқұт, бейбіт бақ қонған жұрт атандым.

Жұлдыз біткен жерге түсіп ақшамда,

Елорданың атын жазды аспанға.

Қисайғанды қиуына келтіріп,

Кемеңгерлер ақыл табар сасқанда.

Тәуелсіздік баршамызға жарық күн,

Бауырмалды мінезімді таныттым.

Ұлылығын дәлелдеді Елбасы,

Қазақ деген қаны таза халықтың.

Ғалам заттың қал-құлт етіп шырағы,

Иман қашты қалқандай боп құлағы.

әлем мұқтаж игіліктің жолында,

қайнап жатыр қазақы рух бұлағы.

Бала демес тар өткелде тапса амал,

Қызыл тілмен талқандаған тас қамал.

Қазыбектер қара қылды қақ жарып

Он үшінде-ақ билік айта бастаған.

Біз кешпеген жерде қорлық қалды ма?

Адам болсаң қуан енді, қалғыма!

Келіп жатыр түгел төрт күл дүние

Төле бидің төңкеріліп алдына

Түйе байлап, би байлап бағына

Кірісті ме қонақ күту қамына

Ағалығын ағайына көрсетіп

Даналығын асырады тағы да.

 

 

8- оқушы

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей атом полигонын өз Жарлығымен жауып, өз қолындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартуын бүгінгі Адамзат пен жалпы өркениетті ядросыз әлем құруға шақырған батыл да ізгі қадамның басталған күн. Біз, қазақстандықтар өз Елбасымызды «ядролық әлем құрудың бас архитекторы» деген пікірімізді нықтай түсеміз.

 

9-оқушы

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейне үндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.

10 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мәңгілік атап өтер де, бұл күнді ХХІ ғасырдың алып та, көрнекті тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел болуға бастаған күні деп те әспеттей беретіндіктеріне де бек сенімдеміз.

 

2 жүргізуші:

            Нам, молодым, строить завтрашний день! И кто как не мы, должны реализовать предложенные Елбасы смелые идеи о светлом будущем. Молодежь должна приложить все усилия для индустриально-инновационного развития. «Мечта. Труд. Вера» — должен стать нашим главным девизом!

Ән: «Елім менің»

 

1 жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні тағы да құтты болсын! Тәуелсіздік Туы әрдайым биікте желбірей берсін! Осымен Президент күніне арналған  салтанатты кешті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты ұранымен аяқтаймыз: тұғырымыз – тыныштық, тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық болсын!

Сау саламатты болаңыздар!!!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *