Басы » ОМЖ/ҚМЖ » 1 сынып » Айырмалық салыстыруға арналған есептер    бет 10

Айырмалық салыстыруға арналған есептер    

Сыныбы: 1 Мұғалім Тойбахова Жадыра
Күні: 15.03.2017 Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы Айырмалық салыстыруға арналған есептер                                         Математика  15.03.2017
Сабақ негізделген оқу мақсаты (об сілт.) 1.5.1.5 Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; керіесептер құрастыру және шығару.

1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген  есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру1.4.2.2** сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген  қарапайым логикалық есептерді шығару

Сабақ

мақсаты

Барлық оқушылар істей алады  бір санның екіншіден нешеге артық немесе кем екенін анықтауды үйренеді
Оқушылардың көпшілігі істей алады айырмалық салыстыруға арналған есепке сызба құрастыруды және шығаруды меңгереді
Кейбір оқушылар  берілген есепке кері есеп құрастырады
Бағалау критерийлері Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептердің шешімін анықтайды.Кері есептер құрастырады және шығарады.
Дескриптор: Есептің шешуі болатын өрнекті анықтайды; өрнектің мәнін табады;есептің жауабын жазады; есептің шартын толықтырады; кері есептің шешуін өрнек түрінде жазады; есептің жауабын жазады.
Тілдік мақсаттар Есеп, шарты, сұрағы, шешуі, жауабы,артық, кем
Құндылықтарды дарыту Топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту
Пәнаралық байланыстар Сауат ашу, көркем еңбек, дене шынықтыру
АКТ  қолдану дағдылары Слаид
Бастапқы білім Осыған дейінгі сабақтардағы  білім біліктері мен күнделікті өмірде қолданатын сөздері
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері, уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
 

 

 

 

 

 

 

Басы

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру

Қызығушылығын ояту. Кіріспе тапсырма «Шынжыр» ойынын ойнату:бірінші оқушы санды атайды,мен келесі санның 2-ге артық екенін айтамын, басқа оқушы сол санды атайды, мен  тағы шарт қоямын,мысалы

3-ке артық,келесі оқушы сол санды айтады. Егер оқушы қателессе келесі оқушы жалғастырады.

Тақтаға екі оқушыны шақыру. Біреуінің қолына 5,екіншісіне 7 қарандаш беріп, қолдарын артына ұстайды. Мен бір оқушының қарындашының 2-ге артық екенін хабарлаймын. Жауап нұсқаларын тыңдаймын. Екеуі де қолындағысын көрсетеді. 7-нің 5-тен екеуі артық екенін қалай білуге болады?

-Қандай математикалық амалды қолдандың? Азайту

-Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? Айырма.

 

Ұжымдық жұмыс Оқулықтағы ережемен таныстыру.  Тақтаға алдын ала іліп қою. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою:

-Бірінші кесіндіде қай сан белгіленген?

Екніші   кесіндіде қай сан белгіленген?

Неге бірінші кесінді екінші кесіндіден қысқа?

Нені міндетті түрде білу керек?

Мұны қалай білдіңдер? Қай амалмен?

6-ның 4-тен нешеуі артық?

4-тің алтыдан нешеуі  кем?

ҚБағалау: «Мадақтау сөздері»  Кб- Қорытынды бір сан екіншіден нешеге артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек.

 

 

 

 

 

 

Демонстрация

лық материал

 

 

 

 

 

Есептің шарты, сызбасы жазылған парақ

 

 

Ереже жазылған парақша

 

 

Ортасы

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

Топтық жұмыс: «Қай топ киіз үйді бірінші құрады?» топтық тапсырмалар беріледі, бірінші шығарған топ киіз үйін құрады. 1-топ: «Кесінділер» Жасыл кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан қаншаға артық екенін анықта. – Әр кесінді неше бөлікке бөлінген?   Жасыл кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан қаншаға артық ?

Жауабы. 10-8=2 (артық)

2- топ:  «Ойыншықтар»  Сызбада не көрсетілген? Айтып бер. Есепті шығар. Суреттен қуыршақты сана, сызбада қай жерде тұр?

Аюды сана , сызбада қай жерде тұр?

Аю артық па, қуыршақ артық па?

Есептің сұрағын оқы.

3- топ   «Шығарып  көр» Сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығар..

Қаншаға артық немесе қаншаға кем?

Бағалау: «Үш шапалақ»   Кб-сұраққа жауап

 

Топтық жұмыс «Орындап көр»  Суреттер бойынша есеп құрастыр

Бағалау: «Қол сигналы»     Кб-сұраққа жауап

 

 

Жеке жұмыс «Ойлан» Есептің шешуі қайсы?

«Үндемес» ойыны арқылы шығарту. Іштей оқу . Дұрыс жауаптың қасына қарындашты қояды. Өз таңдауын түсіндіргісі келетін оқушыларға сөз беру Бағалау: «Смайликтер»     Кб-сұраққа жауап

 

Дәптермен жұмыс  67- жұмыс парағы     Айырмалық салыстыруға арналған есептер    1. Өз бетінше орындау — Фигурадағы сандар- үшбұрыштың ішіне қажетті санды қой. Жауабы:2,3,0 —  Үлгі бойынша тексеру

2.Жұппен жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» Мәшинелер-сызбаны толықтыр, есепті шығар.8-2=6 (Мәшине)- дайын жауап арқылы тексеру

3. Үш дос- сұрақтарға жауап бер, жауаптарын жаз 2 жас;5 жас;3 жас –қб-«Жетістік баспалдағы»

68– жұмыс парағы  Салыстыр және шығар

1.Бақбақ пен қырмызыгүл.сызбаны құрып есепті шығар-жеке жұмыс

9-6=3 (сағ)

3. Ұжыммен  жұмыс Жоғалған сандар-түсіп қалған санды қой-1;6,3; 3,4,1;

ҚБағалау «Жетістік баспалдағы»

Жеке тапсырма:( сараланған)

1-тапсырма Есептің шешуін тауып, сәйкестендіріңіз.

Сөреде бірнеше кітап тұр еді. Оған 4 кітап әкеліп қойғаннан кейін, сөреде барлығы 10 кітап болды. Сөреде неше кітап тұрған еді?

Жауабы:

Дескриптор: Білім алушы есептің шешуі болатын өрнектіанықтайды;

— өрнектің мәнін табады;

— есептің жауабын жазады.

2-тапсырма Жоғарыда берілген деректерге сүйеніп, есептің шартын толықтырыңыз жәнеесепті шығарыңыз.Сөреде кітап тұр еді. Оған бірнеше кітап әкеліп қойғаннан кейін, сөреде барлығы кітап болды. Сөреге неше кітап әкеліп қойды?

Дескриптор: Білім алушы

— есептің шартын толықтырады;

— кері есептің шешуін өрнек түрінде жазады;

— есептің жауабын жазады.

Есепке арналған сызба

 

 

Ойыншықтар

суреттері

Есептің шарты, сызбасы жазылған парақшалар әр топқа

 

 

 

слаид

 

 

Сюжетті суреттер

 

оқулықтағы иллюс.

 

Жұмыс дәптері

 

Слаид

 

 

Жұмыс дәптері

 

Жеке  тапсырма

Жинағы

Соңы 3 мин Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін сұраққа жауап алу  -бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табу үшін не істеу керек?

«Гүлді алаң» тапсырмасы:  Түйеқұс 3 метрге, ал кенгуру 9 метрге секірді. Кенгуру түйеқұстан неше метр артық секірді? Түйеқұс кенгурудан неше метр кем секірді?

Рефлексия   «Бағдаршам»

 

 

 

Бағдаршам көздерінің түсіне сәйкес қағаздар

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау

«Шынжыр ойыны»

«Кесінділер»

«Ойыншықтар»

«Шығарып көр»

«Орындап көр»

«Ойлан»

Бағалау :  Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Ұжымдық жұмыс — мадақтау

Топтық жұмыс – қол сигналы

Жеке жұмыс-смайликтер

Жұптық  жұмыс —  өзара тексеру

Жеке ж ұмыс — дайын жауап

Дәптермен — жетістік баспалдағы

Рефлексия   «Бағдаршам»

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Сыныптағы ахуал қандай болды?

— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

— Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

— Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *