Басы » ОМЖ/ҚМЖ » 1 сынып » Ә.Ысқабай « Көктем қандай көрікті!»

Ә.Ысқабай « Көктем қандай көрікті!»

Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ә.Ысқабай « Көктем қандай көрікті!»
Жалпы мақсаты: Мәтінді талдап,түсіну арқылы айналадағы табиғатпен,өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже: Мәтін мазмұнын айналадағы табиғатпен,адамдар тіршілігімен,өмірімен байланыстыра біледі,әңгімелеп береді,табиғатты қорғауға дайын болады.Әдеби сөйлеу мәнеріне үйренеді.
Әдіс-тәсілдер: Топтарға сұрақтар қою.
Тапсырмалар: Топқа бөліну,жеке, жұптық, топтық жұмыстар,ой бөлісу, топтастыру, жұмбақ шешу.
Сабақтың кезеңі Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі
Психологиялық дайындық — Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын

—  Күн жарығын алақанға саламын,

—  Жүрегіме басып ұстай қаламын.

—  Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,

—  Көркін ашар мына әсем даланың

-Оқушылар амандасады.

 

Топқа бөліну 1-топ Қыс            2-топ Көктем

3-топ Күз       4-топ Жаз

-Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау «Мен саған сен маған»
Қызықты сұрақтар

1.Қай бөлімді аяқтадық?

2.Қандай құс түрлерін білесің?

3.Төрт түліктің жаңа туған төлдерін ата?

4.Қайсысы оңай? Қайсысы қиын?

А) Табиғатты бүлдіру.

Б) Бүлінген табиғатты қалпына келтіру.

5.Қандай көл болмайды?

А) Алакөл,Ыстықкөл.

Ә) жасанды көл.

Б) Жаңбыр суы тамбаған көл.

6.Мына пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың ?

А)Бозторғай артық жұмыртқасын «садақа» ретінде ұясынан шығарып тастайды.

Ә) Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, басқа кезде астына сыймаған жұмыртқаларын еріксіз шығарып тастауға мәжбүр болады.

Сұрақтарға жауап береді
Қызығушылықты ояту Төрт жыл мезгілінің суреттерін көрсете отырып, төмендегі жұмбақты шешу.

Жұмбақтағы жасырын сөзді өз жыл мезгілінің жанына орналастыру.

Жұмбақ

Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті—

Төрт түсті жер үсті.

(қыс, көктем, жаз, күз)

-Осы төрт жыл мезгілінің табиғи құбылыстарына байланысты қандай тұрақты сөз тірекестері бар?

Көктем-… (туды)

Жаз-… (шықты)

Күз-… (түсті)

Қыс-… (келді)

« Көктем» сөзін топтастыру

Жұмбақты шешеді
Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оза оқу» әдісі 

 

 

«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі 

                       Бүгін біздер Ә.Ысқабай « Көктем

қандай көрікті» әңгімесімен

танысамыз.

Әли Әпекұлы Ысқабаев 06.05.1939

жылы Алматы облысы Балқан ауданында Күйген ауылда дүниеге келген. Ол-ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.ҚазҰУ-ды (1966), Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген(1969).Ұзақ жыл ауд,обл газеттерінде жұмыс істеген «Социалисттік Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болған. « Менің інім», « Солдат аға хат» , «Көмекші шопан», «Әубәкіровтер әулеті» , «Жұмыскер құмырсқа» прозалық кітаптарының авторы.

 

«Оза оқу» әдісі бойынша «Көктем қандай көрікті!» мәтінін үйден оқып келуге тапсырған болатынмын.

«Араласып кеткен оқиғалар» әдісі мәтінді бір бет қағазға теріп алып, бірнеше бөлікке (бөлімдер бойынша) бөліп, оқушыларға беремін. Әр топ сол қиындыларды дұрыс орналастыру үшін, оқушыларға әр бөлімді түсініп оқулары керек болатын.әр бөлікке ат қойып жоспар құрады. Жоспар бойынша әр топтан бір оқушы мәтіннің мазмұнын айтып шығады.

Мәтінді оқыту.Түсініксіз сөзді түртіп отырыңдар?

Мәтінді бөлімдерге бөліп,жоспар құрайық.

Жоспар:

1.Көктем келді.

2.Қыр беті көркем.

3.Көңілді балалар.

4.Сайранның көптің пікіріне қосылуы.

Дәптермен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
Қасат қар – тығыздалып қалған қатқыл қар. Хош иісіне елтіген – аңқыған жақсы иісін ұнату.

Барлық оқушылар зейін қойып, назарын салып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің автор туралы айтылған ақпараттар көзін тыңдайды. Түсінбеген сөздері, яғни сұрақтары болса қояды.

 

 

 

 

Оқушылар мәтінді үйден оқып дайындалып келеді.

 

 

Әр топ өздерін толық сипаттайды.

Топ бірігіп жұмыс жасайды.Не айту

керектігін ойластырады.

 

Мәтінді топта жеке,түсініп оқиды.

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

Сергіту сәті — Хоккейші қақпаға шайбаны дәл салса, не дейміз?

—         Шайба! Шайба! Шайба!

—         Футболшы қақпаға доп салса, не дейміз?

—         Гооооооооооооооооооооооооооооол!

—       Қысқы универсия ойынындарында  қазақстандық спортшыларға жанкүйер болғанда не деп ұрандаймыз?

-Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан! Алға, Қазақстан!

Жаттығу жасайды
Ой толғау

«Ойлан, бөліс жұптас»

 

 

 

Топтарға тапсырма беру

Көктем мезгігі саған неліктен ұнайды ?

-Мәтіндегі кейіпкерлерді ата ?

-Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің ?

— Мәтіннен Сайран сөзін кім тауып оқып береді?

Ітоп:Өлеңнің жалғасын тап.

ІІ топ: Қима қағаздар арқылы көктем бейнесін жапсырмалау

ІІІ  топ:Көктем мезгіліне байланысты шағын әңгіме жазу.

ІV топ: Көктем мезгіліне байланысты сурет салу.

Мәтін желісі бойынша берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар қайтарады.
 

IV.Қорытынды

 

 

3. «Тез тап!» психологиялық тренингі
«Көктем» сөзіндегі әр әріптен көктемге байланысты етістіктер құрастыру
К – келді
Ө – өсті
К – көктеді
Т – төлдейді, теңеледі.
Е – егеді, ериді.
М- маңырайды.

Өзін-өзі бағалауды тапсырады.

 

Өзінің не істегенін тізбелеп,бағалау.

Бағалау Өзін-өзі бағалау

Бағалау критерийі

10  —  15 – «5»

9 – 6 —  «4»

6 – 4-  «3»

Үйге тапсырма: Оқулық беті 52-бет.Мәтінді оқып,маз

мұнын айтуға.

Күнделіктеріне жазу

 

Кері байланыс  

-Бүгін мен көп үйрендім

 

-Маған ұнады /ұнамады?

 

 

 

-Мен де әлі сұрақтар бар

 

Кері байланыс жазып ағашқа жапсырады

 

 

 

 

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *