Пәні: қазақ тілі | ||||||||||||||||||||
Облыс Жамбыл облысы
Аудан Қордай Мектеп №33 Соғанды негізгі мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Абдурахманова Әлия Шынасиловна |
||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | ||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Сан есім | |||||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | Сан есімді, оның құрамы мен мағынасын біледі, ажырата алады. | |||||||||||||||||||
Сабақ
мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: | |||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: | ||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: | ||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар:
|
|||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: | ||||||||||||||||||||
Сан есім, есептік, реттік сан есім, дара және күрделі сан есім. | ||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог | ||||||||||||||||||||
· Заттың …, …, … білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есім …, …, …, … деген сұрақтарға жауап береді. | ||||||||||||||||||||
· Сан есімдер құрамына қарай …, … болып бөлінеді. … … … тұратын сан есімдер дара сан есім деп, … немесе … … сөзден тұратын сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу: | Сын есім | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар | ||||||||||||||||||
Басы
10 мин |
3 мин
2 мин
3-мин
2-мин |
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Психологиялық ахуал: Әр топ өзіне ұнаған күнді таңдайды, себебін айтады
Мен дүкенге бардым, Стикер сатып алдым. Қызыл және сары Қайсысын алсаң өзің біл. Топқа бөлу: дара және күрделі сан есім болып 2 топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы:1.8 – жаттығу 2.Берілген сан есімдерді сөзбен жазады. Олардың дара немесе күрделі екенін дәлелдейді. 9, 11, 27, 189, 640
Бағалау: өзін-өзі бағалау «Миға шабуыл» әдісі Тест 1.Заттың санын білдіретін сөз: а) зат есім ә) сан есім б) етістік 2.Екі жүз жиырма бес: а) дара сан есім ә) күрделі сан есім б) реттік сан есім 3.Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қай сөз табы: а) етістік ә) сан есім б) зат есім 4.Көкшетау, Сырдария, Асқар сөздері зат есімнің қай түріне жатады? А) жалпы есім ә)жалқы есім б)жекеше түрі 5. Сан есімнің сұрақтарын белгіле: а) қандай? қай? ә) кім? не? б) қанша? неше? нешінші? Тест жауаптары 1.ә 2.ә 3.б 4.ә 5.б Қатесіз- 2 ұпай; Сергіту сәті: Жұмбақ Бес бұтақты ағашта Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер Жанарға Қалады сонда қанша алма? \24\ |
АКТ стикер
стикер
стикер
АКТ
АКТ |
|||||||||||||||||
Ортасы
25 мин
|
7 мин
3 мин
8 мин
2 мин
3 мин |
Топпен жұмыс
«Қытайша десерт» әдісі 11-жаттығу *Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жазады. * Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді. 1-топ Кенен — айтыс ақыны. Ол 16 жасынан-ақ белгілі ақындармен айтысқа түскен. Жер бетіндегі ең терең көл — Байкал көлі. Оның тереңдігі 1637 метрден асады. 2-топ Құлан сағатына 70 километр жылдамдықпен жүгіре алады. Қазақстанда теректің 18 түрі өсіріледі. Бағалау: « Бағдаршам » әдісі
Жұппен жұмыс «Сөздер банкі» әдісі
1 – жұп 10-жаттығу. Мақалды оқиды Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз. * Сан есімдерді табады. * Мақалдың мағынасын түсіндіреді. 2 – жұп 12-жаттығу Жаңылтпашты оқиды, жатқа жазады. Жүз қырық үш қызғыш құсқа Жүз қырық үш қызғыш құс қосса, Қанша қызғыш құс болады?
*Сан есімдердің астын сызады, олардың дара немесе күрделі екенін айтады. *Жаңылтпаштың астындағы сұраққа жауап береді. 3 — жұп 13-жаттығу Сан есімдерді бір бөлек, сын есімдерді бір бөлек топтастырады. Бұлардың бір- біріне ұқсастығы мен өзгешелігін айтады.
Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, көңілді, жеті, сексен алты, терек.
Сан есім Сын есім
4-жұп 15- жаттығу Мәтінді түсініп оқиды. Қажымұқан Мұңайтпасов – әлемге танымал болған тұңғыш қазақ палуаны. Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған. 1927 жылы оған « Қазақ даласының батыры » атағы берілді. Сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жазады. Олардың дара немесекүрделіекенінайтады. \Өздеріне берілген тапсырмаларды басқаларға түсіндіреді\ Бағалау: «Бас бармақ» арқылы Кері байланыс:
|
оқулық
стикер |
|||||||||||||||||
Соңы
10 мин |
5 мин
2 мин
2мин
|
Жеке жұмыс:
14- жаттығу «ВЕНН» көрсетуі Салыстырады. Айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіп жазады. Заттың қимылын Заттың санын білдіретін сөздер білдіретін сөздер
«Ұйқасын тап» 2. «Әже» тақырыбына өлең ұйқасын табады Мені жақсы көреді, Кері байланыс: «Таңдау» әдісі 1. Мен сабақ қызықты __қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады
Үйге тапсырма: 17- жаттығу Ребусты шешеді. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрайды |
оқулық
стикер
стикер
күнделік |
|||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау- оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс. |
||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Саралау- уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады
Оқушылардың өзіндік іс- әрекетін ұйымдастыру топпен жұмыс «Қытайша десерт» жұппен жұмыс «Сөздер банкі» бірін-бірі оқыту жеке жұмыс «Миға шабуыл» «ВЕНН» көрсетуі қабілетті баламен жұмыс «Буриме»
|
Қалыптастырушы бағалау – үздіксіз жүргізіледі, кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді
Бағдаршам Басбармақ Өзін-өзі бағалау Балл қою |
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика
АКТ-мен байланыс: Интербелсенді тақтаны, ноутбукты пайдалана отырып керекті мәліметтерді көреді Құндылықтардағы байланыс: адамгершілікке тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш
|
||||||||||||||||||
Рефлексия
|
Сабақ мақсаты оқу мақсатына сай қолжетімді болды. Оқушылар сабақта сан есімді, оның қай заттың белгісін білдіріп тұрғанын, сұрақтарын, мағынасы мен құрамын ажырата, таба білді.Сабақтағы оқу материалдары мен ресурстар оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеліп, сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. | |||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау : Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:
1.Балалар оқудың тек мұғалім беретін біліммен шектелмейтінін ұқты. 2.Баланы оқытуға ықпал ететін кез келген әдіс қолданылады. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?: 1.Оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары. 2.Мұғалімдер табысқа жету үшін әрқайсысын ынталандырады.
Сабақты жақсартуға топпен, жұппен, жеке жұмыстар және кері байланыс ықпал ете алады. |
||||||||||||||||||||
Ілмекқазақ тілі сан есім