Сыныбы: 1 | Мұғалім Тойбахова Жадыра | |||||
Күні: 15.03.2017 | Қатысқаны:
Қатыспағаны: |
|||||
Сабақ тақырыбы | Айырмалық салыстыруға арналған есептер Математика 15.03.2017 | |||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (об сілт.) | 1.5.1.5 Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; керіесептер құрастыру және шығару.
1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру1.4.2.2** сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару |
|||||
Сабақ
мақсаты |
Барлық оқушылар істей алады бір санның екіншіден нешеге артық немесе кем екенін анықтауды үйренеді | |||||
Оқушылардың көпшілігі істей алады айырмалық салыстыруға арналған есепке сызба құрастыруды және шығаруды меңгереді | ||||||
Кейбір оқушылар берілген есепке кері есеп құрастырады | ||||||
Бағалау критерийлері | Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептердің шешімін анықтайды.Кері есептер құрастырады және шығарады. | |||||
Дескриптор: | Есептің шешуі болатын өрнекті анықтайды; өрнектің мәнін табады;есептің жауабын жазады; есептің шартын толықтырады; кері есептің шешуін өрнек түрінде жазады; есептің жауабын жазады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Есеп, шарты, сұрағы, шешуі, жауабы,артық, кем | |||||
Құндылықтарды дарыту | Топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, көркем еңбек, дене шынықтыру | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Слаид | |||||
Бастапқы білім | Осыған дейінгі сабақтардағы білім біліктері мен күнделікті өмірде қолданатын сөздері | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарлаған кезеңдері, уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||||
Басы |
5 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қызығушылығын ояту. Кіріспе тапсырма «Шынжыр» ойынын ойнату:бірінші оқушы санды атайды,мен келесі санның 2-ге артық екенін айтамын, басқа оқушы сол санды атайды, мен тағы шарт қоямын,мысалы 3-ке артық,келесі оқушы сол санды айтады. Егер оқушы қателессе келесі оқушы жалғастырады. Тақтаға екі оқушыны шақыру. Біреуінің қолына 5,екіншісіне 7 қарандаш беріп, қолдарын артына ұстайды. Мен бір оқушының қарындашының 2-ге артық екенін хабарлаймын. Жауап нұсқаларын тыңдаймын. Екеуі де қолындағысын көрсетеді. 7-нің 5-тен екеуі артық екенін қалай білуге болады? -Қандай математикалық амалды қолдандың? Азайту -Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? Айырма.
Ұжымдық жұмыс Оқулықтағы ережемен таныстыру. Тақтаға алдын ала іліп қою. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою: -Бірінші кесіндіде қай сан белгіленген? Екніші кесіндіде қай сан белгіленген? Неге бірінші кесінді екінші кесіндіден қысқа? Нені міндетті түрде білу керек? Мұны қалай білдіңдер? Қай амалмен? 6-ның 4-тен нешеуі артық? 4-тің алтыдан нешеуі кем? ҚБағалау: «Мадақтау сөздері» Кб- Қорытынды бір сан екіншіден нешеге артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек. |
Демонстрация лық материал
Есептің шарты, сызбасы жазылған парақ
Ереже жазылған парақша |
|||
Ортасы |
10 мин
7 мин
12 мин
8 мин
|
Топтық жұмыс: «Қай топ киіз үйді бірінші құрады?» топтық тапсырмалар беріледі, бірінші шығарған топ киіз үйін құрады. 1-топ: «Кесінділер» Жасыл кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан қаншаға артық екенін анықта. – Әр кесінді неше бөлікке бөлінген? Жасыл кесіндінің ұзындығы қызыл кесіндінің ұзындығынан қаншаға артық ?
Жауабы. 10-8=2 (артық) 2- топ: «Ойыншықтар» Сызбада не көрсетілген? Айтып бер. Есепті шығар. Суреттен қуыршақты сана, сызбада қай жерде тұр? Аюды сана , сызбада қай жерде тұр? Аю артық па, қуыршақ артық па? Есептің сұрағын оқы. 3- топ «Шығарып көр» Сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығар.. Қаншаға артық немесе қаншаға кем? Бағалау: «Үш шапалақ» Кб-сұраққа жауап
Топтық жұмыс «Орындап көр» Суреттер бойынша есеп құрастыр Бағалау: «Қол сигналы» Кб-сұраққа жауап
Жеке жұмыс «Ойлан» Есептің шешуі қайсы? «Үндемес» ойыны арқылы шығарту. Іштей оқу . Дұрыс жауаптың қасына қарындашты қояды. Өз таңдауын түсіндіргісі келетін оқушыларға сөз беру Бағалау: «Смайликтер» Кб-сұраққа жауап
Дәптермен жұмыс 67- жұмыс парағы Айырмалық салыстыруға арналған есептер 1. Өз бетінше орындау — Фигурадағы сандар- үшбұрыштың ішіне қажетті санды қой. Жауабы:2,3,0 — Үлгі бойынша тексеру 2.Жұппен жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» Мәшинелер-сызбаны толықтыр, есепті шығар.8-2=6 (Мәшине)- дайын жауап арқылы тексеру 3. Үш дос- сұрақтарға жауап бер, жауаптарын жаз 2 жас;5 жас;3 жас –қб-«Жетістік баспалдағы» 68– жұмыс парағы Салыстыр және шығар 1.Бақбақ пен қырмызыгүл.сызбаны құрып есепті шығар-жеке жұмыс 9-6=3 (сағ) 3. Ұжыммен жұмыс Жоғалған сандар-түсіп қалған санды қой-1;6,3; 3,4,1; ҚБағалау «Жетістік баспалдағы» Жеке тапсырма:( сараланған) 1-тапсырма Есептің шешуін тауып, сәйкестендіріңіз. Сөреде бірнеше кітап тұр еді. Оған 4 кітап әкеліп қойғаннан кейін, сөреде барлығы 10 кітап болды. Сөреде неше кітап тұрған еді? Жауабы: Дескриптор: Білім алушы есептің шешуі болатын өрнектіанықтайды; — өрнектің мәнін табады; — есептің жауабын жазады. 2-тапсырма Жоғарыда берілген деректерге сүйеніп, есептің шартын толықтырыңыз жәнеесепті шығарыңыз.Сөреде кітап тұр еді. Оған бірнеше кітап әкеліп қойғаннан кейін, сөреде барлығы кітап болды. Сөреге неше кітап әкеліп қойды? Дескриптор: Білім алушы — есептің шартын толықтырады; — кері есептің шешуін өрнек түрінде жазады; — есептің жауабын жазады. |
Есепке арналған сызба
Ойыншықтар суреттері Есептің шарты, сызбасы жазылған парақшалар әр топқа
слаид
Сюжетті суреттер
оқулықтағы иллюс.
Жұмыс дәптері
Слаид
Жұмыс дәптері
Жеке тапсырма Жинағы |
|||
Соңы | 3 мин | Оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін білу үшін сұраққа жауап алу -бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табу үшін не істеу керек?
«Гүлді алаң» тапсырмасы: Түйеқұс 3 метрге, ал кенгуру 9 метрге секірді. Кенгуру түйеқұстан неше метр артық секірді? Түйеқұс кенгурудан неше метр кем секірді? Рефлексия «Бағдаршам»
|
Бағдаршам көздерінің түсіне сәйкес қағаздар
|
|||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау
«Шынжыр ойыны» «Кесінділер» «Ойыншықтар» «Шығарып көр» «Орындап көр» «Ойлан» |
Бағалау : Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Ұжымдық жұмыс — мадақтау Топтық жұмыс – қол сигналы Жеке жұмыс-смайликтер Жұптық жұмыс — өзара тексеру Жеке ж ұмыс — дайын жауап Дәптермен — жетістік баспалдағы Рефлексия «Бағдаршам» |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Рефлексия | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||
— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
— Бүгін оқушылар не білді? — Сыныптағы ахуал қандай болды? — Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? — Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? — Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
||||||
Ілмек1 сынып Айырмалық салыстыруға арналған есептер сынып сағаты