Басы » ОМЖ/ҚМЖ » Физика » Деформация

Деформация

ШҚО, Абай ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп

Физика-информатика пәнінің мұғалімі: Ләйлә Мухатова

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Денелердің өзара әрекеттесуі.             Сынып: 7                                                        
Сабақтың тақырыбы: Деформация
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:  пластикалық және серпімді деформацияларды

                                      ажырата алады.

Басым бөлігі:             пластикалық және серпімді деформацияларды

                                      ажыратады, мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар:   Күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі: 1.      Пластикалық және серпімді деформацияларды ажырата біледі;

2.      Пластикалық және серпімді деформацияларға мысалдар келтіре алады;

3.      Мысалдар келтіргенде өмірмен байланыстырып қолданады.

Тілдік мақсат:
Пәндік терминдер бойынша сөздік
Қазақша Орысша Ағылшынша
Деформация Деформация Deformation
Серпімді деформация Упругие деформации Elastic deformation
Пластикалық деформация Пластическая деформация Plastic deformation
Серіппе Пружина Spring
Құндылықтарға баулу: 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;

5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, технология.
Алдыңғы білім: Денелердің өзара әрекеттесуі, күш.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

10 минут

1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Пластикалық (ермексаз) және серпімді (доп, губка) заттар арқылы топқа бөлу.

 
2. Ынтымақтастықты қалыптастыру. Психологиялық ахуал туғызу:

«Шаттық шеңбері» — оқушылар шеңбер жасап тұрып, оң жақтағы көршісіне жантайып, иықтарын түйістіріп, жақсы тілек айтады.

 
3. Үй тапсырмасын тексеру:

«Серпілген сұрақтар»

1. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?

2. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай ықпал етеді.

3. Салмақсыздықтың себебі неде?

ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау.)

Үлестірме кағаздар
 
Тақырыпты ашу:

 «Миға шабуыл»берілген заттар арқылы, оқушылармен тақырыпты табу, сабақ мақсаты мен критерийлерді бірлесе құру.

 
Сабақтың ортасы

 

22 минут

ЖИГСО әдісімен оқулықтағы деформация тақырыбын түсіндіру.

Мәтінді оқу.

:

Оқулықпен жұмыс

«Түртіп алу» әдісі бойынша талқылайды, түйінін жазады

ҚБ: «Үш шапалақ»

Үлестірме қағаз
Сұрақ — жауап: «Конверт » әдісі.

 Осы тақырыпты ашатын анықтамаларды қайталайды.

«Конверт »
Сергіту сәті: Топтар і қимылдар арқылы деформация тақырыбын көрсетеді  
«Модельдеу» әдісімен топқа ресурстарды ұсынамын.

1-тапсырма: Пластикалық (ермексаздан) әр түрлі физикалық денелер жасап, жасау барысындағы әрекеттерді ауызша айтып түсіндіреді.

2-тапсырма: Серпімді (доп) денелерді әр түрлі деформациялап, жұмыс барысын өзгелерге айтып түсіндіреді

ҚБ: «Бас бармақ».

Сабақтың соңы

 

8 минут

Үй тапсырмасы: Пластикалық және серпімді деформация түрлеріне: 1)Модельдеу

2) Шығармашылық жұмыс

 
Кері байланыс: «Атаулар туралы үш сұрақ»

Тақтаға «Деформация», «Серіппе», «Пластика» терминдерін жазып, оқушыларға осы терминдерге байланысты сұрақтар қоямын.

1. Қайда? Бұл терминді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада кездестірдіңіздер?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қалай қолданатыныңызға мысал келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыз?

ҚБ: Фишкалар тарату арқылы әр оқушыны бағалау.

 

 

 

«Атаулар туралы

үш сұрақ» әдісі

 

 

 

 

Фишкалар:

 

(Доп,губка,ермексаз)

Рефлексия: Стикерлер
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын  сақтау
Саралау – сабақ мақсатынан бастап қолданылды. Оқушыларға тапсырмалардың барлығын А,В,С деңгейі арқылы берілді. Әр тапсырманы орындаған сайын қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылады: «Смайлик», «Үш шапалақ», «Бас бармақ», «Фишка». Психологиялық ахуал туғызуда, сергіту сәтін орындағанда, қауіпсіздік ережелері сақталды

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *