Күні:
Сынып: 1 «а» |
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы | Нәтиже сабақтар. Мен не үйрендім? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Бағалау критерийлері
Дескриптор |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. Рөльге бөліп оқу Әріптерден сөз құрайды,оны жаза біледі. Мәтінді тізбектей оқиды,сұраққа жауап береді. Бір-бірін бағалайды |
||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||
Тілдік құзыреттілік | Мұғалім-учительница | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
1.Мектепке саяхат
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
2.Сынып бөлмесі |
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады). – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Оқушылар топқа бөлінеді I топ II топ Топтарын қорғайды. Қошақан. Қоян. |
Шаттық шебері
|
|
3.I сабақ
Сабақтың ортасы 8 минут
|
Видео ролик (Аққұштап Бақтыгереева) түсінік беріледі
Оқулықтағы «Мұғалім апай» Өлеңді рөлмен оқиды. «Мұғалім» постер қорғайды. (мұғалімнің жақсы жақтарын айтып шығады) Суретті бояйды. |
Таныстырылым, оқулықпен
Жұмыс |
|
4. Үзіліс
Сергіту сәті 1 минут |
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз.(интерактивті тақта бойынша) |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |
5.Кітапхана
6.Асхана
(тақтамен жұмыс)
7.Спорт зал Сергіту сәті
8. Акт зал
Еркін микрафон |
Әріптерден сөз құрайды.
САУАТ АШУ, МАТЕМАТИКА,ДҮНИЕТАНУ,ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, МУЗЫКА,ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ,ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, ОРЫС ТІЛІ,АҒЫЛШЫН,КӨРКЕМ ЕҢБЕК. Бұларды бір сөзбен кітаптар деп айтамыз.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.Ол сөздер қандай әріптен басталып жазылады. Мәтін мазмұны бойынша сурет сал.
Оқушылар асханадағы ыдыстарды атап шығады. Оларды тақтаға жазып шығады. Мысалы: кесе,қасық,қазан,нан т.б.
Бір екі үш Біз жинаймыз күш Сынып іші тып тыныш
Оқулықтағы мәтінді шынжырлап оқып шығады.
1-2-топ спикерлері . Оған жауап беріледі. 1.Қанат нені жек көреді.? 2.Суретті немен бояды.? 1.Қанат ненің суретін салды? 2.Астына не деп жазды? «Әрқашан күн сөнбесін» әнін оқушылар бірге шырқайды. |
(Әр кітаптың пайдасын әңгімелейді)
Оқулық, дәптерлер.
сөздер жаздыру
Мәтінді оқып шығу.
(оқушылар бір-біріне сұрақ қояды) |
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия |
Смайликтер |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Сабақ тақырыбы: | Жазық фигуралардың модельдері (2) | Мектеп: | ||||
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: | ||||
Оқу мақсаты: |
жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастырады. |
|||||
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: | Жазық фигура модельдерін жасау және олардан композиция құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың логикалық және көрнекілік арқылы образды ойлауын, жазық фи-гуралардың модельдерін жасату арқылы зейіндері мен ұсақ моторикаларын дамыту. | |||||
Тірек сөздер | түрлі түсті жұмсақ немесе қатты қағаз;
желім; әрбір оқушыға берілетін қайшы; әрбір жазық фигураның пішініне сәйкес кеңістік геометриялық фигуралар топтамасы. |
|||||
Сабақтың мақсаты:
Дескриптор |
Оқушылар сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигура модельдерін қию және аппликация жасау әдістерін меңгереді. Аппли-кацияны қолдана отырып, қағаздан жасалған жазық фигура модельдерінен әртүрлі композициялар жасауды, үшбұрышты, шаршыны алуды үйренеді.
Сабақтағы іс-әрекеттер жазық фигуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, композициялар құрастыру арқылы олардың пішіндерін тани білуге, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Жазық фигураларды модельдей біледі. Композиция жасауды біледі. Жазық фигураларды айыра,анықтай біледі. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған “қоянның” аппликациясын көрсетіп және мынадай сұрақ:
— Бұл ненің суреті? Оны қайдан білдіңдер? — Сурет қандай фигуралардан тұрады? — Сурет неше фигурадан тұратынын сана. — Бұлар қандай фигуралар? Оқушылардан осыған ұқсас аппликациялар жасау туралы не ойлайтынын және өздерінің жасап үйренгілері келетін аппликациялары туралы сұрап білемін. Сабақта түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралар мен олардың композицияларын жасап үйренетіндерін хабарлау. Оқушылармен кеңістік фигураларын қолдана отырып, жазық фигураларды жасаудың ретін қайталаңыз: кеңістік фигуралары топтамасынан бір фигураны таңдау; мысалы: текше; фигураны түрлі түсті қағазға, не қатты қағазға бастырып сызу; салынған фигураны сызықтың бойымен қиып алу. Жазық фигураларды қию арқылы бұйымды жасаудың әртүрлі әдістері туралы айтып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту.Шаршыны бір диагоналі бойынша бүктеп, екі үшбұрыш алуды және екі диагоналі бойынша бүктеп, төрт үшбұрыш алуды жасап көрсету. Оларға шаршыны басқаша бүктеу арқылы екі тіктөртбұрыш алуға болатынын көрсету. Осы тәсілмен тіктөрт бұрыштан екі шаршы бүктеп алуға болатынын анықтайды. Оқушыларға қиып алынған фигуралардан әртүрлі композиция құрастырады. Тапсырманы орындамас бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде ескертіледі. Қиюдың ең оңай түрлерінен бастайды: 1-қадам. Екі бөліктен бір фигура құрастыру. Мысалы: екі үшбұрыштан шаршы жасау. 2-қадам. Қарапайым фигуралар құрастыру. Мысалы: шырша, үй, кәмпит, саңырауқұлақ, бант т.с.с.; 3-қадам. Жазық фигуралардан мазмұнды (сю-жетті) композ-ды құрастыру. Оқушыларға қиып алынған фигураларды бір бет қағазға орналастырады. Дайын ком-ды қатты қағазға желімдейді. Бұл оқу-дың сабақта жасаған жұмыстарының нәтижесін сақтауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау үрдістерін бақылап, көмек қажет ететін оқушыларға көмектеу. Фигуралардан құрастырылған жан-жануар-лар. Оқушыларға жануарлар аппликациясы қандай жазық фигуралардан құрастыр-нын анықтайды. Мына сұрақтарға жауап алу: — Бақаның аппликациясы қандай фиг-дан жасалған? — Неше үшбұрыш бар? Дөңгелек ше? — Мысықтың тұмсығы қандай фигура? — Көбелектің қанаты неше қызыл үшбұрыштан құрастырылған? Аппликация арқылы жазық фигура модельдері-нен әртүрлі суреттер композициясын жасауға бо-латынын айтып, қорытынды жасалады. |
Шығарып көр. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару және берілген аппликация қандай фигуралардан тұратынын анықтатайды. Оқушылармен бірге пайдаланылған геометриялық фигуралар санының қанша екенін сұрау. Жауабы:
шаршыны тіктөртбұрыштан және үш үшбұрыштан құрастыруға болады. Суреттегі үш үшбұрыш бір тіктөртбұрышты құрайды. Шаршыдан үшбұрыштарды қалай жасауға болады? Тапсырмада оқушылармен “көбелектің” аппликациясын жасаудың қадамдарын қарастыру. Көбелектің қанаттары қандай фигуралардан тұратынын сұрау. Осы үшбұрыштар қандай тәсіл мен алынғанын талдату. Бір жазық фигурадан екінші фигураны қиып алудың тәсілдерін бекіту. (Мысалы: шаршыдан үшбұрышты қиып алу.) Орындап көр. Оқушыларға жазық фигуралардан жасалған аппликацияға қарауды ұсыныңыз және онда не бейнеленгенін анықтату. Сұрақ: — Балапан мен күшiктiң бетін жасау үшін қандай фигура қолданылған? Неліктен? — Тұмсығын қандай фигурамен көрсетуге болады? — Берілген бейне бойынша қандай үй жануарла-рының суреті салынғанын анықтауға болады? Оқушыларға үй жануарлары аппликациясын жұп-пен жасату. Өздерінің жұмыстарында қандай фигураларды қолданғанын айтқыза отырып талдату.
|
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||||
Оқушылардың терминологиялық біліктілігінің қалыптасуына көңіл бөлу. Олардың сөз тіркестерімен сөйлемдер құрып айтуға деген ұмтылысын қолдап көтермелеймін.
|
Көбелектің қанаттарын жазық фигуралармен безендіру. Оқушылар аппликация техникасын
қолданып, тәжірибелік жұмысты орындайды. Кө-белектің қанаттарын қандай өрнектермен әсем-деуге болатынын байқап көреді. Әртүрлі көбелектердің суретінен мысалдар қарастыруы керек. Композицияны жасау үшін алдын ала жоспар құрып алу жетістікке жеткізетінін және ретсіз іс-әрекет-тер жасамау керектігін білуі қажет. Оқушылар көбелектің қанаттарына өрнектерді қарындашпен салып, одан кейін жазық фигураларды түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсыру арқылы аппликация жасайды. Оқушылар қағаздан қиып жасауға қиналса, көбелектің қанаттарына түрлі түсті қарындаштармен өрнектерді салуға да болады. |
|||||
Бағалау | Оқушылар сабақ соңында:
түрлі түсті жұмсақ және қатты қағаздан жазық фигуралардың модельдерін жасауды; жазық фигуралар модельдерінен композиция құрастыруды; композиция жасау кезінде жазық фигуралардың түрлерін айыруды және анықтай білуді меңгереді. Оқушылардың сабақты түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз: — Қандай жазық фигуралардың модельдерін жасап үйрендіңдер? — Параллелепипедтің бір жағын бастырып сыз-са, қандай жазық геометриялық фигураны алуға болады? — Шаршы шығу үшін қандай кеңістік фигурасы-ның жағын бастырып сызу керек? Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдасты-рыңыз. Оқушылармен жасаған жұмыстары туралы талдау жасаңыз. Сабақтағы жұмыс түрлері оқу-шылардың бойына сенімділік тудыруы керек. Са-бақтан кейін олар жазық фигуралардың аттарын және олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен модельдерін естеріне жақсы сақтауы қажет. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз. |
|||||
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалдыма? | |
Бүгін оқушылар не үйренді? | |
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? | |
Жоспарланған саралау жақсы іске астыма? | |
Уақытты қалай пайдаландым? | |
Жоспарыма қандай өзгнрістер енгіздім? |
Сабақ тақырыбы: | Араласып үйренеміз
Дос болайық бәріміз! |
Мектеп: | ||
Күні : | Мұғалімнің есімі: | |||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: | ||
Оқу мақсаты: | • Барлық оқушылар: «қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy; | |||
• Оқушылардың басым бөлігі:. адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy; | ||||
• Кейбір оқушылар: өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy. | ||||
Тірек сөздер: | қарым-қатынас – общение – communication; әңгімелесуші – собеседник – talker;
диалог – диалог – dialogue. |
|||
Ресурстар: | «Отбасындағы және мектептегі қарым- қатынас» тақырыбына сюжетті суреттер, әртүрлі көлемде ашық хаттар (15-тен астам), орам жіп, «Жақсы әдет» тақырыбына мульфильмдер Интернет ресурстар
http://my.mail.ru http://etiketsabina.blogspot.com http://multmir.net http://video.meta.ua http://langopedia.ru http://txtb.ru |
|||
Сабақтың мақсаты:
Дескриптор: |
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінеді. Сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастырады. Сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуды үйренеді. |
|||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||
Қарым- қатынас – бұл адамдар арасындағы бірлесе қызмет ету қажеттілігінен туындаған өзара байланысты дамытудың жоспарлы үдерісі.
Қарым-қатынас бірлесе жұмыс істеуді, жоспар құру мен талқылауды, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Қарым-қатынассыз жеке адамды қалыптастыру, оны тәрбиелеу, білім беру, ақыл-парасатын дамыту мүмкін емес. Қарым-қатынас орнату кезінде мынадай фазалар (кезеңдер) айқындалады: қарым-қатынас жағдаятына, мақсатына және тұлғаларға бағдар жасау; өзара байланысты ұйымдастыру, қарым-қатынас құралын таңдау; әріптеспен кері байланыс орнату және оны қолдау; қарым-қатынас бағытын, стилін және тәсілдерін түзету; байланысты аяқтау. Қарым-қатынастың барлық фазаларын меңгеру оны тиімді етеді және коммуникативтік құзыреттілік негізін құрайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қарым- қатынас мәдениетіне ерекше көңіл бөлінген. Екінші тараппен сабдарлы қатынас жасап, сөзін өткізуге ерекше назар аударылған. Осы ретте қазақтар сөзін сыпайы әрі қисынды жеткізуге айрықша мән берген. Олар тура сөйлемей, ойын астарлы жеткізуді дұрыс санаған. |
Мен араласатын орта. Сабақты «Өрмек» ойнынан басталады. Оқушылар шеңбер құрады. Орам жіпті аламыз. Оқушылардан «қарым-қатынас» ұғымын қалай түсінетінін сұрау. Жауап бергісі келген оқушы жіптің ұшын алады, ал орам мұғалімнің қолында қалады. Бұдан кейін екінші оқушы бірінші оқушыдан жіптің ұшын алып, өз пікірін білдіреді. Осылайша қарым- қатынас үдерісін көрнекі түрде көрсететін «өрмек» тоқылады.
Егер қарым-қатынас тоқталса, басқа сұрақтар қойылады, мысалы: «Қарым-қатынас не үшін қажет?», «Оқушы мектепте кіммен араласады?». Мен араласатын орта Сызба бойынша әңгімеле. Сен кіммен және не үшін араласасың? Қарым-қатынас – бұл адамдардың әңгімелесуі, кездесуі және бірлесе жұмыс істеуі. Ол – адам өмірінің маңызды бөлігі. Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі түсіне білуіне көмектеседі. Дұрыс қарым-қатынас түрлері Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсың? Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсың? Неліктен? Сыныптағы қарым-қатынас ережесі Әңгімелесушінің сөзін бөлмей, мұқият тыңда. «Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан. Адамды ренжітіп алатын сөздерді қолданба. |
|||
Сабақтың қорытындысы |
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
|||
Оқушылар өздері ойластырған ережелерінің айырым белгісін (жол белгілері сияқты) жасап, бүкіл сыныпқа таныстыра алады.
Жауабы: «Бір-біріңді жамандама, дөрекі сөз айтпа, өте қатты әңгімелеспе және т.б.» |
Бұл сабақта тілдік мақсаттар сипаттау, салыстыру, әңгімелесу, талқылау сияқты тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Оқушылар диалог жүргізеді, журналистер рөлін ойнайды. Қарым-қатынасты тәжірибеде қолдану сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Сабақта екі тірек сөз үйретіледі. «Әңгімелесуші» ұғымын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді құрамына қарай талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Орындап көр» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар өзара әңгімелесуші болып табылатынын түсіндіру қажет.
|
|||
Пәнаралық байланыс | Қосымша тапсырмалар
|
|||
Математика. Оқушылар жұптарға бөлінген кезде әріп саны өз есімінің әріп санымен сәйкес келетін оқушыны табады.
АКТ. Интернеттен ата-аналарымен бірге «Жақсы әдет» тақырыбына мультфильм тауып, бірге тамашалайды. Егер интернет болмаса, оқушылар SmartArt бағдарламасын қолданып, өз қарым-қатынас схемасын жасай алады. |
Жұмыс дәптерінде «Бір- бірімізді зерттейміз» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар журналист рөліне еніп, аз араласатын сыныптасының жанына барып, сұхбат құрады. Мұндай сұхбат оқушыларға бір-бірімен жақын араласуға мүмкіндік береді және сынып ұжымының қалыптасуына жақсы әсер етеді. Басқа жағынан алғанда тапсырма қарым-қатынас ережелерінің іс жүзінде қолданылуын бекітеді.
Осылайша, сабақта «өзгертіп айтыңдар», «келісіңдер», «шешім шығарыңдар», «даудың себебін табыңдар» түріндегі тапсырмаларды қолдануға болады.
|
|||
Бағалау
|
Оқушылар
– қарым-қатынас дегеннің не және оның не үшін қажет екенін; – әңгімелесушінің кім екенін; – кіммен және не үшін араласатынын; – әртүрлі қарым-қатынас туралы; – сыныптағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін білді. Оқушылар – қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінуге; – сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастыруға; – сыныпта қарым-қатынас ережелерін қолдана білуге; – сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйренді. Бағалау кезеңінде «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруіңізге болады. Оқушылардан бір-біріне қарым-қатынас ережелерін әңгімелеуін сұраңыз. Мысалы, «әңгімелесушінің сөзін бөлме, мұқият тыңда», «өтінемін», «рахмет» сөздерін қолдан», «ренжітуі мүмкін дөрекі сөздерді айтпа». Оқушылардың өздері ережелерді қалай сайқтайтыны туралы ойланып, жауап берсін. |
|||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|
||||