Басы » Блог » Үндістан Марсқа ғарыш кемесін ұшырды

Үндістан Марсқа ғарыш кемесін ұшырды

Үндістан өзінің тарихында алғаш рет Марсқа қарай ұшқышсыз ғарыштық аппаратты ұшырды. ВВС-дің жазуынша, аппарат осы елде құрылған зымыран-тасығышпен Шрихарикота ғарыш айлағынан ұшты.

Егер де барлығы сәтті өтсе, онда бұл аппарат Марстың орбитасына 300 күннен кейін жетеді, яғни 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Марсты айнала қозғалатын болады. Осы бағытта бір кездері бұл планетада Жердегі тәрізді өмір сүру үшін қолайлы жағдай болғандығын дәлелдеу мақсаты қойылған.

 

Жоба сыншыларының пайымынша, бұл бастама ешқандай да жаңалықтар жасамайды және ол тек Қытаймен бәсекелестік аясындағы кезекті қадам болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *