Жаңашыл мұғалім: ұстаз бейнесі
Қазіргі таңда педагог ғалымдар мен психологтар мұғалім мәселесіне бірнеше бағытта баға береді. Мұғалімнің құзіреттілігі мен кәсіби шеберлігі тұрғысынан.Бұл мәселе қай уақыттада өзекті болып қала бермек. Заман мен қатар мемлекет, қоғам өзгереді, мұғалімге деген талапта өзгеруі заңдылық. Мұғалім заманның ағымымен өзгерген оқушының талабымен сұранысын қанағат еткенде ғана ол өзінің алдындағы шәкіртіне жағады ұнайды.
Осыған байланысты қазіргі заман оқушылары қандай мұғалімді қалайтыны жөнінде әлеуметтік зерттеулер жасалынған екен.
Зерттеу барысында оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді
1.Қандай мұғалім жақсы?
60% — Балаларды жақсы көретін, түсінетін, кең, бауырмал, қайырымды
50% Қызықты әрі тақырыпты жақсы түсіндіретін, оқушы жанын түсінетін, сабырлы.
30% Талап қоятын, қатал, әділ, адал
20% — қалжыңбас, әзіл жақсы көретін
17 % — ақылды, профессионал, білімді, зиялы.
2.Қандай мұғалім жаман?
4% балалар алдында мақтанады, өз проблемасын айта беретін, оқушыларға шағымданатын.
4,3% балаларды жақсы көрмейді, жақсы көретін оқушылары бар
11%- жаман мұғалім жоқ
21% әділетсіз, дисциплина сақтамайтын, өте қатал, өте жұмсақ момын
30,5% сабақты дұрыс түсіндірмейтін, өз пәнін өзі түсіндірмейтін, сабақ үстінде шығып кететін, өз жұмысын жақсы көрмейтін.
62% айқайлайтын, ұрысатын, масқаралайтын, мазақтайтын.
3. Қандай мұғалімде сабақ алғысы келеді?
55% — жақсы көретін, сабырлы, адал, әділ, қамқорлыққа алатын, түсінентін, жекелемейтін, айқайламайтын,
30% — Білім беретін, өз пәнін жақсы көретін, сабақта қызықтыратын.
14% — білімді, талантты, қалжыңы бар.
10% белгілі деңгейде қатал, тәртіп сақтайтын
4. Мінсіз мұғалім ол…
40% — байсалды, шыдамды, ақылды, өзін және басқаларын сыйлайтын, балаларды жақсы көретін және аздап калжыңы бар.
39% өте сапалы білім беретін, жұмыста тәжірибелі, қызықты түсіндіретін, жақсы психолог, өз ісін жақсы көретін
17% әділ, жақсы көретін жеке оқушылары жоқ.
6% — мінсіз мұғалім болмайды.
Оқушылардың жауаптарына талдау жасай отырып мынадай қорытынды жасауға болады. Оқушы үшін алдындағы мұғалім жеке басының тұлғалылығы ең басты құндылық. Ұстаз толыққанды тұлға екені бойындағы мынадай сапамен анықталмақ шәкірттер пікірінше: адамгершілігі, сабырлылығымен, адалдығымен, әділдігімен т.б. Әрине ұстаз бойында осы сапаларымен қатар өз пәні мен мамандығын жақсы көру керек.
P.S. Сіз біз ұстаз ретінде қандай ұстаз екенімізге бір сәт көңіл аудардықпа? Алдыңыздағы оқушыларыңыз сізді қалай бағалайды. Сіз қандайсыз сіздің алдыңыздағы шәкіртте сондай сондықтанда сіз еліңіздің ертеңіне жауапты екеніңізді ұмытпауыңыз керек шығар