Басы » Блог » «Қазнет Дода» сайттар байқауы басталды

«Қазнет Дода» сайттар байқауы басталды

«Ұлттық Интернет Ассоциациясының» ұйымдастыруымен «Қазнет Дода» атты қазақ тіліндегі сайттар байқауы басталды. 2 кезеңнен тұратын бұл жарыс 7 желтоқсанда, Астана қаласында қорытындыланады. Байқаудың алғашқы кезеңіне қазақ тіліндегі кез келген сайт қатыса алады. Ал екінші кезеңде Қазнеттің танымал 100 тұлғасының берер бағалары үздіктерді анықтайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілмекші:

1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары.

 

Конкус үш кезеңнен тұрады

Бірінші кезең

11 қараша — 30 қараша
Байқауға қатысатын сайттарды және тұлғаларды тіркеу кезеңі. Қолданушылар тарапынан ұсынылған сайттар тексеруден өткеннен кейін тиісті номинациясына қосылады.

Екінші кезең

1 желтоқсан — 6 желтоқсан
Дауыс беру кезеңі. Қазнетте танымал тұлғалар, блогерлер, сайт иелері барлық номинациялар бойынша өз дауыстарын береді. Сауалнама қорытындысы бойынша үздіктер анықталады.


Қорытынды

7 желтоқсан 2013
Астана Интернет Форумында «Қазнет Дода» байқауы қорытындыланып, номинациялар бойынша үштікке енген үздіктер марапатталады. Сондай-ақ 2013 жылы Қазнетке еңбегі сіңген тұлғалар анықталады.

Доданың ресми сайты: kaznetdoda.

 

Құрметті сайт қонақтары және сайтымызды пайдаланушылары желтоқсанның 1-6 аралығында http://sabaq.kz  сайтына дауыс беруді ұмытпаңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *