Басы » Алғашқы әскери дайындық » Жас ұрпақ жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан –ұстаз

Жас ұрпақ жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан –ұстаз

Жас ұрпақ жүрегіне патриоттық сезім ұялатқан –ұстаз

 

Искаков Жақсылық Бүркітбайұлы   22 гимназия мектебінде қызмет етіп келе жатқанына 9 жыл болды.Осы уақыт аралығында өзінің  ,шығармашылық шеберлігімен,жас ұрпаққа  тәлім- тәрбие берудегі тынымсыз еңбегімен ерекшелене білген ұлағатты ұстаз мектептің  оқу-материалдық базасын жетілдіріп, қару макеттері ,оқ ату нысандарын,сабаққа қажетті материалдар базасын жинақтады. Үнемі қала көлемінде ашық сабақтар ұйымдастырып,іс-тәжірибесін таратады Жақсылық Бүркітбайұлы жетекшілік ететін мектептептегі Жас ұлан үйірмесінің  мүшелері қалалық,обылыстық іс-шараларға белсене араласып, жүлделі орындарды иеленіп, өздерінің білімдерінің жоғары деңгейде екендігін дәлелдеп жүрген өнегелі шәкірттер.Тәуелсіздік күні, жеңіс күні сияқты атаулы мерекелерде Ж.Бүркітпайұлының өткізетін әскери-патриоттық іс-шаралары оқушылардың

 

Отанға деген патриоттық сезімдерін одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз. Биылғы оқу жылы біздің мектебіміз үшін жеңісті сәттермен басталды.   Біздің оқушылар «Отан қорғаушы-2013»  атты қала мектептері арасында өткен командалық эстафеталық жарыста межеге бірінші келіп,бас жүлдені жеңіп алды.Жақсылық Бүркітбайұлының айтуына қарағанда , бұл жарыс аса жоғары деңгейлі дайындықты қажет ететін сайыс болыпты. Себебі кедергілерден өту,кермеде тартылу,қаруды оқтау,қаруды бөлшектеу , жинау,нысанаға дәл көздеп ату шапаң жылдамдылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Ал біздің оқушылар сол талаптардың бәрін жеңіп,жоғарыдан көріне білді. Бұл-әрине Жақсылық Бүркітбайұлының  тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі таңда ұстаздың шәкірттері келешекте әскер қатарында қызмет атқарудыТаңдап,еліміздің жоғарғы әскери оқу орындарында білім алуда.Атап айтсақ,Турганов Ержан «Жас ұлан» мектебінде,Сапарғалиев Еламан «Арыстан» мектебінде,Дәулетқалиев Елдос пен Қапанов Нартай «Радиоэлектроника және байланыс» әскери институтында білім алуда. Біз әріптесіміз Жақсылық Бүркітбайұлының жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатып,білім нәрімен сусындатып,жан-жақты тәлім-тәрбие беруде әлі де талай биіктерді бағындыратынына кәміл сенеміз және ұстаздық жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз.

 

№22 гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сейітова Гүлбаршын Арқалыққызы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *