Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз қаласы
Қалалық қазақ мектеп лицейі
Омиртаева Салтанат Биржановна
Сыныптан тыс сабақ
«Күз кереметі» сайысы
Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты сүюге, бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, әдемілікті түсіне, көре білуге баулу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, жапырақтар, шарлар т.б.
Барысы:
жүргізуші:Тамылжып тұр Отанның «Алтын күзі»
Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі
Табиғат картасынан қазір көшкен.
Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.
жүргізуші:Көрдің бе,секілді бір жасыл барқұт,
Бергендей бар бояуын түгел сарқып,
Көтеріп күздік егіс көк қанатын.
Құлпырған қырға жібек кілем тартып.
-жүргізуші:Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңы зы зор.Әр жыл мезгілін де қазақ ерекше
тойлай білген. Мәселен,көктемде –Наурыз мейрамы, кыста- Жана жыл мерекесі, ал күзде –Сабан той жасаған.
жүргізуші: Осы жақсы дәстүрлердің жалғасы болатын бастауыш сынып оқушылары арасындағы
«Күз кереметі » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен таныссақ:
4 «А»-сынып: «Жемістер» тобы
4 «Б»-сынып: « Күзгі таң » тобы
4 «В»-сынып: « Дәрумендер» тобы
3- «А»сынып: «Жұлдыздар »тобы
3- «Б»сынып: « Көкөністер »тобы
3- «В»сынып: «Жапырақтар»тобы
1-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек:
1) Таныстыру (топ аты, ұраны,төс белгі)
2) Кім жылдам?(Сұрақтарға жауап беру)
3) Күз бейнесін салу
4) Өнерлі өрге жүзер….. (өз өнерін көрсету)
5) «Күз береке» дастархандық мәзір
Сайысты сарапшылар бағалайды
2-жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Сынып намысын қорғамақ
Топтар шықты ортаға,деп сайсымыздың
1-кезеңі: Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін көрсетеді)
жүргізуші:Сайысымыздың
2-кезеңі:Кім жылдам?(Жапырақтардағы сұрақтарға жауап беру)
жүргізуші: Қанаттанса балапан,
Қалайша ол ұшпайды
Әр бір қыз бен әр бала,
Суретшіге ұксайды-дей келе
Келесі 3-кезең: «Күз бейнесін салу»
Думан қызық,көрсетті топ өнерін,
Жатыр не бір айтылып сөз де керім.
Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,
Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін
жүргізуші:
Сайысымыздың келесі 4-кезеңі: «Өнерлі өрге жүзер»….. (өз өнерін көрсету)
Келесі 5-кезең:
Молшылық күз — береке күз
Береке күз — мерекеміз — дей келе күзгі жеміс — жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
2-жүргізуші:Сайысымыздың төрелігін бағалап отырған сарапшы ларымызға қорытынды сөз кезегін береміз.
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Күз кереметі» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!