Басы » Tәрбие сағаттары » Отан неден басталады?

Отан неден басталады?

№ 25 қазақ қыздар гимназиясы

Математика пәнінің мұғалімі

Жаңбарыбаева Әсем Жастілекқызы

  Отан неден басталады?

Ашық тәрбие сағаты

 Отан неден басталады?

 Мақсаты : Өз елін, жерін тарихын білу,оларды құрметтеу. Мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерінің оянуына әсер ету.

Сабақтың жоспары :

1.Әұранмен бастау.

2.Кіріспе сөз  — келген қонақпен таныстыру,сабақтың тақырыбын жариялау.

3.Отан туралы мақал-мәтелдер оқу,оның мағынасын талқылау.

4.Оқушылардың шығармаларын оқу.

5.Отан туралы өлеңдер айтылады.

6.Қонаққа сөз.

7.Рефлексия.

Сабақтың жабдықталуы: Мультимедия кабинетінде презентация, шар ілініп тұрады.

Сабақтың барысы:

1.Әнұран

2.Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сабағымыздың тақырыбы:  «Отан неден басталады?», біздің сабаққа  Ұлы Отан соғысының ардагері              қонаққа келіп отыр, қошеметтеп қарсы алайық. Ал, балалар сіздер қалай ойлайсыңдар, Отан неден басталады? Балалардың ой-пікірлері тыңдалады.

3.Мақал-мәтелдер айтылады:

 Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Отан оттан да ыстық.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердің ауасы да шипа.

Туған ел  алтын бесік.

Мақалдар талдаланылады.

4. Отан туралы өлеңдер оқылады.

 

        Отан

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана, Отан – пана,

Қазақстан – туған ел.

 

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

 

Отанды жас кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

 

Отан

Отан –менің ата-анам

Отан досым, бауырым

Отан өлкем, астанам

Отан – туған

 Аяулы Отаным – Қазақстан

 Отан! – деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Таңдандырды жан – жағымды – бай өлке,

Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

 

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттықты бекіндік,

“Қастығы жоқ қазақ” деген аңыз бар,

“Татулықтың символымыз” сертім нық.

Мақтым Шәбжантайқызы

 

Қазақстан жалауы

Қандай дүние жетеді балауыңа!

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан гербі де, жалауы да!

Жұбан Молдағалиев

Туған жер – тұғырың

 

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлем,

“Арманым жоқ бұл дүниеде”, дер едім.

 

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,

Өз Отаным — өзім туған босағам

Қасым Аманжолов

 

Қазақстан жалауы

 

Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы.

 

Ақ ниеті – Алтын күн

Асқақ арман – қыраны

Жалауы ол халқымның

Мәртебесі,мәртебесі, ту,ары

Сұлтан Қалиев

 

 

5. “ Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат”

 

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар – қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Аяулы Отанымыз – Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап, бізге мұраға қалдырған .

 

Ал балалар енді сөзді біздің қадірлі қонақтарға берейік.

Сабақ келген қонақтың әңгімесімен жалғасады.

 

6. Рефлексия. Қонақтарды алғыс айтып шығарып салу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *