Басы » Cыныптан тыс » Күзгі бал

Күзгі бал

Күзгі бал

Мектепшілік күзгі балға сценари
1-жүргізуші:
— Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар мен көрермендер!

2-жүргізуші:
— Бүгінгі күзгі балға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:
— Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер таң далаға шашылған?
Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!

2-жүргізуші:
— Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!
Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз,
Келіп қапты-ау сағыныштан сап-сары ала арман-күз, — дегендей күздің ерекше атаулы мерекесі бұл – Күзгі бал. Күзгі бал – ол достар мерекесі, ал достар бір-біріне қуаныш сыйлауға тырысады емес пе?

1-жүргізуші:
-Мысалы, сыйлық сыйлау немесе жай ғана назар аудару. Суретшілер — өз суретін, композиторлар — әндерін, ақындар — өлеңдерін, табиғат – сұлулығын, біздің оқушылар болса өздерінің билерін сыйламақшы.

2-жүргізуші:
— Ортада _____________ оқушыларының орындауында би. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:
Күздің екі түрі бар. Біреуі – қуанышты, себебі, күзде егін көп болып, жеміс-жидектер пісіп, молшылық болады.

2-жүргізуші:
— Екінші күз мұңды күз, себебі, сарғайған жапырағынан айырылған, қурап біткен ағаштар мен өсімдіктер күзде солады. Аспан сұр болып суық күндер басталады. Күн де қысқарып, түн ұзарады.

1-жүргізуші:
— Әр күзді әркім әрқалай сүйеді. Біреу Алтын күз дейді. Оны сарғайған сары ала, жапырақтары үшін сүйеді. Күз – сұлу қыз.

2-жүргізуші:
Шынымен де күзді ару, қыз кейіпінде елестетіп көрейікші!

1-жүргізуші:
— Ендеше Күз аруы қандай қасиеттерге ие болуы керек. Соны ғана анықтау қалды.
 
2-жүргізуші:
— Бүгін «Күз аруы» атағына кім лайықты екенін білетін боламыз. Ол үшін арулар мына шарттарды орындаулары тиіс:
І. «Таныс болайық баршамыз» (таныстыру);
ІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (өлең шығару);
ІІІ. Дәм-думан;
ІҮ. Сурет өнері (жігіттер сыйлығы);
Ү. Күз – мереке (арулардың өнерлі);
ҮІ. Шаш сәнінің үлгісі (жігіттер өнері);
ҮІІ. Сән үлгілері (мода);
ҮІІІ. Вальс.

1-жүргізуші:
— Күз аруларын ортаға шақырмас бұрын әділ-қазылармен таныс болайық:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші:
— Күз аруларын ортаға шақырайық! (арулар ортаға шығады)
 
1-жүргізуші:
— Ал енді аруларымыздың рет санын анықтайық! (сандар таратылады, орындарына барады)
 
 
2-жүргізуші:
— Қараңдаршы, көзің тоймас қарасаң да,
Күз деген бір жақсы уақыт.
Тыңдаңдаршы, таныстыру ортада,
Қыз деген басқа берген бір бақыт.

1-жүргізуші:
— Ортаға бірінші номерлі аруымызды таныстыруымен шақырайық! Қарсы алыңыздар! (2,3,4 арулар да осылай шақырыладыды)
 
2-жүргізуші:
— Ал енді біз аруларымыздың шығармашылығын тексерейік.
 
1-жүргізуші:
— Яғни келесі тапсырма – «Сөз тапқанға қолқа жоқ» өлең шығару болып табылады. Қыздарға мына қағаздарда сөздер берілген, олар сол сөздерден 4 жол өлең шығарулары керек. (карточкалар таратылады, сөздерін оқиды)
 
2-жүргізуші:
— Сайыскерлеріміз дайындалғанша, қолына сары, қоңыр үнді домбыра алған ____________________ оқушысының орындауында күйге кезек берейік. Қабыл алыңыздар! (күй ойнайды)
 
1-жүргізуші:
— Аруларымыз дайын болса, өлеңдерін оқысын! (өлеңдерін оқиды)
 
2-жүргізуші:
— «Дәм-думан»! Иә, қыз болғасын ас, тағамсыз тағы болмайды? Ендеше аруларымыздың ас дайындау өнерін байқайық.
 
1-жүргізуші:
— Бірінші аруымызды ортаға шақырайық! (2,3,4 арулырда осылай шақырылады)
 
2-жүргізуші:
— Бүгінгі мерекеде аруларымызбен бірге ер балалар келген оларға назар аудармай болмайды.
 
 
1-жүргізуші:
— Қазір қыздардың жұптарына тапсырма, өз аруларыңызға не сыйлар едіңдер. Сол сыйлықты қағаз бетіне салып жеткізіңіздер. Әрі оны қандай мақсатта беріп отырсыңдар соны айта кету керек.
 
2-жүргізуші:
— Ендеше кірісейік!
 
1-жүргізуші:
— Өнер десе, ән десе жан салады,
Көрген адам қол соғып тамсанады.
Сіздерге мың бұралып би билейді,
Қоңыр күздің ең әсем ханшалары – ұлдар сурет салғанша ________ оқушыларының орындауында би. Қарсы алыңыздар!
 
2-жүргізуші:
— Ұлдар дайын болса, оларға сөз берейік!
 
1-жүргізуші:
— Береке де осында,
Мереке де осында,
Салсын әрбір ханшайым,
Өнерлерін ортаға.
 
2-жүргізуші:
— «Күз — мереке» атты арулардың өнер сайысы.
 
1-жүргізуші:
— Бірінші аруды ортаға шақырайық! (2,3,4 арулар…)
 
2-жүргізуші:
— Шаш сәнінің үлгісіне кезек берейік! Ұлдар қазір қыздарға шаш үлгілерін жасайды.
 
1-жүргізуші:
— Шаш үлгісін көрдік, міне,
Сән үлгісін көрейік, кәне!
 
2-жүргізуші:
— Бірінші арудың сән үлгісі, қарсы алыңыздар! (2,3,4 аралар…)
1-жүргізуші:
— Кейбіреу аяқ басуға да ерінер,
Би билеу көзге әсем көрінер,
Бозбала мен бойжеткен топ ортада,
Аққудай көлде жүзген дөңгеленер.
 
2-жүргізуші:
— Ортада вальс! Жұптарды қарсы алайық! (билейді, баға ұпайлары сұралады)
 
1-жүргізуші:
— Осымен «Күзгі аруларды» сынау аяқталды. «Күз аруы» атағына кім лайық екенін әділ-қазылардан білмес бұрын _________ биіне кезек берейік.
 
2-жүргізуші:
— Әділ-қазылар жалпы ұпай саны дайын болса, сөз кезегі сіздерде.
(жеңімпаздар марапатталады, сыйлықтары ұсынылады)
 1-жүргізуші:
— Сонымен, Күзгі бал кеші аяқталды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Қош сау болыңыздар!

 

Фото алынған жер

1 пікір

  1. таныстыру керек еді?күзгі балға ханзада мен ханшайымға тауып берініздерші,,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *