Иинтеллектуалдық викторина 6 класс
«Ең ақылды»
Бастаушы төмендегідей жаңылдырғыш сұрақтарды тақтаға жазады да:
-Кім жаңылмай жауап берер екен,-деп ойынға қатысушыларға қарайды.Жаңылмай жауап беруге бекінген балалар: «Жаңылдырсаңда жаңылмаймын», деп тақта алдына шығады да, жауап береді.
Жаңылдырғыш сұрақтар
1.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2.Сөз құрамында дыбыс көп бола ма,буын көп бола ма?
3.Буын саны мен дыбыс саны бірдей сөздер бар ма?
4.Шалға қарағанда балада не көп?
5.Қай буында дыбыс көп болады?Ашықта ма,тұйықта ма,бітеуде ме?
6.Буын саны да,буындарындағы дыбыс саны да, буындарының жасалу түрі де бірдей, дыбысталуы ұқсас екі сөз екі түрлі құстың атын білдіреді. Олар қай құстар? Айырмашылығы қай дыбыстарда?
7.Ант пен қант, өқ пен төқ, ұрт пен мұрт, ерт пен серт деген жұп сөздерде екі ұқсастық және екі айырмашалық бар екен. Соны тауып дәләлдеші!
8. Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар.Олар қалаай ұқсас болады?
Есеп
Бала 3 сан ойлады. Оның соңғы екеуі бірінен бірі он есе көп болғанмен, жазғандағы бұын саны тең .Алғашқы сан олардан аз болғанмен, олардың ай қайсысынан бұын саны 3 есе көп.Олар қандай сандар?Жазып дәләлдеңдер.
Кім жарысқысы келеді?
Буындары бір түрлі дауысты дыбыс арқылы ғана жасалған сөздерді кім көп тауып жазса сол озады.Жұмысты орындауға 2-4 мин уақыт беріледі . Жұмысты бастау , аяқтау мерзімі бақылаушы бала басқарып тұрады.Тапсырма төмендегідей:
1.Буындары тек Е дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.
2.Ы дыбысы арқылы ғана.
3.І дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.
Ең аз, ең көп.
Буындары І дыбысы арқылы жасалған ең аз бұынды 10 сөз, ең көп буынды 5 сөз тауып айту керек. Тез тауып , дұрыс мысал келтірген бала озып шыққан болып есептеледі.
Ойна, да ойла.
- Бірінші буыны жіңішке езулік,
Екінші буыны –есімдік.
Тұтасынан алғанда,
Ол- ағаш, тым берік.
- Екі буынды бір сөздің
Алғашқы буыны не зат есім, не етістік,
Соңғысы –тағы есімдік.
Екі буынды қосып айтса бар ғой-
Адамға қажет бір мүлік.
3.Алғашқы буыны –тұйық,
Соңғы буыны – бітеу.
Тұтасынана алғанда,
Құрманғазының қыз атымен аталатын бір күйі.
4.Халық сазгері атанған әнші қыздың аты бітеу буынмен бір ашық буыннан құралады. Ол кім?
5.Бір өзінде 13 әріп, 5 буын,
Басы, аяғы ашық,
Орталары бітеу буын.
Ол әншінің естіп пе едің бұрын?
6.Бір ақынның атында
12 әріп төрт буын
Төртеуі де бітеу буын.
Мұны тауып кәнеки
Айтар екен кім бұрын?
Жүргізуші ұпай санын санап, ең ақылды баланы табады.