Қарапайымдылар
-денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар
Түр саны
-70 мың
Қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа иілгіш қорғаныш қабат
-пелликула
Қарапайымдылардың зиянды заттарды ағзаға бөліп жинақтайтын негізгі мүшесі
-жиырылғыш вакуоль
Қарапайымдылар тыныс алады
— суда еріген оттегі арқылы
Қарапайымдылар тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда
-циста түзеді
Тамыраяқтылар немесе жалғанаяқтылардың өкілі
-амеба, арцелла
Бақалшақты амеба
-арцелла
Жалғанаяқтылардың тағы бір атауы
-саркодиналылар
Саркодиналыларға жататын кейбір ағзалардың дене пішіні тұрақты әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды, оларға жататын
-сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай
Неге тамыраяқты аталған
-денесінің кез-келген жерінен жалған аяғын созып шығара алғандықтан
Бақалшақты тамыраяқтылырдың әктен түзілген қаңқалары
-геологтарға мұнай қабаты мен жердің жасын анықтауға көмектеседі
Бақалшақты қарапайымдылардың қалдықтарынан түзіледі
-мұнай
Амебаның мекені
-су қойма түбіндегі тұнба
Амебаның аяқтарының саны
-тұрақсыз
Амебаның денесін қаптап тұрған өте жұқа серпімді жарғақшалаы қабат
-мембрана
Амебаның қоректенуі
-ұсақ балдырлар мен бактериялар
Амебаның қозғалуы
-жалғанаяқтары арқылы (сағатына 1 см)
Амебаның көбеюі
-көлденеңінен екіге бөлініп
Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы
— адамның ішегінде паразитті тіршілік етеді
Дизентерия амебасының цисталары жұғады
— лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай жегеннен
Талшықтылар
Талшықтылардың өкілдері
-эвглена, вольвокс, лямблия, лейшмания, трипаносома, бодо
Эвгленаны өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өтпелі форма деп айтқан ғалым
-Аристотель
Талшықтылар қозғалады
-талшықтары арқылы
Жасыл эвгленаның қоректенуі
-жарықта фотосинтез, қараңғыда дайын органикалық заттармен
Эвгленаның жарықты сезуі
-қызыл көзшесімен
Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден ерекшелігі
-жарық сезгіш көзшенің болуы
Эвгленаның көбеюі
-ұзынынан екіге бөлініп
Вольвокстің пішіні
-шар тәрізді
Вольвокс шоғырындағы жеке жасушалар бір-бірімен байлаысады
-цитоплазмалық көпіршелер арқылы
Вольвокстың жасыл эвгленадан ерекшелігі
-шоғырланып тіршілік етуге бейімделген
Қауіпті тері ауруы лейшманиозды туғызып паразиттік жолмен тіршілік етеді
-лейшмания
Лейшманияны таратушы
-үлкен құм тышқанының інінде өмір сүретін құм шіркейлері
Төрт талшықты адамның аш ішегінің жоғарғы бөлігінде, өтте жиі кездесіп лямблиоз ауруын туғызады
-лямблия
Ұйқы ауруының қоздырғышы
-трипаносома
Ұйқы ауруының таратушысы
-цеце шыбыны
Трипаносома паразиттік өмір сүреді
-қан плпзмасында
Қазақстан даласында трипаносома қоздыратын аурулар
-түйеде – су ауруы, жылқыда – қараталақ
Шығыс Үндістан мен Бангладешке індет болып тиген ауру
— кала-азар
Теңізде тіршілік етіп, денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейді
-түншырақ
Бақаның артқы ішегінде болатын паразит
-опалина
Кірпікшелілер
Кірпікшелілердің өкілі
— кірпікшелі кебісше
Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді аузы бар жәндік
— кірпікшелі кебісше
Дене тұрқы 0,2 мм, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты жәндік
— кірпікшелі кебісше
Кебісшенің басқа қарапайымдылардан ерекшелігі
— екі ядролы (үлкен және кіші)
Кіші ядроның қызметі
-көбеюге қатысу
Үлкен ядроның қызметі
— тыныс алу, зәр шығару,
Кебісше қозғалады
— кірпікшелері арқылы
Кірпікшелерінің саны
-2000-2500
Кебісшенің жиырылғыш вакуолінің пішіні
— жұлдызша тәрізді
Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолінің саны
— екеу
Кебісшенің көбеюі
— жынысты, жыныссыз
Жанасу әдісімен жынысты көбейетін жәндік
— кірпікшелі кебісше
Кебісшенің су қоймасындағы маңызы
— су жануарларына қорек
Споралылар
Споралылар өкілі
— қантұрғын (безгек паразиті), құртамыш
1181 жылы безгек паразитін ашқан
— Лаверан
1886 жылы қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген
— Мечников
Безгекті таратушы
— безгек масасы
Безгек ауруының таралуы
— эритроцит арқылы
Безгекпен ауырған адамның дене қызуы +40°-тан көтеріліп, жиі-жиі қалтырау себебі
— қантұрғынның жасуша ішінде көбейіп, қанға улы зат бөлуінен
Қантұрғынның бір қан түйіршігінен екіншісіне ауысуы созылады
— 2-3 тәулікке
Безгек ауруын емдейтін дәрілер
— хинин, акрихин
Безгек масаларын құрту шаралары
— олар қыстайтын жерлерге гексахлоран сиқты улы химикаттарды шашу, батпақты құрғату, маса дернәсілімен қоректенетін гамбузия балығын өсіру
Құртамыш өмір сүреді
— ішек, бауыр, бүйрек және өзге мүшелерде
Құртамыш туғызатын ауру
— кокцидоз (бұл аурумен үйқоян, тауық, сиыр, балық тіпті адам да ауырады)
Ішекқуыстылар типі
Ішекқуыстылар
-Екі қабатты, сәулелі симметриялы жәндіктер
Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты
-эктодерма
Ішекқуыстылардың ішкі қабаты
-энтодерма
Эктодермада орналасқан
-атпа, жүйке, жыныс, тері-бұлшықет жасушалары
Энтодермада орналасқан
-ас қорыту және безді жасушалар
Атпа жасушалары тән
-барлық ішекқуыстыларға
Гидраның атпа жасушаларының көп шоғырланған жері
-эктодермасында
Атпа жасушаларының қызметі
-қорғаныш және қорегін аулау
Аралық жасушалар
-эктодерма қабатындағы ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар. Регенерацияға жауап береді.
Регенерация құбылысы
-дененің жойылған немесе зақымдалған бөліктерін қалпына келтіру. Көпшілік ішекқуыстыларға тән
Гидра денесі зақымданғанда өсуі күшейе түседі
-аралық жасушалардың
Гидратектестер
-гидра, обелия
Жануарға қарағанда өсімдікке ұқсайды
-гидра
Гидраның ауыз қуысы айналасындағы қармалауышының саны
-5-8
Гидраның қозғалуы
-адымдап, тоңқаңдап (төңкеріліп)
Гидраның көбеюі
-жынысты ,жыныссыз
Жыныссыз көбеюі
-жаздың жылы күндерінде бүршіктеніп
Жынысты көбеюі
-қосжынысты, ұрықтанған жұмырқа жасушасы қыстап шығып, көктемде қабығы жарылып, тіршілігін жалғастырады.
Гидра тіршілік етеді
-суы таза, оттегіне бай, баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандарда
Гидра төсемікке бекінеді
-табаны арқылы
Жүйке жасушасының пішіні
-жұлдызша тәрізді
Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар
-жүйке
Жүйке жасушалары түзеді
-жүйке торын
Ең алғаш тек ішекқуыстыларда байқалады
-жүйке торы
Гидраның қорытылмаған ас қалдықтары шығарылады
-ауыз қуысы арқылы
Тітіркенгіштік дегеніміз
-жүйке жасушасы арқылы сырқы әртүрлі қимылдарға жауап беруі
Рефлекс дегеніміз
-тірі ағзалардың сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап беруі
Гидраның қоректенуі
-жыртқыш, ұсақ шаянтәрізділермен және балықтардың кішкене шабақтарымен
Гидрада бар ұлпалар
-жабын, жүйке, асқорыту
Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүреді
— обелия
Обелияның көбеюі
— жынысты, жыныссыз
Жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (қармалауыштары және аузы жоқ) арқылы жүзеге асады
— обелия
Сцифоид сөзінің мағынасы
-табақша
Медузалар
-еркін тіршілік етеді, мөлдір денелі
Медуза өмір сүреді
-теңіздерде
Медузада дамыған сезім мүшелері
-жарық сезу, иіс сезу
Медузада жоқ мүше
-табан
Планула
-ішекқуыстылардың кірпікшелі дернәсілі
Денесі бағана тәрізді, әдемі гүлге ұқсас жырқыш ішекқуысты жәндәік
-актиния
Арал және каспий теңіздерінде тіршілік ететін көпаяқты
-актиния
Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар
— көпқармалауыштылар (полиптер)
Көп қармалауышты маржандар
— тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер
Көп қармалауышты маржандардың әктенген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында пайда болады
-риф (үйінді)
Рифтің түрлері
-тосқауыл, жағалық, шеңберлі
Шеңберлі риф
-атолл
1842 жылы «Риф түзілу» теориясын жазған
-Ч. Дарвин
Ең ірі ішекқуысты жәндік
-цианеа капиллата
Дыбыс тербелісін сезетін ішекқуысты
-медуза
Жалпақ құрттар типі
Жалпақ құрттар типінің кластары
— кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, таспа құрттар
Мезодерма қабаты пайда болған
— эктодерма мен энтодерма аралығынан
Жалпаққұрттардың басым бөлігі
— паразиттер
Паразит құрттарды зерттейтін ғылым
— гельминтология
Жалпақ құрт аталу себебі
— бауыр жағы арқасына жабысып денесі жалпақ пішінді болғандықтан
Кірпікшелі құрттар класы
Кірпікшелі құрт
— ақ сұлама, еркін жүзіп тіршілік етеді
Ақ сұламаның жүйке жүйесі
— денені бойлай созылған екі бағана
Бұрын болмаған жаңа жүйе
— зәр шығару жүйесі
Жоқ жүйелер
-қан тарату және тынысалу
Ақ сұламаның ас қорыту жүйесі
— ауыз→жұтқыншақ→ішек
Аузынан жұтқыншағын шығарып, қорегіне сұғындыра қоректенетін жіндік
— ақ сұлама
Қорытылмаған ас қалдықтарын шығарады
— ауыз арқылы
Сезім мүшелері
— тепе-теңдік сақтау, қарапайым көзшелер, сипап сезу
Көбеюі
— қосжынысты
Аналық без орналасқан
— дененің алдыңғы жағында екі денешік ретінде
Аталық без орналасқан
-бүкіл денеге таралып, көпіршік тәрізді
Зәр шығаруы
— бүкіл денесіне таралған нәзік өзекшелер
Сұлама қозғалады (суда еркін жүзеді)
— кірпікшелері арқылы
Сақиналы бұлшықеттері
-сыртқы қимылдарға қатысады
Бірыңғай салалы бұлшықеттер
— ішкі қимылдарға қатысады
Қиғаш бұлшықеттер
— аралық қабат қимылына
Сорғыш құрттар класы
Өкілдері
-бауыр сорғыш, мысық сорғыш, қаншыл сорғыш немесе айыр дене
Бауырсорғыштың сорғышы
— ауыз және құрсақ
Құрсақ сорғышының қызметі
— қоректік денеге жабысу
Құрсақсорғыштың қоректенеді
— өт пен бауыр жасушасымен
Бауырсорғышта кірпікше болады
— тек дернәсіл сатысында
Көбеюі
— қосжынысты
Даражынысты соғыш құрт
— қаншыл сорғыш немесе айырдене
Бауырсорғыштың тіршілік циклі
— жұмыртқа →кірпікшелі дернәсіл →құйрықты дернәсіл →құйрықсыз дернәсіл →циста →жас бауырсорғыш
Бауырсорғыш
— 2 иелі (аралық иесі — тоспа ұлуы, негізгі иесі — сүтқоректі)
Жұмыртқадан құйрықты дернәсілге айналуға қажет
— 2,5 — 3 ай
1891 жылы мысық сорғышынан туындайтын «описторхоз» ауруын сипаттап жазды
— Виноградов
Қаншылсорғыш немесе айырдене
— құрсаққуысы және қуық ірі веналарында тіршілік етіп, шистозомоз ауруын туғызады
Сорғыш құрттарды кейде атайды
— трематод деп
Жануарларда және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді
— эндопаразиттер
Бауырсорғыштың денесін қаптайды
— кутикула (сірқабық)
Таспа құрттар
Өкілдері
— цепен, эхинококк
Таспа құрт аталу себебі
— денесі жалпақ таспа тәрізді болғандықтан (ұзындығы 1-10 м)
Цепен
— 2 иелі (негізгісі — адам, аралық иесі — сиыр)
Сиыр цепенінің сорғышы
— 4 (басында орналасқан)
Денесін қаптайды
— сірқабық
Дененің алдыңғы бөлігіндеқысқа мойында басы, басында 4 дөңгелек сорғышы бар, дененің сыртын сірқабық қаптаған
— сиыр таспақұрты (цепен)
Жүйке жүйесі
— басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, 2 желілі жүйке құрттың денесін бойлай құйрығына дейін созылып жатады
Көзі, асқорыту, тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі
— болмайды
Зәршығару жүйесі
— дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәр шығару түтіктерінен құралады
Көбеюі
— қосжынысты
Тіршілік циклі
— жұмыртқа →алты қармақшалы дернәсіл →финка →ересек құрт
Финна дегеніміз
— цепеннің көпіршікті екінші дернәсілі
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар
-Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсаған жәндіктер
Біріншілік дене қуысы пайда болды
— жүмыр құрттарда
Құрт денесіндегі қуыс пен сұйықтық
— денедегі барлық жасушалармен газ алмасуға қатысады
құрт денесінің қабаттары
— 1)сірқабық; 2) гиподерма; 3)бірыңғай салалы бұлшық ет
Сірқабық
— өлі ұлпа, өсуге мүмкіндік бермейді, құрт түлеу арқылы өседі
Түр саны
— 20 000
Көбеюі
— аналығы аталығынан үлкен, көбінесе жұмырқа салу арқылы
Дененің аналь тесігінен кейінгі бөлімі
— құйрық
Тынысалу және қантарату жүйесі
— болмайды
Жұмырқұрттарды кейде атайды
— нематод
Өсімдік тамырында ауру туғызатын жұмыр құрт
— қызылша жіпшеқұрты
Тері астында өмір сүреді
— суыртқы
Бұлшықеттерде өмір сүреді
— трихинелла
Ішекте өмір сүреді
— үшкірқұрт, ішексорғы
Көбінесе жас балалар мен жасөспірімдердің тік ішегіне орнығады
— үшкірқұрт
Екі сүйір ұштарын қадап, соқырішекте және тоқішекте өмір сүреді
— үшкірқұрт
Үшкірқұрттың денесін қаптаған
— тығыз қабықша (сірқабық)
Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша
— тері-бұлшықет қапшығы
Ішексорғының қоректенуі
— үш ерінді ауыз →ішек →аналь тесігі
көбеюі
— даражынысты, жұмыртқа салу арқылы
Ішексорғы тудыратын ауру
— бөсір (аскаридоз)
Дене пішіні бір жасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмырқұрт түрлері
— қылтыңбас, зымырақ, құрсақкірпікшелі құрт
Жылқының құйрыққылына ұқсас, шумақталған жіңішке жұмырқұрт
— қылқұрт
Қылқұрттың зияны
— дернәсілі бунақденелілер денесінде паразиттік тіршілік етеді
Буылтық құрттар типі
Буылтық құрттар
-3 қабатты, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінген, көп жасушалы жәндіктер
Соңғы немесе екіншілік дене қуысы
-целом
Целом дегеніміз
-дененің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік
Буылтық құрттарда алғаш ретпайда болған
-тұйық қанайналым жүйесі
Кластары
-3 (азқылтандылар, көпқылтандылар, сүліктер)
Азқылтанды құрттар
Шұбалшаңның қызғылт түсті болуы
-қаны қызғылт түсті болғандықтан
Қанайналым жүйесі
-тұйық, арқа және құрсақ қантамырларымен оларды жалғастыратын жүрекшелерден тұрады.
Асқорыту жүйесі
-ауыз →жұтқыншақ →өңеш →жемсау →қарын →ішек →аналь тесігі
Шұбалшаңның әрбір буылтығында
-сегізден қысқа қылтандары болады
Қылтандардың қызметі
-денені орнықты ұстау
Сипап сезу қызметін атқарады
-қылтандар
Шұбалшаңның бірыңғай салалы бұлшық еті жиырылғанда
-қысқарып жуандайды
Шұбалшаңның сақиналы бұлшық еті жиырылғанда
-ұзарып, жіңішкереді
Құрт денесінен бөлінген шырыш
-үйкелісті кемітеді
Шұбалшаңның қоректенуі
-өсімдіктердің шіріген қалдықтарымен
Тыныс алуы
-ылғалды жұқа тері
Зәр шығаруы
-шұбалшаңның әрбір буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелер арқылы
Жүйке жүйесі
-жұтқыншақ үсті және құтқыншақ асты жүйке сақинасы мен құрсақ жүйке тізбекшесі
«Ми» деп те аталады
-бас бөлігінде орналасқандықтан жұтқыншақ үсті жүйке түйіні
Көбеюі
-айқаспалы тәсілмен ұрықтанатын гермафродит
Жас ұрпақтары пілдеде дамып, сыртқа шығатын жануар
-шұбалшаң
Шұбалшаңның маңызы
-топырақты қопсыту, құнарландыру
Тұщы су қоймасындағы буылтық құрттардың маңызы
-балықтарға жем болу
Көпқылтанды буылтық құрттар
Өкілдері
-құмқазар мен нереида
Нереиданың қанының түсі
-жасыл
Көпқылтанды құрттарға тән ерекшелік
-айрықша қозғалыс мүшесінің (дененің екі қапталын бойлай орналасқан қылтандары бар параподия) болуы
Көбеюі
-жынысты, жыныссыз
Трохофора (грекше трохос – дөңгелек)
-денесінде кірпікшелері бар дернәсіл
Тыныс алуы
-желбезек
Сезім мүшелері
-көздері мен қармалауыштары
Түсі қошқыл қоңыр, құмнан ін қазып тіршілік тетін көпқылтанды құрт
-құмқазар
Сүліктер класы
Сүліктің сорғышы
-2 (алдыңғы және артқы)
Аузы
-3 жақты
Сүлік сорғаннан кейін жарадан қан тоқтамай көп ағады
-себебі, ауыз қуысында қанды ұйытпай сұйылтатын, гирудин деп аталатын ерекше нәруызды зат бөлетін бездері болғандықтан
Сүлікті емдік мақсатта пайдаланады
-көктамыр бітелгенде, жүрек бұлшық еттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда
Сүліктің көзі
-оншақты жай көз
Көбеюі
-қосжынысты, тура дамиды
Ұлулар немесе былқылдақденелілер типі
Ұлулар немесе былқылдақденелілер
— денесі жұмсақ, 3 қабатты, екі жақты симметриялы, көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер
Кластары
— бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар
Денесі тұрады
— бас, тұлға, аяқ, бақалшақ, бақалшақ қалдығынан
Шапанша (мантия) дегеніміз
— тұлғадағы ерекше қатпарлы қабат
Бақалшақ қалыптасады
— шапаншаның үстіңгі бетінен
Негізгі қозғалыс мүшесі
— аяқ
Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі бұрын кездеспеген өзгешелік
— бауыр
Тоспа ұлуының тілі
— хитинді ұсақ тісшелері бар, «үккі» деп аталады
Қантарату жүйесі
— ашық
Ұлудың қаны
— түссіз
Көгілдір қанды былқылдақденелілер
— басаяқтылар
Жүйке жүйесі
— жүйке түйіндерінен тұрады (тоспа ұлуында — 5жұп, айқұлақта — 3 жұп)
Тоспа ұлуының жүрегі
— 2 бөлімді (бір құлақша, бір қарынша)
Тоспа ұлуы тыныс алады
— өкпесі арқылы
Суда тіршілік ететін ұлулар тыныс алады
— желбезек
Зәр шығаруы
— бүйрек
Бауыраяқтылардың түр саны
— 80 000
Өкілдері
— жүзім ұлуы, тоспа ұлуы, жалаңаш шырыш, қошқармүйіз
Бауыраяқты деп аталу себебі
— аяғы денесінің астыңғы бөлігі бауырын толық қамтығандықтан
Тоспа ұлуының зиянды жағы
— паразит құрттардың аралық иесі
Бау-бақша жүзімдікке зиян келтіреді
— жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш
Ұлудың екі көзі
— құрлықты мекендейтіндерінде қармалауыштарының ұштарында, суда тіршілік ететіндерінде қармалауыштарының негізінде (түбінде)
Қосжақтаулы ұлулар
— айқұлақ, мидия, устрица, гребешок,інжуір, кемеқұрт
Айқұлақтың денесі
— тұлға, аяқ
Айқұлақтың аузы
— аяғының қасында
Тілі жоқ ұлу
— айқұлақ
Сифоны бар жәндік
— айқұлақ
Қосжақтаулылардың түр саны
— 20 000
Көбеюі
— даражынысты
Тағамға пайдаланылатын түрлері
— устрица, мидия, гребешок
Тіршілік циклінде уақытша паразиттік тіршілік етеді
— айқұлақ
Ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін теседі
— кемеқұрт
Қосжақтаулылардың табиғаттағы маңызы
— суды денесі арқылы өткізіп, оны плактондардан тазартады
Құрылыста пайдаланылады
— ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы)
Басаяқтылар класының өкілдері
— кальмар, каракатица, сегізаяқ
Түр саны
— 800
Басаяқты аталу себебі
— басындағы қармалауыштары аяқ қызметін атқарғандықтан
Қармалауыштарының саны
— 8-10
Су тереңінде 50 км/сағ жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды
— кальмар
Реактивті қозғалады
— кальмар, каракатица
Құмда жасырынып жатқан қорегін суды атқылату арқылы табады
— каракатица
Сегізаяқты сиқырлап ұйықтатуға болады
— аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын салбырату арқылы
Адамның көзіне ұқсас құрылысты көзі бар
— кальмар
Тағамға пайдаланылады
— сегізаяқ, каракатица
Буынаяқтылар типі
Кластары
-шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер
Буынаяқтылар
-аяғы бунақталған, екі жақты симметриялы, көпжасушалы,денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған жәндіктер
Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі
-көпқылтанды буылтық құрттар
Түр саны
— милионнан астам
Шаянтәріздестер класы
Өкілдері
-циклоп, дафния, асшаян, теңізжаңғақ, таңқы шаян
Денесі
-баскөкірек, құрсақ (екі бөлікті)
Қантарату жүйесі
-ашық
Қанының түсі
-түссіз
Жүрегінің пішіні
-бес бұрышты қалта
Зәр шығару жүйесі
-бас бөлімінде орналасқан жүп жасыл без
Жасыл бездерінің түтікшелері ашылады
-мүртшаларының түбінен
Мұртшалары
-екі жұп (бір жұп ұзын, бір жұп қысқа)
Ұзын мұртшаларының қызметі
-сипап сезу және иіс сезу
Қысқа мұртшаларының қызметі
-тепе-теңдік және сезу
Көзі орналасқан
-қозғалмалы сабақшада
Көзі
-3020 жай көзден тұратын күрделі көз
Жүйке жүйесі
-шұбалшаңға ұқсас бірақ кұрделі құрылысты
«Ми» түзілген
-жұтқыншақасты және жұтқыншақ үсті жүйке сақинасының бірігуінен
Өзен шаянының баскөкірек бөлігіндегі аяқтар
-1 жұп үстіңгі жақ, 1жұп астыңғы жақ, 2 жұп жақаяқ
Көкірек бөлігінде орналасқан
-5 жұп аяқтар; 4 жұп жүру яяғы, 1 жұп қысқыш аяқ
Қысқыш аяқтың қызметі
-қорғану және қорегін аулау
Құрсақ бөлімінде орналасқан
-жүзу және көбею қызметін атқаратын 5 жұп аяқ
Өзен шаяны қозғалады
-жүргенде алға, жүзгенде артқа қарай
Тыныс алуы
-желбезек
Шаянның қарыны
-2 бөлікті (1 күйіс қарын, 1 сүзгі қарын)
Көбеюі
-даражынысты, уылдырық салу арқылы
Өрмекшітәріздестер класы
Өкілдері
-құршаян, кенелер, бүйі, қарақұрт, мизан
Өрмекшітәрізділер бөлінеді
-өрмекшілер және кенелерге
Денесі
-2 бөлікті: баскөкірек және құрсақ
Қанайналым жүйесі
-ашық
Қанының түсі
-түссіз
Баскөкірек бөлімінде орналасқан
— 6 жұп аяқ: 1жұп күйісаяқ, 1 жұп тұтқыаяқ, 4 жұп жүру аяғы
Өрмекшінің құрсақ бөлімінде
-аяқ болмайды
Иісті сезе алады
-тұтқыаяқтары және жүру аяқтарының ұшымен
Өрмекшінің дәм сезу мүшесі
-жұтқыншақ
Өрмекшінің көзі
-8 жай көз
Зәр шығаруы
-Сатанбез және мальпигий түтікшелері
Тыныс алуы
-өкпе қапшығы және демтүтік
Астың ішектен тыс қорытылуы байқалатын жәндік
-өрмекші
Көбеюі
-даражынысты, аталығы аналығынан кішірек болады
Жұмыртқасы пілдеде қыстап шығады
— айқышты өрмекші
Өрмек бездері
-3 жұп
Ықтырма деп аталатын ау тоқитын өрмекші
-қарақұрт
Ықтырма дегеніміз
-белгілі пішіні жоқ өрмекау
Көкшетау маңында мекендейтін өрмекші
-бүйі
Кененің жүру аяғы
-4 жұп (8 аяқ). Аяғы 2 жұп берішкенеде
Кененің ауыз аппараты
-кеміруші немесе шаншып сорғыш
6 аяқты дернәсілі
-нимфе
Қансигек ауруын туғызады
-жайылым кенесінің нәзікбас деген түрі
Қансигек ауруының ғылыми атауы
-пираплазмоз
Энцефалит ауруын туғызады
-тайга немесе ит кенесі
Ит кенесі
-3 иелі
Қышыма ауруын туғызады
-мөлшері 0,2-0,5 мм қышыма кенесі
Астық қорының зиянкесі
-қамба кенесі
Құстардың денесінде мекендеп әкаяқ ауруын туғызады
-мамық кене
өсімдіктердің шырынын сорады
-беріш кене
Мәдени өсімдіктердің зиянкестерінің бірі
-өрмек кене
Бунақденелілер класы
Түр саны
-700 000
Отряд саны
-35
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым
-энтомология
Денесі
-3 бөлікті (бас, көкірек, құрсақ)
Аяқтары
-3 жұп
Қанаттары орналасқан
-көкірегінде
Тыныс алуы
-демтүтік
Бунақденелілердің темтүтігіне ауа өтеді
-тыныс саңылауыарқылы
Ауыз аппараты
-шаншыр сорғыш (маса, қандала), сүзіп жалаушы (шыбын), кеміруші (қоңыз), кеміріп жалаушы (балара), түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек)
Үй жәндігіне айналған түр
-таракан
Инсектицид
-зиянды бунақденелілерді жоюға араналған химиялық дәрі
Зиян келтіретін бунақденелілерді табиғи жауымен жою әдісі
-биологиялық әдіс
Ірі малда қарасан ауруын таратады
-сона
Бөртпе сүзекті адамға таратады
-бит
Бөртпе сүзекті де, оба ауруын да таратады
-бүрге
Бидайға зақым келтіретін қандала
-қасақы жалпайма
Аузы жетілмеген бунақденелі
-бөгелек
Бөгелектің дернәсілі сиырдың терісінде дамитын болса
-оқыра
Қойдың кеңсірігінде дамыса
-осқырма
Қанайналым жүйесі
-ашық
Бунақденелілердің қаны
-гемолимфа деп аталады, түссіз, тыныс алуға қатыспайды
Жүрегінің пішіні
-түтік тәрізді
Зәр шығаруы
-мальпигий түтікшелері
Көбеюі
-даражынысты
Толық түрленіп даму тұрады
-4 сатыдан: жұмыртқа → дернәсіл →қуыршақ → имаго
Шала түрленіп даму тұрады
— 3 сатыдан: жұмыртқа → дернәсіл → имаго
Толық түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтары
— қатқылқанаттылар немесе қоңыздар (көмбекей, қанқыз, коларадо); бүргелер; қосқанаттылар (маса, шіркей, шыбын, бөгелек, сона); қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (кәдімгі махаон); жарғаққанаттылар (балара, астық қиғысы, шаншар, құмырсқа)
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтары
-турақанаттылар (шегірке, саяқ, шілделік, бұзаубас); таракандар; дәуіттер; инеліктер; биттер; мамықжегі немесе түкжегі; құлықтар; теңқанаттылар (біте, қалқаншалы); шалақатқылқанаттылар немесе қандалалар
Зауза қоңызының дернәсілінің дамуы созылады
— 4 жылға
Шағатын жарғаққанаттыларға жататын бунақденелілер
-ара, түкті ара, құмырсқа
«Қоғамдық» жануарлар
-бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» болып өткізетін ағзалар
Жұмысшы құмырсқалардың құрсағының жартысынан артыығын алып жатыр
-құмырсқа қышқылын түзетін едәуір үлкен без
Аталық және аналық құмырсқаның қызметі
-көбею, қоныс аудару
Жұмысшы құмырсқалардың қызметі
-ұя салу, жыныстық құмырсқларды және ұрықтарды күту,қорек жинап әкелу
Жауынгер құмырсқаның қызметі
-ұяны жауынан қорғау
Ұяны бұлшықеттерінің көмегімен қанаттарын тез-тез қимылдату арқылы температураны қалпына келтіреді
-жұмысшы аралар
Тікентерілілер типі
Жануарлар дүниесін жіктеудегі тікентерілілердің желілерге ұқсас болу себебі
— соңғы ауыздың пайда болуы
Кластары
— теңізжұлдыздары, теіңз кірпілері,теңіз қияры
Түр саны
— 6 000
Денесі бес тармақты
— теңіз жұлдыздары, теңіз рухгүлдері. жыланқұйрықтар
Денесі шар пішіндес
— теңіз кірпісі
Дене жабыны
— 2 қабат (сыртқы қабат -эпителий, ішкі қабат — талшықты дәнекер ұлпасы)
Тек тікентерілерге ғана тән жүйе
— сутүтікшелі
Целомның бастамасынан дамитын, ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшелерден құралған күрделі жүйе
— сутүтікшелі жүйе
Сутүтікшелі жүйенің қызметі
— қозғалып жүру, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, түйсіну
Регенерациялануға аса бейім тікентерілі
— теңіз жұлдызы
Сорғыш табаны бар, сутүтікшелі аяғы бар
— теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде
Төсемікке сабағымен жабысып, отырықшы өмір сүреді
— теңізрухгүлдері
Қарапайым құрылысты көзшелері бар
— теңіз кірпісінің денесінің үстіңгі бөлігінде, теңіз жұлдыздарының тармақтарының ұшында
Теңіз қиярының арнаулы тынысалу, зәршығару мүшесі
— суға толы өкпе
Аузында бестісті жақсүйегі бар, денесін әктенген тікенектер қаптап тұратын теңіз жәндігі
— теңіз кірпісі
Қосжынысты тікентерілілердің ұрықтануы жүреді
— суда
Тікентерілілердің табиғаттағы маңызы
— суды радиоактивті заттардан тазартады
Құрылыс материалы болып табылады
-қазба қалдықтары (Бельгиялық мәрмәр)
Тағамға пайдаланылатын тікетерілі
-трепанг
Қантарату жүйесі
— 2 шеңберлі тамырлар (біреуі ауызды, екіншісі аналь тесігін қоршайды)
Әктенген тері қаңқасы дамиды
— ішкі қабаттан
Екі жақты симметриялы қасиет сақталынған
— еркін жүзетін дернәсілдерінде
Желілілер типі
Желілілер
— денесі қуысты,3 қабатты, 2 жақты симметриялы, арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі бар жануарлар
Жүйке түтігі оналасқан
— желі үстінде
Желілердің тип тармақтары
— 1) бассүйексіздер; 2) қабықтылар; 3) омыртқалылар
Бассүйексіздер тип тармағы
Өкілі
— қандауырша
Қандауыршаның дене тұрқы
— 5-8 см, денесі екі бүйірінен қысыңқы,арқа жүзбеқанаты құйрық және құйрықасты жүзбеқанатымен тұтасып кеткен
Қандауырша деп аталу себебі
— құйрық жүзбе қанатының пішіні медициналық аспап қандауырға ұқсас болғандықтан
Терісі
— екі қабаттан тұрады (эпидермис және нағыз тері)
Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік
— терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы
Қаңқа қызметін атқарады
— желі
Қандауыршаның жүйке жүйесі
— жүйке түтігінен тұрады
Қандауыршада жоқ мүшелер
— бас сүйегі (ми), жүрегі
Жүрек қызметін атқарады
— құрсақ қолқа қантамыры
қантарату жүйесі
— тұйық
қанының түсі
— түссіз
Зәршығару түтікшелері орналасқан
— жұтқыншақ маңында
Орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады
— жүйке түтігі
Көбеюі
— даражынысты
Қандауыршаның дернәсілдері су ішінде үш айдай еркін жүзіп жүреді
— кірпікшелерімен
Жыныс бездері орналасқан
— жұтқыншақ маңында
Ұрықтануы сырттай
Жыныстық жағынан жетіледі
— 2-3 жылда
Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген
— Ковалевский
Қабықтылар тип тармағы
Өкілі
— асцидия
Желісі болады
— дернәсіл кезінде
Қабықты деп аталу себебі
— денесі қалың, тығыз құрамы жасұныққа жақын зат қаптағандықтан
Кейде дернәсіл желілі деп аталу себебі
— желісі тек дернәсіл кезінде болғандықтан
Денесі
— күбі пішіндес, 1 мм-ден 30 см-ге дейін, ауыз және клоакалық сифоны бар жәндік
Тынысалуы
— желбезек
Қантарату жүйесі
— ашық
Ішектыныстылар класының өкілі
— баланоглосс
Ішектыныстылардың дернәсілі торнарияны ашты
— 1850 жылы Мюллер
Торнарияның баланоглосс дернәсілі екенін дәлелдеді
— 1870 жылы Мечников
Омыртқалылар тип тармағы
Омыртқалылар тип тармағының өкілдері
— дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер
Омыртқалыларды жақсүйектерінің болу болмауына байланысты бөледі
— жақсүйексіздер және жақсүйектілер
Жақсүйексіздерге жатады
— дөңгелекауыздылар (минога, миксин)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген
— Каспий миногасы
Ұрығының даму ерекшелігіне байланысты бөлінеді
— қағанақсыздар, қағанақтылар
Қағанақсыздар
— ұрығы суда дамиды, сыртында арнайы ұрық қабығы болмайды (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер)
Қағанақтылар
— іштей ұрықтанады, ұрығы дамыған кезде сыртында арнайы қабықша түзіледі (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
Дене температурасына байланысты бөлінеді
— салқынқандылар (дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар) және жылықандылар (құстар, сүтқоректілер)
Балықтар класы
Балықтарды зерттейтін ғылым
— ихтиология
Түр саны
— 20 000
Денесі
— 3 бөліктен тұрады (бас, тұлға, құйрық)
Жұп жүзбеқанаттары
— көкірек, құрсақ
Тақ жүзбеқанаттары
— арқа, аналь, құйрық
Бағыт береді және алға қарай жүзгенде негізгі роль атқарады
— құйрық жүзбеқанаты
Судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатына көтеріледі, әрі тепе-теңдігін сақтайды
— көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары
Денені берік ұстауға көмектеседі
— аналь (құйрықасты)
Балықтың жүзгіштігін реттейді, кейде дыбыс шығаруға көмектеседі
— торсылдақ
Сазанның торсылдағы
— 2 бөлікті
Алабұғаның торсылдағы
— 1 бөлікті
Торсылдақ дамыған
— асқорыту жүйесінен
Жүрегі
— 2 бөлікті (1 құлақша, 1 қарынша)
Балық жүрегінде ағады
— вена қаны
Қанайналым жүйесі
— тұйық, 1 шеңбер
Тынысалуы
— желбезек
Зәр шығаруы
— таспа тәрізді жұп бүйрек
Ерекше сезім мүшесі — бүйір сызығы
— су ағысы ның күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді
Тоқ ішегі
— жуан, ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтатын оралма тәрізді қатпарлары бар
Клоака
— тік ішектің кеңейген бөлімі
Шеміршекті балықтар
— акула, скат (жұпбалық, тұтасқанат), химера (тұтасбас)
Химереның
— терісінде қабыршақтары жоқ
Шеміршекті балықтарға тән белгілер
— желбезек қақпағы, торсылдағы жоқ, құйрық жүзбеқанатының астыңғы қалағы үстіңгісінен едәуір үлкен, ұүрсаұ және көкірек жүзбеқанаттары көлбей орналасқан
Манта
— ең ірі жұпбалық
Скаттың электр шығаратын мүшесі
— басы мен көкірек жүзбеқанаты аралығында
Акуланың желбезек доғаларының саны
-5 жұп
Акуланың жақсы дамыған сезімі
— иіс (қан иісін шақырымнан сезеді)
Шеміршекті балықтардың ұрықтануы
— іштей
Шеміршекті балықтар бөлінеді
— тақтажелбезектілер, тұтасбастар болып 2 класс тармағына
Тақтажелбезектілерге жатады
— акула, жұпбалық
Акуланың түр саны
-350
Ең қауіпті акула
— сұр акула
Кең тараған түрі
— жолақ акула
Ең ірісі
— китпошымды акула
Акулалар өмір сүреді
— барлық мұхиттардың субтропиктік және тропиктік теңіздерінде
Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған
— қуық
Балықтың жасын анықтауға болады
— қабыршақтағы асқина санына қарап
Желбезегі сыртында болады
— желбезек қақпағы
Тынысалу (газалмасу) жүзеге асады
— желбезек жапырақшаларында
Есту мүшесі
— ішкі құлақ
Ұрықтануы
— сырттай
Шоғал дегеніміз
— аталық безден бөлінетін сұйықтық (сперматозоидтар жиынтығы)
Сүйекті-шеміршекті балық
— бекіретәрізділер
Бекіретәрізділерге жатады
— қортпа, шоқыр, пілмай, тасбекіре
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бекіретәрізділер
— тасбекіре, пілмай
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90 пайызы
— сәулеқанаттылар
Қалаққанатты балықтарға жатады
— қостыныстылар, саусаққанаттылар (латимерия)
Майшабақтәрізділер отрядына жатады
— сардинка, қылқа, түлкібалық
Албырттәріздестерді басқа балықтардан ажыратады
— құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы
Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып өледі
— құнысбалық, кета, нерпа
«Патша балығы» деп аталатын бахтах жатады
— албырттәрізділерге
Тұқы тәріздестер отрядына жатады
— аққайран, мөңке, қаракөз, ақмарқа, табан, таяз
Уылдырықтама дегеніміз
— уылдырық шашатын орын
Өрістегіш балық
— уылдырықтама іздеп теңізден өзенге немесе керісінше сапар шегетін балықтар
Балықтың даму сатысы
— уылдырық→ ұрық→дернәсіл→шабақ→ересек балық
Қосмекенділер
Қосмекенділер
-құрлыққа алғаш шыққан ағзалар. Құрлықта да, суда да тіршілік ете алады.
Түр саны
-4 000-нан астам
Қазақстанда кездеседі
-12 түрі
Қызыл Кітапқа тіркелінген
-3 түрі (қызылаяқ бақа, даната құрбақасы, Жетісу бақатісі)
Денесі
-бас, тұлға, аяқ
Қаңқа бөлімдері
— 4 (бассүйек, омырқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары)
Омыртқа жотасының бөлімдері
— мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық
Бір ғана омыртқадан болады
— мойын және сегізкөз бөлімдерінде
Алдыңғы аяқ бөлімдері
-қар, білек, алақан
Артқы аяқ бөлімдері
-сан, сирақ, табан
Алақанында
-4 саусақ
Табанында
-5 саусақ
Иық белдеуі тұрады
-бұғана, қарға сүйек және жауырыннан
Бақада жоқ сүйек
-қабырға
Тыныс алуы
-өкпе және тері
Өкпесінің пішіні
-сопақша қапшық тәрізді, нашар дамыған
Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі
-тері
Терісі
-жұқа, жұмсақ, сілемейлі шырышпен шыланған, ылғал. Сол себепті ауаны да, суда еріген оттегіні де жақсы өткізедія
Жүрегі
-3 бөлімді (1 қарынша, 2 құлақша)
Қанайналым жүйесі
-2 шеңбер
Есту мүшесі
-ішкі және ортаңғы құлақ (тек үзеңгі сүйегі бар)
Жақсы дамыған ми бөлімі
-ортаңғы ми
Баяу қозғалуына байланысты нашар дамыған ми бөлімі
— мишық
Зәр шығаруы
-жұп бүйрек
Көбеюі
— дара жынысты, сырттай ұрықтанады, уылдырық салып көбейеді
Бақа дернәсілі
— итшабақ
Ұрықтанғаннан кейін көлбақаларда дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып шығады
— 8-10 тәуліктен соң
Бақа дернәсілі тыныс алады
— желбезек арқылы
Итшабақтың жүрегі
— 2 қуысты, қанайналым шеңбері біреу
Алғаш рет қосмекенділерде пайда болды
-сілекей бездері
Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділердің сирек таралу себебі
— қоршаған ортаның температурасына тәуелді болғандықтан
Қосмекенділер пайда болған
-ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдардан)
Отрядтары
-3 (аяқсыз, құйрықты, құйрықсыз)
Аяқсыз қосмекенді
-сақиналы құртжылан
Құйрықты қосмекенділер
-жетісу бақатісі, саламандра, тритон
Құйрықсыз қосмекенділер
-бақа, құрбақа
Қазақстанда мекендейтін құрбақалар
-жасыл, кәдімгі, даната
Қазақстанда мекендейтін бақалар
-көлбақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа
Бақатіс мекендейді
-Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде
Даната құрбақасы мекендейді
-Зайсаң, Балқаш, Алакөл өңірінде
Қызылаяқ бақа мекендейді
-Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында
Жорғалаушылар класы
Жорғалаушылар
— нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар
Түр саны
— 8 мың
Қазақстанда кездеседі
— 51 түрі (тасбақа -2, кесіртке — 30, жылан — 19)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген
— 10 түрі (6 кесіртке, 4 жылан)
Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым
— герпетология
Денесі тұрады
— 5 бөліктен (бас, мойын, тұлға,құйрық және 5 саусақты аяқ)
Қаңқа бөлімдері
— бас сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары мен кеуде қуысы (5 бөліктен)
Қаңқасында алғаш рет пайда болған
— көкірек қуысы
Терісі
— құрғақ, бездері аз, сырты мүйізді қабыршақ, қалқанша, сауытпен қапталынған
Жыланның тілі
— сипап сезу қызметін атқарады
Жыланның уы
— үстіңгі жақсүйектерінде орналасқан тістерінде
У дегеніміз
— түрін өзгерткен сілекей
Тыныс алуы
— өкпе
Қанайналым жүйесі
— тұйық, 2 шеңберден тұрады
Жүрегі
— 3 бөлікті (2 құлақша, 1 қарынша)
Қарыншасы
— жартылай перделі
Жүрегі 4 бөлікті жорғалаушы
— крокодил
Зәр шығаруы
— бүйрек
Алдыңғы ми сыңарының сыртында алғаш рет пайда болған
— жүйке жасушасының шоғыры
Сезім мүшелері
— көз, құлақ, танау
Көбеюі
— даражынысты, жұмыртқа салу арқылы
Ұрпақтарын тірі туатын түрлері
— сұржылан, қалқантұмсық
Отрядтары
— тұмсықбастылар, қабыршаұтылар, крокодилдер, тасбақалар
Тұмсықбастылар өкілі
— гаттерия (Жаңа Зеландия аралында өмір сүреді, Халықаралық Қызыл Кітапқа тіркелінген, түнде белсенді тіршілік етеді, жыныстық жағынан 20 жылда жетіледі 50 жыл өмір сүреді)
Өте ертеден тіршілік етіп келе жатқандықтан тірі қазба деп аталады
— гаттерия
Қабыршақтылар отрядының өкілдері
— жылан, кесіртке, құбылғы
Мүшелдік жыл санауға жылан кірген жыл
Қазақстанда кедесетін улы жыландар
— 4 (кәдімгі, дала сұржыланы, қалқанұмсық, қаражылан)
Сұр жыланның уы әсер етеді
— көбіне қанға
Кобраның уы әсер етеді
— Жүйке жүйесіне
Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы сезеді
— температура өзгерісін
Қалқантұмсық кең тараған
— Қазақстанның оңтүстік аймағына
Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі
— оқжылан
Қазақстанда кездесетін тасбақалардың түрлері
— дала және батпақ тасбақалары
Крокодилдер отрядының тұқымдастары
— нағыз қолтырауын, қолтырауын, азғы
Қазақстанда мекендейтін кесірткелердің түрлері
— шұбар батбат, зайсаңдық батбат, келес, сарлан,үлкенкөз кесіртке, шұбар кесірке
Еліміздегі ең үлкен кесіркенің түрі
— сұр келес
Аяқсыз кесіртке
— сарлан
Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездесетін жорғалаушы
— сұр келес
Құстар
Құстар
— денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылықанды омыртқалы жануарлар
Түр саны
— 8 600, Қазақстанда 500
Құстарды зерттейтін ғылым
— орнитология
Дене температурасы
— +41, +43°
Денесі
— бас, мойын. тұлға
Терісі
— жұқа, құрғақ, бездері аз, су құстарында қауырсынын майлайтын құйымшақ безі жақсы жетілген
Терінің қосалқы бөлімдері
— қауырсын, тұмсық, жіліншік, саусағындағы мүйізді қабыршақтар
Қауырсындар
— ұшуға жағдай жасайды, әрі денедегі температураны реттейді
Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі
— қаламша
Мүйізді бөлігі
— сояу
Құйрықтағы ірі қауырсындардың қызметі
— құстың ұшу бағытын өзгертеді, қонған кезде екпінін баяулатады
Қанатты қағатын қауырсындар
— қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар
Қаңқа бөлімдері
— бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанат,жамбас белдеуі мен артқы аяғы, кеуде қуысы
Құстарға тән күрделі сегізкөзді құрайды
— омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөзбөлімдері жамбас сүйектерімен тұтасып
Қыртөс түзеді
— ұшатын, жүзетін құстардың төссүйегі алдыңғы жағынан қырланып
Жіліншік
— толарсақ, табан сүйектерінің бірігуінен пайда болған
Тұмсық
— жақсүйектің созындысы
Жемсау
-өңештің кеңейген бөлімі (дәнқоректі құстарда)
Құстың қорегі ұсақталып ботқаға айналады
— етті қарында
Дәнқоректі құстар
-кептерлер, тауықтар
Бунақденеқоректі құстар
— қарлығаш, үйрек
Қарын бөлінеді
— етті және безді болып
Тістің қызметін атқарады
— етті қарын
Тыныс алуы
— өкпе және ауа қапшығы
Құстарға тән ерекше тыныс алу түрі
— қосарланып
ауа қапшықтарының көлемі өкпе көлемінен
— 10 есе артық
Төменгі көмекей
— кеңірдектің екі ауатамырына жалғанған жері
Әнші құстар дыбыс шығарады
— төменгі көмекей арқылы
Жүрегі
— 4 бөлімді (2 жүрекше, 2 қарынша)
Құстарда нашар дамыған сезім
— иіс
Қорегін иісі арқылы іздеп табады
— дауылпаз, киви
Зәр шығаруы
— бүйрек
Көбеюі
— даражынысты, жұмыртқа салып
Қызылшақа балапандар
— әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген болады (торғай, кептер, тоқылдақ)
Ширақ балапандар
— үлпілдек қауырсынды, бірден тіршілік әрекетіне көшеді (қаз, тауық тәріздестер)
Құстардың ең ежелгі ата тегі
— 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен ілкіқұс
Құстардың арғы тегі
— 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен көнеқұс (археоптерикс)
Көнеқұстың қазіргі құстардан айырмашылығы
— жақ сүйектерінде тістері болған, 20 құйрық омыртқасы бар, жақ сүйектерінде тістері болған, қанат саусақтарында тырнақтары бар, бірақ төс сүйегінде қыр болмаған
Қыртөстілер немесе ұшатын құстар
— қыртөсі жақсы жетілген, қанаттары сүйірленген, ұзын, қаңқа сүйегі жеңіл, қазіргі кездегі құстардың ең көп түрі
Сулы, батпақты жерлерді мекендейтін құстар
— қаздар, бірқазан, дегелек, қоқиқаз, тырна
Су құстары
-дауылпаз, шағала, сұқсыр, үйрек
Су құстарына тән белгілер
— саусақтары арасында жүзу жарғағы бар, жақсы сүңгиді.Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсық жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады
«Тісшелердің» қызметі
— қоректі сүзіп ұстау (қаз, үйрек)
Орман құстары
— тоқылдақ, көкек, тотықұс, жапалақ, көпшілік торғайлар
Орман құстарының денелері
— шағын, қанаттары сүйір
Тоқылдақ
— ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген, 2 саусағы алға, 2 саусағы артқа бағытталған, қатты құйрық қауырсыны тірек қызметін атқарады
Қазақстанда кездесетін тоқылдақтың түрлері
— 3 (қара, шұбар, кіші)
Ашық далалы алқаптардағы құстар
— күндізгі жыртқыштар (тазқара, бүркіт, жұртшы); тауық тәрізділер (ұлар, бөдене, кекілік, қырғауыл); дуадақтар (безгелдек, жорға дуадақ)
Күндізгі жыртқыштар
— қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейімделген,тұмсықтары қысқа кейде иіліп келген өткір
Жыл құстары
-күзде оңтүстікке кетіп, көктемде қайта оралады ( қараторғай, тырна)
Көшпелі құстар
— күзде, қыста, ауа райының қалай суығанынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар)
Қыстап шығатын құстар
— жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді (қарға, торғай, сауысқан, шымшық)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстардың түрі
— 56
Зайсаң, Балқаш, Каспий, Арал, Алакөл, Марқакөл суларында кездеседі
— қара дегелек, сары және кіші құтан,қалбағай, қарабай
қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана таралған
— ақ дегелек немесе ләйлек (жыл құсы)
Қоқиқаздар мекені
— Қорғалжың
Аққудың қоразы
— саҺар
Аққудың балапаны
— көгілдір
Сұңқар тәріздестер
— тұйғын, бүркіт, кезқұйрық, сақалтай, жұртшы, құмай, сұңқар, ителгі, лашын, бидайық
Халық сұңқартәріздестерді атайды
— қыран құстар деп
Қыран құстардың қоразы
— шәулі
Қыран құстардың аналығы
— мекиен, ұябасар
Қыран құстардың балапаны
— ақүрпек
Тауықтәрізділердің жіліншігінің артқы жағындағы мүйізді өскін
— тепкі
Тырнатәріздестер
-сулы, батпақты жерлерде таралған(,сұр,ақбас,тырна)
Реликт(аламойнақ)шағала
-алакөл көлінде ғана таралған
Қызыл кітапқа тіркелген жапалақтәріздес
-үкі
Торғай тәріздестер
-жоғаторғай,көкқұс,үлкен құралай
Еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді
-жорғаторғай
Құс шаруашылығы дегеніміз
-асыранды құстарды қолда ұстау
Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілген
-жабайы қаз
Тауық мұшелік жыл санауды иеленген
-10 шы жылды
Тауықтардың жабайы арғы тегі
-банкив тауығы
Банкив тауығы таралған
-үндістан жерінде,Ява,Суматра,Цейлон,Зонд аралығындағы орманды алқаптарында
Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары
-леггорн, минорка,андалуз,орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж
Етті тауық қол тұқымдары
-Виандот,Род-Айленд, шантеклер,доминикан,дисерсей
Бройлер
-етті бағыттағы тауық қолтұқымының 7-8 апталық балапаны
Әрі етті,әрі жұмыртқалағыш
-плимутрок
Төбелестіру мақсатында өсіреді
-малай, үнді, ағылшын қол тұқымдары
Үйректің арғы тегі
-жабайы барылдауық үйрек
Қолға үйретілген құстарының ең ірісі
-күркетауық
Қазіргі кезде көп үйретіле басталған құс
-түйеқұс(страус)
Құстарды дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты бөлінеді
-3 топқа(қыр төссіздер, жүзетін құстар, ұшатын қыр төстілер)
Қыр төссіздер
-төс сүйегі жалпақ ұша алмайды,бірақ жылдам жүреді, қанат қауырсындары доғал келеді, аяқтары жақсы жетілген
Түйе құстардың ең ірісі
-Африкалық страус, екі саусақты
Ең кіші түйеқұс
-киви салмағы 2-3 кг жаңа Зеландия аралында өмір сүреді жұмырқасы 0,5 кг
Нанду
-Африканын далалы шөлді аймақтарында таралған
Эму
-австралияда өседі 3 саусақты
Жүзетін құстар
-пингвиндер,алдынғы аяқтары ескекке айналған, аяқтары қысқа дененің артқы жағында орналасқандықтан тік жүреді
Пингвиндердің ең ірісі
— император пингвині
Саны көп таралған түрі
-қоршау көз(адели пингвині)
Сүт қоректілер класы
Сүт қоректілер
-ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды омыртқалылар
Зерттейтін ғылым
-маммология(териология)
Түр саны
-5000
Қазақстанда
-178
Қызыл кітапқа енген
-40
Терінің қосалқы бөлімі
-түк,тырнақ,мүйіз,тұяқ
Терідегі бездер
-май,тер,сүт,иіс шығарады
Қанқасы
-бас сүйек,омырқа жотасы мен кеуде қуысы,иық белдеуімен алдыңғы аяқ, жамбас белдеуімен артқы аяқ
Мойын омыртқасы
-7
Пайда болған бұлшық ет
-көкет
Тістер
-жақ сүйектегі ұяшықтарға орналасқан
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай тістері бөлінеді
-күрек,сойдақ,кіші және үлкен азу тістер
Сиырдың қарны
-төрт бөлімді(тазқарын,жұмыршақ,жалбырша,ұлтабар)
Сиырдың қарнының ең үлкен бөлімі
-таз қарын,онда қорек бактериялардың көмегімен ашып жұмыршаққа өтеді
Өсімдік қоректі жануарлардың ішегінің ұзындығы
-дене тұрқынан 20 есе ұзын
Етқоректі жануарларда
— 4-5 есе ұзын
ауа өтетін мүшелер
— танау тесігі, жұтқыншақ, көмей,кеңірдек, ауатамыр,
Тыныс алуға қатысатын бұлшықеттер
— көкет, қабырғааралық
Қантарату жүйесі
— тұйық, 2 шеңберлі, жүрегі 4 қуысты
Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы
— сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды
Зәр шығаруы
— 2 бүйрек
Есту мүшесі
— ішкі, ортаңғы және сыртқы құлақ
Өздері шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады
— жарқанат, тюлень, дельфин
Көбеюі
— даражынысты, ұрықтануы іштей
Ұрық дамып жетіледі
— жатырда
Жатыр қабырғасындағы ұрық пен аналық арасындағы мүше
— ұрықжолдас (зат алмасады)
Үй қоянының буаз болу мерзімі
— 1 ай
Жабайы қоян
— 45-51 күн
Бұғы
-8-9 ай
Жылқы
— 10 ай
Түйе
— 12-13 ай
Пілдің буаз болу мерзімі
-600 күн
Сүтқоректілер класы жіктеледі
— 2-ге (ілкі және қазіргі )
Ілкі аңдарға жатады
— жұмыртқалаушы сүтқоректілер (үйректұмсық, түрпі, түрпітек)
Қазіргі аңдар
— 2-ге бөлінеді (қалталылар (төменгі сатыдағы аңдар) және қағанақтылар (жоғарғы сатыдағы аңдар))
Қалталылар
— басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада, ұрпақтары өте кіші, әлжуаз
Қалталы сүтқоректілер пайда болған
— 140 млн жыл бұрын
Жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы өтпелі форма
— бұдан 230-180 млн жыл бүрын өмір сүрген аңтісті кесіртке (иностравенция)
Бунақденеқоректілер
— миы нашар дамыған, дене температурасы тұрақты емес, тістерінің құрылысы біркелкі, көздері нашар көреді, иіс сезуі жақсы дамыған (кірпі, жұпартышқан, жертесер, көртышқан)
Қазақстанда кездеседі
— кәдімгі, құлақты, қара кірпі
Кемірушілер
— күрек тістері жақсы жетілген (суыр, жайра, кәмшат, құндыз)
Қазақстанда ғана таралған кеміруші
— қалқанқұлақ (1938ж Селевин Бетпақдала шөлінен тапқан)
Қолқанаттылар отряды
— Қазақстанда 27 түрі бар, Қызыл кітапқа 3 түрі тіркелінген (салпаңқұлақ, қатпарерінді, ақбауыр жарқанат
Жұптұяқтылар
— 3-4 саусағы жақсы жетілген (күйіс қайтаратын және қайтармайтындар (шошқа, бегемот) болып бөлінеді)
Күйіс қайтармау себебі
— ит тістері ұзын, азу тістері бұдырлы, қорегін толық шайнап жұтады және кенеулі азықпен қоректенеді
Доңыз мүшелдік жыл санауға кірген жыл
— 12-ші, аталығы — қабан, аналығы — мегежін, төлі — торай
Мүйізінен қымбат бағалы дәрі алынады
— бұғы, аталығы — бұғы, аналығы — марал, төлі — қодыға
Елік
— аталығы — күлміз, аналығы — сөге, төлі — еңлік
Қуысмүйізділер
— қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар, қой
Арқар
— аталығы құлжа, төлі қозықа
Қойдың арғы тегі
— арқар, муфлон
Ешкінің арғы тегі
— таутеке
Жыртқыштар
— түр саны — 235, Қазақстанда 31, сойдақ және азу тістері жақсы жетілген
Қазақстанда кездеседі
— қоңыр аю (аталығы — матай, аналығы — кірекей, төлі — қонжық)
Қасқыр тұқымдастар
— шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі
Қасқыр
— көсемі — абадан, аталығы — арлан, көкжал, сырттан, біршек; аналығы — шулан, құртқа; төлі
бөлтірік
Мысық тұқымдастар
— қабылан, сабаншы, қарақұлақ, сілеусін, ілбіс (қар барысы)
Барыс мүшелдік жыл санауда
— 3-ші жыл
Барыс
— аналығы — таутан; төлі — алан
Сусар тұқымдастар
— сусар, бұлғын, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю
Ескек аяқтылар
-дене пішіні ұршық тәрізді, аяқтары ескекке айналған, көп уақытын суда өткізеді, құрлыққа көбею, тынығу күшіктеу кезінде ғана шығады
Жабайы жануарлар қолға үйретіле бастаған уақыт
— 10-15 мың жыл бұрын
Ең алғаш қолға үйретілген жануар
— ит
Иттің жабайы арғы тегі
— жабайы қасқыр
Вавилов
— үй хайуанаттарының 6 мәдени орталығын анықтады
Жылқы тұқымдасына жатады
— зебра, құлан, тарпаң, түзат
Жылқының жабайы арғы тегі
— түзат (тарпаң)
Құлан үйірлерінде бүкіл үйірді басқарады
-айғыр
Бүкіл үйірдің орын алмастырып, қозғалуын бағыттап отырады
— бие
Тарпаң жойылған
— ХІХ ғасырдың басында
Көнтабандылар отрядына жатады
— түйе, түйетек, гуанака,
Айыр өркешті түйе
— жабайы түрі — қаптағай, ғылыми аталуы — бактриан; аталығы — бура, аналығы — інген
Сыңар өркешті түйе
— жалпы аталуы нар, ғылыми аталуы дромадер; аталығы -үлек; аналығы — мая, аруана
Еділбай қойы
— халықтық сұрыптау әдісімен шығарылған, етті-майлы бағытта өсіріледі
Әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылыбүкіл дүние жүзіне белгілі қой тұқымы
-қаракөл
Қаракөл қойы шығарылған
-бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен
Мүшелдік жыл санауда қой
-8-ші жыл
Еңбек ері атағын 2 рет алған шопан
— Жазылбек Қуанышбаев
32