Басы » Tәрбие сағаттары » Отан неден басталады

Отан неден басталады

Екібастұз қаласы, №25 қазақ
қыздар гимназиясының мұғалімі
Аримбекова А.Г.

Сабақтың тақырыбы: Отан неден басталады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Отан» сөзінің мәнін ашып, түсіндру, ұғыну.Өз Отанын сүюге, өз республикасының әнұранын, елтаңбасын, мемлекеттік жалауды құрметтеп,оны білуге үйрету.

Сабақ түрі: Әдеби, сұрақ-жауап..

Сабақ көрнекілігі: отан,туған жер туралы нақыл сөздер,елбасының суреті, еліміздің нышандары,шарлар.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру

2. Баяндама. «Отан»

3. Отан,туған жер туралы өлеңдер оқу.

4. Топ сайысы

5. «Қазақстаным» әні

Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер,ата-мекен,

Биік тау,орман-тоғай,көлімізді.

2.Баяндама. «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз.Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері туған туыстарымен ,жақындарымен бірге тұратын адамдардың мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз- табиғаты таң қаларлықтай бай өлке болып табылады. Бірнеше кен байлықтарымыз : темір,көмір, мұнай, фосфорит, марганец, хромит, алтын,тұз, т.б. Қазақстан Солтүстігінде Ресеймен,Оңтүстік шығыста Қытаймен, Оңтүстікте Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан,Батыста Каспий арқылы Әзербайжан республикаларымен шектеседі.

Аялап ару,ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстаным.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болды. 1991 жылы желтоқсанның 16-нда Қазақстан Тәуелсіз республика болып жарияланды. Дүниежүзі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды.1995 жылы 30 тамызда еліміз Конституциясын бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдады.Бұл Ата-заңда –мемлекеттің құрылысын, басқарушы, атқарушы,мемлекеттің ішкі сыртқы саясатын анықтап ашып берді.

Елтаңба авторы-Жандарбек Мәләбекұлы.Елтабадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы танылу керек. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр.Қазақта «шаңырағың биік, керегең кең болсын» деген сөз бар. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген жылқы малы,жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған.Жеті буыннан тұратын мүйіз таңданған. Қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске түсіреді.Дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ел жұлдызды қастерлейді.

Енді,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына назар аударайық. Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі,аспан әлемі ортақ,жер шары ұлттарға,мемлекеттерге бөлінгенмен аспан ешқашан бөлінбеген,бөлінбейді де … , ал күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ, күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Қазақ халқы  қыранды киелі,қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егемен алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тудан қазақтың ою-орнегін байқаймыз.Мұның өзі тудың ерекшелігін-қазақ елінің танымын,қасиетін көрсетеді. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштықтың, біркелкі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екендігін аңғартады

Мемлекеттің келесі белгісі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Авторлары: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік белгілерді – нышандарды құрмет тұту әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан» Н.Ә.Назарбаев.

3. Оқушылар өздерінің туған жерге, Отанға арнап шығарған өлеңдерін жатқа оқиды.

4. Топ сайысы.Әділқазылар алқасы .(қатысушы мұғалімдер). Класс екі топқа бөлініп.Топ басшылары сайланады. Тапсырмалар беріледі.

а) Бірінші топқа – кең дүние, жайна, бұлбұл құс,халық, атамекен, тәуелсіз сөздері.

Екінші топқа – бақ, шалқар дала,аспан, бесік, батыр, егемен сөздері. Бұл сөздерден сөйлем құрай отырып мәнді, мағыналы мәтін құру керек.

б) Туған-жер, Отан жайында мақал-мәтелдер сайысы.

Сайыс соңында әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды.

Қазіргі таңда егемен ел санатына қосылып, тәуелсіздік туын тіккен қуанышты шақта енді өзгеріске ,жоғары тіл дәрежесіне қарай жасалған нақ қадам туған халқымыздың рухани жаңаруына, жол ашатынына ешқандай шүбә келтірмесе керек. Әр азамат елінің жеке тұлғасы екенін ұмыытпай, бел шеше еңбек етуі тиіс. «Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп тегін айтылмаса керек.

Біздің Отан кең байтақ.

Сансыз ұлттың мекені,

Біз құшақты кең жайсақ,

Әлем сыйып кетеді.

Тату елміз табысқан

Қазақстан бақстан,- деп тәрбие сағатымызды аяқтай келе Зубаирова Аягүлдің орындауында «Қазақстаным» әнін тамашалайық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *