Басы » Бастауыш сыныптар » Құстар қалай қыстайды?

Құстар қалай қыстайды?

Қарағанды қаласы

№32 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жолдасбаева Баян Исаинқызы

Тақырыбы:  Құстар қалай қыстайды?

Мақсаты: 1.Құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі ең қажетті жағдайы және өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы түсінік беру.

2. Құстардың қысқы тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін дамыту.

3. Құстарды қорғауға , Отан табиғатын сүюге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ (дамыта оқыту)□□

Сабақтың әдісі : сұрақжауап, түсіндіру.

Көрнекілік:интерактивті тақтадағы суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақ барысы:

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындау

2.Үй тапсырмасын сұрау

— Қазір қай мезгіл? Қыс.

-Қыс туралы не білесіңдер?(қарлы, боранды, аязды, суық жыл мезгілі)

— Табиғатта қандай өзгеріс болады?

-Аңдар қалай қыстайды? Бунақденелілер,бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер қалай қыстайды?

-Қыста құстар қалай тіршілік етеді?

3.Жаңа сабақ

а) Сөзжұмбақ шешу

1).Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді…(шымшық)

2).Бір құс бар сондай,

Суыққа да тоңбай,

Шоқып жүріп, дән тапқан,

Ұшып-қонған…(торғай)

 

3).Қара түсті қарқылдақ

Ұшып-қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды

Жем іздейді там-тұмдап  (қарға)

 

4).Ала шапан киген

Қыпылықтап жүрген

Секектеп бір тұрмайды

Өреден құрт ұрлайды (сауысқан)

 

5).Тақылдатып  мазаны  ап

Ағаштарды тазалап

Ормандарды емдейді  (тоқылдақ)

Бұл құстар жылы жаққа ұшпайтын Қыстап қалатын  немесе Отырықшы құстар дейді.

ә) Оқулықпен жұмыс

— Бұл құстар қалай қыстайды? Оны біз кітаптан оқимыз.

1.Мұғалім мәнерлеп оқу, суреттегі құстарды атау.

2. Оқушы оқу.

 

б)Сергіту сәті

Торғай,торғай,торғайсың

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың

 

4.Бекіту

а) Сұрақтарға жауап беру

— Неге кейбір құстар қыстап қалады?

— Қыста құстар тіршілігінде қандай қиындықтар болады?

— Тоқылдақ қоректі қайдан табады?

— Үй құстарын адамдар не үшін және қалай бағып күтеді?

 

ә) Дәптермен жұмыс

-Қыстап қалатын құстардың дауыстарын (сызып көрсету)

 

Қарға                                                                      шиқылдайды

Сауысқан                                                               тоқылдайды

Құр                                                                          қарқылдайды

Тоқылдақ                                                                шақылдайды

Шымшық                                                                құрқылдайды

1-қатар: қарға қарқылдайды

2-қатар: құр құрқылдайды

3-қатар: шымшық шиқылдайды

 

5. Қорытынды: Суықтан құстардың қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Сауысқан да, қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар. Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де, тырнақтарымен тырнап босатып, мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді. Қырғауыл, құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Орманды жерлерде  тоқылдақ, суықторғайлар да қыстайды. Тоқылдақ ағаш қабығының арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе, оның қар бетіне түскен қалдығын торғайлар, шымшықтар теріп жейді. Сөйтіп тоқылдақтың әрекеті басқа құсқа көмек болады. Құрдың басқа құстардан ерекшелігі бірден көзге түседі. Құйрығына көңіл аударыңдар қайқиып тұрған қалың қауырсынды құр алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып, жемін іздейді.

— Құстар болмай қалса, не болады?

Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптап, бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.

-Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? ( құстарға көмек жасау туралы әңгіме)

Үлгі бойынша құс құрастыру, ұя жасау.

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!

6. Үйге тапсырма: «Құстар қалай қыстайды?» мәтінін оқу.

7. Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *