Г.Қ.Жанахметова, №42 орта мектептің география пәні мұғалімі
Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.»
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғышарттарының бірі әртүрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады. Солардың бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды
қолдану болып табылмақ.
География сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
География сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- экономикалық тиімділігі жоғары (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с материалдық шығынды қажет етпейді);
- білім сапасын арттыруға әсер етеді;
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
Сабақта компьютерді пайдалану оқушылардың шығармашлық дағдыларын қалыптастыруға жағымды жағыдай туғызады. Мысалы: тілші болып зерттеулер жүргізу; режиссер болып деректі фильм түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Барлық мектептерді компьютерлендіру, оқушы басына шаққандағы компьютердің санын көбейту ақпараттық-коммуникативтік технологияның дамуына негіз болды. Бүгінгі таңда интерактивті тақталардың пайда болуы оқу сапасын арттырып, оны кең көлемде пайдаланудың сәтті қадамдары жасалып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясының пайдасы әртүрлі компьютерлік программалар арқылы жазу, оқу, сызу, есептеу, диаграмма, схемалар салуға қолайлылығы т.б. болып табылады.
Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.
Оның себебі: күнделікті дамыған қоғамның сұранысы техникалық жетістіктерді жылдам меңгеру, игерудің нәтижесінде алға дамып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір ұстаз ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті ақпараттарды алу, оны өңдеу,сабақ барысында пайдалану арқылы күнделікті оқу үрдісін жалғастыра алады.
Ресей ғалымдары О. И.Агапова, О.А. Кривошеев, А.С. Ушановтар компьютерлік оқыту технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойынша, «компьютерлік технология – бұл әдістер жиынтығы, адамның даму үрдісіндегі іс-әрекеттің формасы мен қаруы.Оқыту технологиясының негізі білім беру ақпаратының мазмұнына лайықты құрылу қажет».
1. Компьютерлік технологияның алғашқы деңгейі өз негізінде оқытудың қалыптасқан түрі мен әдістерін сақтайды. Ол классикалық оқулықтар мен оқыту кітапшаларына негізделеді, бірақ білім беруде сапаны арттыру мен ұғымдарын қадағалауды күшейтуде компьютер қолданылады.
2. Компьютерлік оқыту технологиясының екінші деңгейі дәстүрлі мазмұнға негізделіп құрылады. Бұл орайда ол интерактивті тақтаны компьютерлік программалар арқылы пайдалана отырып, білім беру жүйелері негізін жан-жақты зерттелген, шынайы өмір құбылыстарымен байланыстыра қолданады.
3. Компьютерлік технологияның үшінші деңгейі біріккен білім үрдісі болып, дәстүрлі емес мазмұнға, түрге әдіске және оқу жүйесіне негізделеді. Үшінші деңгейде компьютерлік оқыту технологиясы көмекші оқыту технологиясы ретінде емес, негізгі қажеттіліктердің біріне айналады.
География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.
Күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталып көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты ой таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни, педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғам гуманизациялау. Оқытуды дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады (пәнді оқыту формасын т.б.). Сол арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамасыз етіп, таңдау алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен мүмкінділіктерін ашу болмақ. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз еркімен ұсыныс жасауы т.б.) бағаланады.
Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
«Тек қана есте сақталуымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана – білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
Қазіргі мұғалімнің негізгі мақсаты – әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне, бойындағы қабілетіне қарай ақпараттық технологияны қолдану арқылы кез келген пәнге деген қызығушылығын оятып қанағаттандыруға бағыттау.
Қолданылған әдебиеттер:
- 1. ҚР «Білім туралы» Заңы
- 2. Бегалиев Т.Б. Педагогика.-Тараз, 1999
- 3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы, 2000
- 4. Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы.