Басы » Бастауыш сыныптар » 3 сынып Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

3 сынып Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

3 сынып Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

құрастырған: Темірова Айнұр Сенбекқызы

Екібастұз қаласы

№25 қазақ қыздар гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

 

2 – сыныпта өткенді қайталау

1. Молаяды сөзінде неше дыбыс бар?

а) 7   б)8    с)9

2. Көркею сөзінде неше дыбыс бар?

а) 7   б)6    с)8

3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Пи…з, бо…у.

а) а       б) и а       с)я

4. Жуан дауыстылар қатарын анықта

а) а, ө, ы, ұ          б) о,ұ, ы, ү          с) о,а,ы,ұ

5. Жіңішке дауыстылар қатарын анықта

а) ә, і, ұ, ө            б) ө, а, ә, ы          с) ә,і,ү,ө

6. У дыбысы қандай дыбыс?

а) дауысты       б)дауыссыз      с)кейде дауысты, кейде дауыссыз

7. Жуан дауыстылардан құралған сөзді тап

а) кітап         б) астық        с) күрек

8. ң әрпі қай сөзде жазылады?

а) се…гіш       б) жауы…гер        с)үзе…гі

9. Тиісті тыныс белгісін қой.

Тамаша, циркке барамын

а) нүкте      б) леп белгісі       с) сұрақ белгісі

10. Мақалды жалғастыр:

Кітаптың бағасы арзан,

Іші толған …

а) әріп        б) алтын     с)маржан

 

 

2 – сыныпта өткенді қайталау

1. Ұяң дауыссыздар қатарын анықта

а) б,в,г,ғ,н,п        б) б,в,г,ғ,л,ж       с)б,в,г,ғ,д,ж,з

2. Дана сөзіне мағынасы жуық сөзді анықта

а) ақын       б) білімді   с) суретші

3. Ащы сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді тап

а) тұзсыз    б) дәмді      с)тәтті

4. Түбірге жұрнақ жалғанған сөзді тап

а) кітапты  б) жетекші с) еңбекпен

5. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) силады      б) сыйлады    с) сыйылады

6. Қ, К, П, Т, Ш, С қандай дауыссыз дыбыстар?

а) ұяң;   б) қатаң;   с) үнді.

7. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.

а) неше? қанша?    б) кім? не?    с) не істеді? қайтты?

8. Жұрнақтың атқаратын қызметі?

а) сөзбен сөзді байланыстырады.

б) сөздің мағынасын өзгертеді.

с) сөздің мағыналы бөлігі

9. Хабарлы сөйлем нені білдіреді?

а) адамның көңіл-күйін білдіреді.

б) жауап алу мақсатында айтылады.

с) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылады.

10. Ұйқасын тап

Шай ішетін кеше,

Сатып алдық…

а) шәйнек   б) кәмпит   с)кесе

Дыбыс және әріп

 

1. Төмендегі сөздің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

а) өс-ім-дік          б) ө-сім-дік          с) ө-сі-мдік

2. Дұрыс жазылған сөзді тап

а) ефир           б) эфир       с) эфер

3. Ас…альт сөзінде қандай әріпті қою керек?

а) в           б) п             с)ф

4. Шка… сөзінде қандай әріпті қою керек?

а) ф            б) в         с)б

5. Қосаяқ сөзінде неше дыбыс бар?

а) 6            б) 8            с)7

6. Жуан дауыстылардан тұратын сөзді ата

а) жеміс        б) жұлдыз                 с) дәптер

7. Жиһанкез сөзінің мағынасын ата

а) бүкіл әлем       б) бұйым    с) дүниені шарлаушы

8. У…аске сөзінде қандай әріп жазылады?

а) щ            б)ш         с)ч

9. Қай сөз тіркесі дұрыс жазылған

а) пияз ащы        б) пияз ашшы     с)пияз ашы

 

10. Жұмбақтың шешуін тап

 

Судан шашақ шашылар,

Су тоқтаса басылар.

 

а) кран       б)фонтан    с) жауын

 

Сөйлем

1. Мәтінде неше сөйлем бар?

Қыс келді дала аппақ көрпе жамылғандай терезені қырау торлады жерге ақ мамық шашылды

а) 4             б)5         с)6

2. Тиісті тыныс белгісін қой

Болат, алға бас

а) нүкте      б) леп белгісі        с)сұрақ белгісі

3. Қайсысы сөйлем ?

а) қара бидай      б) күн күркіреді          с) Абай көшесі

4. Дұрыс жазылған сөйлемді тап

а) Әсем доппен ойнады.        б) Жиналысқа кетті анам

с) Ернұр оқыды ертегі

5. Жұмбақтың шешуін тап

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.

а) сөз б) сөйлем   с)дыбыстар

6. Лепті сөйлемді белгіле:

а) Жаңбыр жауып тұр

б) Жаңбырдың жаууын-ай

с) Жаңбыр басылды ма

7. Қай сөйлемнің байланысыдұрыс

а) Ол қарындасына қызыл гүл сыйлады.

 

 

 

б) Ол қарындасына қызыл гүл сыйлады.

 

 

 

 

Сөйлем мүшелері

 

1. Бастауыштың сұрақтарын ата:

а) кім? Не?

б)кімнің? Ненің?

с) кім? Не? Кімдер? Нелер?

2. Қандай сөйлемде бастауыш сөйлем басында тұр?

а) Жұрт көңілді отыр.

б) Біздің ауылға қонақтар келді.

с) Тауға қар жауды.

3. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді тап:

а) Жылдам тігеді.

б) Кітапты оқыды.

с) Жел соқты.

4. Тұрлаусыз мүшелерден тұратын сөйлемді тап:

а) Көбелектер ұшты.

б) Кешке анасы келді.

с) Абай – ақын.

5. Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемде неше сөз болуы мүмкін?

а) 1

б) 2

с)3

6. Баяндауышы бар сөйлемді тап:

а) Оқушылар асхана барды.

б) Қызыл гүл.

с) Ұзын ағаш.

Сөз.

1. Берілген сөзге мағынасы жуық сөзді тап:

айбатты — …

а) күшті

б) сұлу

с)жақсы

2. берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тап:

ірі — …

а) кішкентай

б) ұсақ

с) жіңішке

3. Бірнеше мағынасы бар сөзді ата:

а) бас

б) зергер

с) жуас

4. сұңғақ сөзінің мағынасы не?

а) қорқақ

б) ұмытшақ

с) биік

5. . Берілген сөзге мағынасы жуық сөзді тап:

жомарт — …

а) өте бай

б) қолы ашық

с) еңбекқор

6. Мағынасы қарама-қарсы сөздер бар

мақал-мәтелдерді айтып бер.

Сөз құрамы.

 

1. туынды сөзді тап

а) өнер

б) тәрбие

с)іскер

2. Түбір сөзді тап:

а) жазушы

б) оқушы

с) мұнай

3. Түбір және жұрнақтан тұратын сөзді тап:

а) ойынды

б) тазалық

с) бесіктің

4. Түбірге жалғау жалғанған сөзді ата:

а) балапан

б) кітапхана

с) асты

5. Қандай сөздерге –дар жалғауы жалғанады:

а) кітап…

б) қарлығаш…

с) өнерпаз…

6. қандай сөздерге жіңішке қосымшалар жалғанады?

а) ұста, сұңқар

б) кітап, шағала

с) киіз, күміс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *