Басы » Баяндамалар » Ана тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту

Ана тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту

Ана тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту

Темірова А.С.

№25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қаласы

Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Бастауыш буында оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен ана тілі пәнін оқыту үрдісінде қалыптасады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу сөзінен шыққан) – оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл  арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда  оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Ғалым Ф.Ш.Оразбаева «коммуникация» термині  туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді.

Ана тілі сабақтарында коммуникативтік құзіреттіліктің негізгі 4 бөлігі қамтылады:

1. Грамматикалық құзіреттілік;

2.  Оқырмандық  құзіреттілік;

3.  Стратегиялық құзіреттілік;

4.  Мәдени-танымдық құзіреттілік.

Осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталсақ.

Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.

Оқырмандық  құзіреттілік –оқушыларды көркем әдебиетті, ұсынылған мәтіндерді толық мәнінде түсіне алатын, көркем әдебиетке, оқуға танымдық қызығушылықпен қарайтын, шығармаларды өз бетімен талдап, баға бере алатын, қазіргі заман оқырманын қалыптастыруды көздейді.

Стратегиялық құзіреттілік — әңгімелесуші адаммен байланыс ережелерін білу және қолдану. Бұл —  диалог құру және оны жалғастыру шеберліктері.

Мәдени-танымдық құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білу.Ана тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар:  қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің  дәстүрлері және қазақ халқының  қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, оқушылардың ана тіліне деген қызығушылықтарын арттыру және халқымыздың мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Өз тәжірибем бойынша оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

Стратегиялық құзіреттілікті қалыптастыруда рөлдік ойындарды пайдаланам. Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады. Оқушылар  кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады.Мысалы, оқушыларға «Әдептілік әліппесі» тақырыбы ұсынылады. Олар өзара келісіп, рөлдерді бөліп, еркін түрде сахналайды.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл — оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы. Коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
  • табиғат, өз қаласы, отбасы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу;
  • айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру.

Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың  сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.Оқушылардың диалогтік ортасын құруда  кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.

Оқырмандық  құзіреттілікті қалыптастыруда мәтінмен жұмыс жасаймын. Мәтінді талдаған уақытта оқушыларды сол оқиғаның болмысына ендіру, қиялдау, ойлану, сезіну оқушының жан дүниесіне көп әсерін тигізеді. Кейіпкердің әдет-қылығын жақсы түсінген оқушы айналаны дұрыс көзқараспен қабылдауға үйренеді, өзіне үлгі алады. Мысалы, ана тілінде «Екі соқа» әңгімесімен таныспас бұрын, мынандай жұмыс жүргізіледі.

Ынталандыру:  егер мәтінді  түсініп оқысаң, жақсы мен жаман қасиет туралы білесің.

1тапсырма: Мәтінді оқып шық. Өз пікіріңмен бөліс.

2 тапсырма: Мәтінді басқаша қалай аяқтауға болады?

3 тапсырма: Мәтін сені неге үйретеді?

4 тапсырма: Адам бойындағы қандай жаман қасиеттерді білесің? Неліктен оларды жаман деп ойлайсың?

5 тапсырма: Өзіңнің қандай  кемшіліктерің бар деп ойлайсың?

Грамматикалық құзіреттілігін дамытуда «Лабиринт» ойынын пайдаланам. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып,  кестедегі сөздермен ауызша шағын мәтін құрастыру.

 

Етістік

Зат есім

Сын есім

ұшты

қар

қызыл

өсті

көбелек

жасыл

жауды

шөп

мамық

 

Нәтижесі: Оқушы ережелерді іс жүзінде пайдаланады,  сөйлемді дұрыс құрастырады. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.

Оқулықта берілген жұмыстар көбіне грамматикалық заңдылықтарды игеруге бағытталған,   ал  тіл дамыту мақсатын көздеген тапсырмалар жеткіліксіз. Осыған орай “Тіл  дамыту” атты авторлық бағдарлама құрастырдым.

Тіл дамытудың мақсаты – қазақ сөзінің құдіретін, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге  ұмтылу. Ұсынылып отырған бағдарламада ауызша, жазбаша тілдің заңдылықтары негізінде – оқушы мәдениетті сөйлеуге, әдеби тіл нормаларын меңгеріп, сауаттылығын арттырып, тіл стилдерінің ерекшеліктерімен танысады. Бағдарлама бойынша оқушыларға жұмыс дәптерін құрастырдым. Дәптердегі тапсырмалар түрлері келесі:

  • сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру;
  • жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
  • жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру;
  • өз сыныптастарының портретін суреттеу, мінездеме беру;
  • өлең құрастыру;
  • жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі құрастыру;
  • ұжым болып ертегі құрастыру;
  • жақсы, жаман әдеттерге байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
  • тақырыпқа сай диалог құрастыру;
  • оқиғаға қатысты өз ойларын айту.

Оқушылардың тіл өрісінің дамуын  анықтау үшін мынандай картограмманы қолданамын. Оны әр тоқсан соңында толтырып отырамын. Қорытынды нәтижесімен оқушыларды, ата-аналарды да таныстырамын. Ол үш деңгейде жүргізіледі: жоғары, орташа, төмен.

 

Оқушының аты жөні сұраққа нақты жауап беру cыныптасынасұрақ қоя білуі диалог мазмұндау әңгіменіжалғастыру мысал келтіру ойын дәлелдей алу
1 Адылканова Сымбат

 

 

 

Оқу жылы соңындағы көрсеткіштерді салыстырсақ, оқушылардың сыныптасына сұрақ қоя білуі – 40%-дан 76%-ға, диалог құра алуы – 40%-дан 76%-ға, мысал келтіре білуі – 52%-дан 84%-ға, оқыған шығарманы мазмұндай алуы – 56%-дан 88%-ға, әңгімені жалғастырып айтуы – 52%-дан 60%-ға, өз ойларын дұрыс жеткізіп, дәлелдей алуы 36%-дан 60%-ға көтерілді.

Диагностиканың нәтижесі алдағы уақытта нашар меңгерілген тақырыптарды еске ала отырып, жұмысты жоспарлау және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту негізінде жұмыс істеуге көмегін тигізеді.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Сондықтан интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Осы мақсатпен алфавитты  оқытуға   флипчарт 42 сабақ үлгілерін құрастырдым. Себебі, сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де жауапты. Бұл кезеңде оқушылар ана тіліндегі барлық дыбыстар және олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Баланың алғашқы тілдік сауатын ашу интерактивті тақта арқылы жүзеге асырған жөн.  Оқушы теория мен практиканы ұштастырып, ана тілінің қыр сырын терең түсінеді, шығармашылық қабілеті артады. Ұсынылған сабақтарда оқушылар әрбір жаңа дыбыс және оның таңбасымен танысып, оны жазып көреді,  тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастырып, мәтінді оқып,  грамматикалық тапсырмаларды шешеді.Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде электрондық оқулықтардағы дайын диалогтарды тыңдау, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру-әдістері де көп көмегін тигізеді. Мектептегі интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы  диалогтарды өз сабағымда жиі пайдаланамын.

Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге,өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді,  өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге ең басты коммуникативтік  құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *