Басы » Математика » Ондық бөлшектер

Ондық бөлшектер

Тақырыбы: Ондық бөлшекерді қайталау.

 

Мақсаттары:

Білімділік: Ондық бөлшектерді жай бөлшекке немее керісінше, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра білу. Ондық бөлшектерге амалдарды қолдана білу.

Дамытушылық: Оқушылардың ондық бөлшектер туралы түсініктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылар өз бетімен ондық бөлшектерді дұрыс жаза және оқи білуге үйрету.

Көрнекілік:  тапсырмалары бар плакаттар, карточкалар.

Сабақтың түрі:  Қайталау.

Сабақ әдіс-тәсілдері:  Топпен жұмыс.

 

Сабақ барысы:

  1. Үйымдастыру. (2 мин.)
  2. 1 тур. Сұрақ-жауап. “Кім біледі?” (13 мин.)
  3. 2 тур. Ауызша есеп. “Ең жылдам” (6 мин.)
  4. Карточкамен жұмыс. “Ми гимнастикасы” (12 мин.)
  5. Есеп шығару. “Кошбасшы” (10 мин.)
  6. Қортынды. (2 мин.)

 

Үйымдастыру.

-Сәлеметсіндерме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы “Ондық бөлшектерді қайталау”. Ондық бөлшектерді қалай меңгергендерінді тексеру үшін және бір жағынан сабақты қызықты етіп өткізу үшін, бүгінгі сабақты “Ең жақсы қаланың бірі” атты ойын түрінде өткізсек деймін. Үш қатарға үш қаланың атын беріп, оларды сайысқа түсірейік. Олар “Павлодар”, “Астана”, “Алматы”  болсын. Енді өздерің білетіндей әр қаланың өздерінің әкімдері болады, бізде өздеріміздің әкімдерімізді сайлайық,олар Ұлан, Мадина және  Бауыржан. Сабақты бағалауды мен жұлдызшамен бағалауды ұсынамын. Қай қаланың тұрғындары дұрыс жауап берсе, оларға — қызыл жұлдызша, дұрыс бірақ толық емеске – сары, ал дұрыс емеске – көк жұлдызша беріледі. Енді қай қала мықты екенін тексерейік. Бастайық!

 

1 тур. “Кім біледі?”

(оқушылар бір-біріне сұрақ қоюы керек. Әр қатарға 3 сұрақтан қоюына рұқсат. 1 сұраққа 2 минут уақыт бөлінеді.)

1. Қандай бөлшекті ондық бөлшек деп атайды?

2. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?

3. Одық бөлшектерді қалай салыстырамыз?

4. Екі ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

5. Екі ондық бөлшектерді қалай азайту керек?

6. Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту қалай орындалады?

7. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай көбейтеміз?

8. Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу қалай орындалады?

9. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай бөлеміз?

2 тур. “Ең жылдам”

(Бұл сайыста үш қатарға үш есептің бастамалары беріледі. Қалған бөлігін оқушылар өздері тауып, есептеулері керек. 1 есеп1 ұпаймен есептеледі. 1 рет жауап берген бала екінші рет жауап бере алмайды, бірақ өз командасына көмек бере алады.)

 

Ашық сабақты (жүктеңіз)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *