Басы » Өзін - өзі тану » Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Жезқазған қаласы №1 орта мектебі

Жанділдаева Жұмагүл Төленбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

2 сынып 

Мақсаты:  Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты                    түсіндіру;

2.  Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

3. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отбасылық суреттер, мақал-мәтелдер, қосымша қағаздар, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың өту барысы:

І. Шаттық шеңбері. «Сәлемдесу»

Ортада шаттық шеңберін құрып, бірге хормен:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құретпен,

Бас иеміз біз.

(қимылмен орындау)

Мұғалім: Бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтып, сол тілектерден өлең жолдары арқылы жақсылықтан үйреніп, жамандақтан жиренуді ұғыну.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ. Сабақ ережесімен таныстыру.

  1. Бір-бірін сыйлау
  2. Ұзақ уақыт сөйлемеу
  3. Көңілді болу
  4. Бірін-бірі тыңдай білу
  5. Өз ойын нақты жеткізе білу.

ІІІ.Әңгімелесу (Көрнекілік арқылы ой тастау)

1. Мұғалім: Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдар

Қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?

Қоғамда, отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым-қатынастарын қалыптастыруға, адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелеу.

         2. Пікір-талас

  • Өзінді, өзгені құрметтей білесің бе?
  • Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
  • Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

3. Түйіндеу. Өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-

қатынас жасау адамның өзіне байланысты.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс

Үш дос

М. Төрежанов

Оқулықтың 35-беті

Мақсат: Адамның әр ісінде, жүріс тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.

         Сұрақжауап әдісі:

  • Балалар неліктен бірге ойнай алмайдыЮ
  • Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

Ү. Дәйексөз

1. Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.

(Халық даналығы)

2. Мақалдар

  • Бірлік бар жерде – тірлік бар.
  • Көпті сыйлағаның —  өзіңді сыйлағаның.
  • Сыйласу екі кісіге бердей

ҮІ. Ойын-жаттығу. Құрмет-ізет

Мақсат: Үлкен мен кіші арасындағы құрмет пен ізет сөздерді айту, есте сақтау

 

Сабақты толық жүкеп алыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *