Мұғалімді қалай ынталандыру керек
Мотивация (ынталандыру ) – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі. Басқаша айтсақ әр адам жетістікке жету жолында өз міндеттеріне деген дұрыс көзқарас. Бұл әдетте педагог мамандарға да қатысты.
Нұсқаулық
Ұстаздарды экономикалық тұрғыда ынталандырыңыз. Кез келген жұмыс өзіңін қоғам алдындағы пайдалы, маңыздылығымен қоса адам үшін өмір сүрудің көзі болу керек.
Сондықтан айлық еңбек ақыдан тыс басқада жолдармен мотивация жасау керек: сыйақы тағайындау(мысалы жыл соңы немесе тоқсан аяғында мұғалімнің жеткен жетістіктеріне қарай) бағалы сыйлықтар, ақшалай, кәсіподақ тарапынан жеңілдікпен демалыс орындарына немесе санаторияларға жіберу т.б. Ынталандыруды мұғалімге ыңғайлы уақытта жасаған дұрыс. Педагогтың жеке өмірі бар екенін ұмытпаған жөн. Оның кішкентай баласы, қарт ата-анасы болу мүмкін немесе ол қоғамға пайдалы басқа жұмыстармен айналысу мүмкін. Сондықтан оқу орны әкімшілігі қызметкерлерге ыңғайлы демалыс графигін жасап, тоқсан кездерінде қосымша демалыстар беру мұғалім үшін жақсы мотивация болар еді.
Сонымен қатар моральдық тұрғыда мотивацияны ұмытпаған жөн. Егер мұғалім өзінің жақсы қызметі үшін педкеңесте, білім бөлімі қызметкерлерінің арасында өзінің адресіне айтылған жақсы сөздерді естісе, үлгілі еңбегі үшін құрмет тақтасына суреті ілінсе оған адами тұрғыда жағымды болып, жұмысына деген мотивациясы автоматты түрде артады.
Бұйрық арқылы алғыс жариялауға да болады. Мектеп әкімшілігі ұстазды пиғылы дұрыс болмаған ата-анадан, оқушыдан әрқашан қорғау керек.
Сонымен бірге ұстаздың кәсіби және мансаптық өсуіне көмектесу керек. Бұл әдістерге мыналарды жатқызуға болады. Мұғалімге ашық сабақ өткізуге көмектесу, конференциялар, сьездерге қатыстырумен қатар гранттар ұтып алуға жағдай жасау.
Өзінің білімін жетілдіруге тырысқандар мен педагогикалық саланың екінші мамандығын алушыларға, үнемі марапаттап қолдау керек.
Жұмысқа икемі бар, алғыр ұстаздарды қызметін өсіруге мектеп директорының орынбасары болуына ықпал ету керек.
P.S. Әрине бұны барлық мектеп әкімшілігі біледі. Біле тұра мұғалімді (өзі де мұғалім болған) қолдамай жататын мектеп әкімшілігі бар. Онсыз да қазіргі қоғам қадірін қашырып отырған кәсіпте, әрең дегенде жүрген мұғалімдерді мектептен жерітіп жіберері хақ. Сондықтан құрметті директор әріптестер. Ертең мектебіңде бар алтындарыңызды қадірлей білу керек. Олар қалғандарына үлгі болу керек. Қадірін білмедің алтыныңнан айырылып мыстың ортасында қаласың. Әріптесіңнен ештеңе қызғанба. Әлбетте мектебіңіздің мерейін асқақтататын болады. Жаныңзыдағы орынбасарларыңызбен ұстаздарсыз көгере алмайсыздар.
5