Тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.Көз талғанда жасалатын жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:Жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының сөздік қорын дамыту, психикалық – танымдық қасиеттерін жетілдіру, оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту. Білімділік:Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту
Ұйымдастыру кезеңі.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді қосуға, сөндіруге, кабельдерге тиісуге;
- Компьютер қосылып тұрғанда су киіммен, дымқыл шүберекпен сүртуге;
- Компьютер алдында артық заттар қоюға, тамақ жеуге рұқсат берілмейді;
- Өрт шыққан жағдайда сумен сөндіруге;
- Кабинетке сыртқы киіммен кіруге болмайды. Әр түрлі вирустар кіруі мүмкін;
- Көзілдірік киетін адамдарға көзілдіріктерін шешпеуге тыйым салынады.
- Күйік иісі немесе өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру қызметіне хабарласу;
- Күйіп қалған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.
- Барлық жаттығуды 4 – 5 рет қайталау.
НЕГІЗГІ КАҒИДАЛАР
ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жатгығулармен танысулары қажет, ҚауіпсІздік техникасы бойынша нұскау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.
ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен закымданғанда көрсетілетін алғашқы дөрігерлік көмек төсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:
1.Жалпы
2. ДК-де жұмысты бастау алдында
3. Жұмыс істеу кезінде
4. Авариялық жағдайларда
5. Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70cм)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
2. Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін,
өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұүсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
4. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
— Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.
— Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
— Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
— Көздеріңді талдырмаңдар.
— Алысқа қадалып қарандар.
3-жаттығу
— Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
— Алысқа қадалып қарандар.
4-жаттығу
— Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
— Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
— Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
— Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу
— Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
— Алысқа қадалып қараңдар.
7-жаттығу
— Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Көз жаттығулары:
- Көзді бірнеше секунд жұмып тұру, содан кейін ашып босату.
- Көзге 10 – 15 минут сайын жаттығу жасау.
- Көз бен монитордың арасы 50-60 см қашықтықта болу керек.
- Демалып осы жаттығуды 4-5 рет қайталау.Үш толық демалып уақыт бойында жанарыңды мұрын ұшына қаратып ұстау, содан кейін алысқа 4-5 рет қарап, қайталау.
- Басты бұрмай бірнеше секунд көзді оңға қаратып ұстау, сонан алысқа қарау.
- Осылайша әрекетті солға, жоғары, төмен қарап қайталау.
- 20 – 30 секунд бойы көзді жыпылықтатпау.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 4-5 беттердегі тапсырмаларды орындау.
Алған білімді қолдану: компьютерде жұмыс жасау арқала осы ережелерді сақтау.