Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » С.Дөнентаев «Бозторғай» өлеңі

С.Дөнентаев «Бозторғай» өлеңі

Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№123 Т.Жүргенов атындағы дарынды балалар мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қосжанова Салтанат
С.Дөнентаев «Бозторғай» өлеңі

 

БОЗТОРҒАЙ

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,

Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.

Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,

Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.

Ағып жүр оқтай зырлап, көрмей дамыл,

Шыбындай жанын сұрап бір құдайдан,

Тілегі көздің жасы қабыл болып,

Ақыры-ақ тапты іздеп бір тоғайдан.

Томарда, келсе, қырғи бұғып отыр,

Жемсауы ыңқ-ыңқ етіп шығып отыр.

Түрі бар бір нәрсені аңдығандай,

Орнында қозғалмастан нығып отыр.

Келді де, сәлем берді төресіне,

Аз-ақ тұр шықпай жаны денесінде;

Шақты кеп тұрымтайдың мінездерін:

«Ей, тақсыр, бейбағыңды көресін бе?»

Қырғи сал торғай сөзі бітер-бітпес,

«Сабыр қыл! – деді, — тоқта еш нарсе етпес,

Қазірде қол бос емес жұмыс қатты,

Аз күтсең жаның шықпас, күнің өтпес.»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *