Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жаттығу жұмысы

Жаттығу жұмысы

Сейтказина Айнұр Ахметқызы
Тарбағатай ауданы

Ойшілік ауылы
Тоғас батыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
 Пән аты:  Қазақ тілі
Сабақтың  тақырыбы: Жаттығу  жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Жатығу жұмыстары арқылы сын есім туралы түсініктерін қортындылайды.

 

 

Міндеттері

 

Бағалау. Орындалуы.

 

  1. Сын есім жөнінде алған білімдерін жинақтайды

 

 

2.Оқушылар тіл байлықтарын дамытып, сөздерді

мағынасына қарай салыстыруды пысықтайды

 

3.Ұжымдық қарым-қатынас қалыптасады, есте

сақтауларын,алған білімдерінің нәтижелерін көрсете

біледі

 

 

«Эссе жазу»,

«Сұрақтар түймедағы» стратегиясы.

 

«Аквариум» ,

Кішігірім дөңгелек үстел» стратегиясы

 

 

«Араласқан оқиғалар» стратегиясы.

Құралдар: Оқулық ,экран пайдалану,суреттер, түймедақ күлтешелері

Сабақтың  барысы:

Экраннан слайд арқылы сабақты жүргізу.

Қызығушылықты ояту

Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік.  1 — оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.

 Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім

        Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі .Қазақ тілі сабағынан өз білімдерімізді ортаға салайық..Сабақты жақсы көңіл-күймен бастайық.

                1- слайд    Ғажайып сәлемдесу.

Мұғалім:

                          Мейірімді жүрекпен,

                                     Ақпейілді тілекпен,

                                     Амандасып алайық,

                                     Бір жадырап қалайық!

 Оқушылар сәлемі: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

2- слайд    «Сұрақтар түймедағы» стр. б/ша пысықтау жүргізу.

 1.Қандай сөз таптарымен таныстық

2.Сын есім дегеніміз не?

3.«Жылы» сын есім сөзіне сөйлем құра.

4.түсін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерге мысал келтір

5.қызыл,  тәтті сөздерін салыстыр

6.Сын есімдер сөйлем құрау үшін  қажет пе?

 3- слайд              Оқушыларды оқиғамен байланыстыру.

Мұсылман дінінен шыққан топтар мен діндар адамдар Мұхаммед пайғамбардың білімдар, ғұлама адам екендігіне көзімізді жеткіземіз деп оған

«Білім артық па, жоқ дүние байлық артық па?» — деп сұрақ қояды, сонда ғұлама    5 түрлі жауап айтады. Сендер сабақ барысында ол жауаптармен таныс боласыңдар.

4- слайд    Үй тапсырмасын сұрау.

Сурет бойынша эссе жазып келу.  492-жаттығу

    5- слайд    Мұхаммед пайғамбардың ең бірінші жауабы: «Білім артық, себебі   

                  білім-ғалымдардан қалған мирас».

 Мағынаны тану

6 — слайд    493-жаттығу.  Топта жұмыс істеу

1.Жұмбақты оқы.шешуін тап.

I. топ. Жібек арқан сүйреткен,

Темір  атты үйреткен.

II .топ. Көк лағым көгенде жатып семіреді.

III. топ.  Жарық  түнде  жолдасың,

Қараңғыдан  қорқады.

Дәптермен жұмыс

2. Сын есімдерді байланысқан  сөзімен  қоса көшіріп жаз.

7- слайд    2-жауабы: « Білім сені асырайды, дүниені сен асырайсың».

               Сергіту сәті

Мынау – сары қарындаш

Мұнымен күнді бояймын.

Мынау –қоңыр қарындаш

Мұнымен құмды бояймын

Мынау –жасыл қарындаш

Мұнымен күнді бояймын

Мынау –көк қарындаш

Мұнымен суды бояймын

(Түрлі-түсті қарындаштарды көрсету арқылы сергіту сәтін жасайды)

 «Аквариум» стратегиясы.

—     Қазір қай мезгіл

—         Көктем сізге ұнай ма?

—         Несімен ұнайды?

—         Көктемсіз өмір бола ма?

Топтағы балаларға сол сұрақты қою арқылы көктем туралы ойларын білу.

8- слайд       494 – жаттығу.               Экраннан жаңылтпашты оқу.

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.

Үшкір тұмсық

Сұр  шымшық

Сордан ұшты

  Құрт шымшып.

2.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз. Олар заттың қандай белгісін  білдіріп тұр?

9- слайд    3-жауабы: «Білімің көп болса-досың көп болады,  ал дүниең көп болса көре алмайтын қызғаншақ  адам да көп болады».

10- слайд.    «Кішігірім дөңгелек үстел» стратегиясы.

I топ                                       II топ                                          III топ

 

 

 

11- слайд .   495 -жаттығу. Керекті сөздерді  пайдаланып, заттарды  салыстыр

          I Топ                 

           II Топ                

           III Топ              

12- слайд.    4-жауабы: « Білімді іздей берсең, толып көбейеді, ал дүние жұмсай         

                                            берсең азайып, құриды».

 Ой толғаныс

Араласқан оқиғалар» стратегиясы

13 – слайд.    497-жаттығу.    1.Аңдардың аттарын оқы. Олардың ертегілерде  

                       қандай  болып келетінін дұрыс тауып айтыңдар

                     Қасқыр                 қорқақ  және  мақтаншақ

                        Түлкі                     қорқау және жыртқыш

                    Қоян                     қу және өтірікші

2. Олар туралы білетін ертегі айтып беріңдер.

14 – слайд.    5-жауабы: « Білімді болсаң-ел құрметтейді, сыйлайды, ал байлығың болса-қызғанышпен қарайды».

Оқушыларды  бағалау.

Үйге тапсырма:

496-жаттығу  Мәтінді көшіріп жаз. Сөз  таптарына  талда.

Сабақ  аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *