Өміріңізді жақсартқыңыз келе ме? Ендеше, алға! Мына 10 қағиданы ұстанған адам нағыз бақытты адам болары сөзсіз…
1. Бағалау. Өзіңіз тап болған қиындықты дұрыс бағалай біліңіз. Көбінесе біз жүрекке жақын қабылдайтын қиын сәттер сырт көзге түкке тұрғысыз, мардымсыз болып көрінеді. Болған жағдайға басқа қырынан қарап көріңіз, қайта бағалау қиындықты шешер кілт болу мүмкін.
2. Дем алу жаттығулары. Дем алу жаттығулары бірден денеңізді босаңсытып, миды оттегімен қанықтырады. Күніңіздің 15 минутын тек дұрыс дем алуға бөлсеңіз, күні бойы сергек болып жүруіңіз таңғаларлық емес.
3. Шығындарыңызды реттеңіз. Жұмыс істеп шаршадыңыз ба? Шығындарыңызды қысқартсаңыз, осыншама көп жұмыс істеу де керек емес болар еді.
4. Жаттығулар. Күнделікті істелінетін жаттығуларды жасау қаншалықты қиын болса да, ерінбеңіз. Алайда шымыр болу үшін күнімен тренажердің үстінде жаттығудың қажеті шамалы. Аптасына бір рет велосипед айдап, не су бассейніне шомылып қайтсаңыз болады. Физикалық жаттығулар ауыртпалық әкеліп, өзіңізге қиын болған жағдайда, еш пайда әкелмейтінін ескеріңіз.
5. Қарыздар. Мойыныңызда төленбеген қарыз болса, уайым-қайғыға салынып, соны төлеп құтылмағанша ұйқыңыз да тыныш бола алмайды емес пе? Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы – мүлдем қарызға не несиеге ақша алмау. Ақшаңыз жоқ па? Үнемдеп үйреніңіз, ойланып құртыңыз. Өз деңгейіңізге сәйкес өмір сүріңіз.
6. Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтануды еш елемейтіндердің уайымға көбірек салынатыны баяғыда дәлелденген. Тамақтануыңызды жоспарлаңыз, рационыңызға пайдалы тағам түрлерін, көкөністер, жаңғақтар мен жемістерді кіргізіңіз. Өзіңіз қажет ететін мөлшерден көп тамақтанбаңыз. Пайдалы тағамдар сізге күш беріп, асқорыту жүйесін реттейді.
7. Қарым-қатынас. Басқалармен ортақ тіл табу – үлкен өнер. Ал бұған бірден-бір көмек – өзіңізбен, өзгелермен ұялмай, ашық, еш қорықпай тілдесе білу.
8. Қызғушылықтар. Таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін істейтін жұмысыңыз өзіңізге ұнаса да, бұл қызығушылық емес, жұмыс. Өзіңізге расында не ұнайтынын тауып, сол іске күнделікті уақыт бөліп тұрыңыздар.
9. Махаббат. Махаббатсыз дүние бос… Біреудің бойында ыстық сезімді оятып, өзінің де сол сезімге берілуі – Жер бетіндегі әр адамның арманы. Бұл әр уақыт адамға күш пен жігер бере алады.
10. Рухани тыныштық. Өз денеңізді ғана күтіп қоймай, рухани дүниеңізді де реттеңіз. Сеніміңізді арттырып, рухани өміріңізді байыта түсіңіз. Басқаларға үлгі болып, жақсылыққа баулыңыз.
Ақпарат көзі: http://massaget.kz/