Басы » Кембридж бағдарламасы » Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Сәтбаев қаласының «Абай атындағы

№ 4 мектеп-лицейі» КММ

орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Муканова Эльвира Мараткызы

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

 Пәні: Қазақ тілі                                                                                                           

Сыныбы: 5 «А»

Мақсаты:Қазақ тілі  пәнінен жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

 

Тақырыбы

Мақсаты

Міндеттері

Әдіс тәсілдер

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

03.04.2013 ж.

1-сабақ

«Күзгі демалыс»

Сын есім

Сын есім туралы білімдерін нақтылай отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту. 1.Сын есім туралы білімдерін молайту;2. Тақырып бойынша ойын толық жеткізе білу шеберлігін дамыту;3.Адалдыққа,әділеттілікке тәрбиелеу; «Топтастыру», «Миға шабуыл», «Вен диаграмма», «Оңайдан қиынға қарай», «АВС сұхбат»,Бағалау,«Бүгінгі күннің сөйлемі» рефлексия 1.Сын есім туралы білімдерін толықтырды;2.Әлеуметтенді;3.Өзін-өзі реттеді;  Қима қағаздар,  оқулық, смайликтер, постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, интер белсенді тақта

04.04.2013 ж.

2-сабақ

«Жаңбырлы түн»

Мәтінді  саналы түрде түсініп,мәнерлеп оқуға төселдіру. 1.Оқушыларды түсініп оқуға үйрету;2.Сұраққа жауап беру дағдыларын дамыту;3.Сенімділікке  тәрбиелеу.  «Топтастыру»,«Салыстырмалы карта», «Автор орындығы»,«Бүгінгі күннің сөйлемі»рефлексия, «Миға шабуыл»,«RAFT»,«Блум сұрақтары», Бағалау. 1.Тыңдағанына  өз пікірін білдіре алатын болды.2.Өзін  өзі реттеді,3.Әлеуметтенді. Плакат,бағалау парақтары,маркерлер, суреттер, интербелсенді тақтада таныстырылым,оқулық

08.04.2013 ж.

3сабақ

«Көктемгі демалыс»

 Етістіктер туралы білімдерін  нақтыла отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту . 1.Етістікті түсіндіру;2. Екі оқушы арасында әңгіме орнату.3.Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.  «Топтастыру», «Екі жұлдыз бір тілек», «Миға шабуыл», Бағалау,  «АВС сұхбат» , «Алма ағашы»,рефлексия,«Жұптас-ойлан-бөліс»,«Блиц турнир» 1. Етістік туралы білімдерін толықтырды;2.Оқушылар өзара диалогтік қарым-қатынасқа түсті;3.Ынтымақтастық орнады,өзгені де өзін де бағалай алды. Суреттер,Интерактивті тақта,флипчарт,маркер,постер,

суреттер,интербелсендітақтада таныстыры-

лым,оқулық.

09.04.2013ж.

«Жазғы демалыс»

Оқушылардың ойлау, сауатты жазу, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 1.Мәнерлеп оқуға үйрету.2.Байланыстырып сөйлеуін дамыту.3.Ынтымақтсатыққа тәрбиелеу Топтастыру,миға шабуыл,«Болжау», «Мағынаны тану», «Жұптас-ізден-талқыла»,бағалау,  Де Бононың «Алты қалпағы» 1.Сыни ойлай алды;2.Өзін-өзі реттеді;3.Әлеуметтенді; Интерактивті тақта,суреттер,оқулық, флипчарт.Де Бононың алты қалпағы

Орта мерзімді жоспарлау туралы  жазбалар

 

Мемелекеттік тілде еркін сөйлей алатын, өз ойы мен пікірін қазақша еркін жеткізе алатын, Отанымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін терең білетін білімді тұлғаны, еліміздің саналы азаматтарын даярлауды мұғалімдерден күтеді. Сондықтан, мұғалім өмір бойы оқып, ізденісте болу керек.

Міне,  менде осындай ізденісті шыңдайтын түрлі жаңалықтарға толы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін «Назарбаев  зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, педагогикалық шеберлік орталығы мен ағылшындық кэмбридж университеті бірігіп жасаған ІІІ базалық біліктілікті арттыру курсын жүзеге асырушы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсының   бірінші бетпе бет кезеңіне келіп, бағдарламаның жеті модулін топта тренердің көмегімен теория жүзінде меңгердім.

Нұсқулықтың  тоқсан біріншібетіндегі орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды қалай құру керектігін негізге алып, бірінші бетпе-бетте тренердің  бағыттауымен,  тобымдағы әріптестердің ойын негізге ала отырып, орта мерзімді жоспарымды құрдым.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі тәжірибемде 5 «А»сыныбына қазақ тілі сабағын жүргіздім.  Алғашқы сабағымның қысқа мерзімді жоспарын құру барысында жеті модульді қалай ықпалдастырып, қолданамын деген  ой келді. Әр сабағымда төрт, бес модульдерді бір-бірімен байланыстыра отырып, жаңаша әдіс-тәсілдер қолдануға тырыстым.

Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзі-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады (мұғалімге арналған нұсқаулық 36-бет).

Мектептегіпрактикамның алғашқы күнінен бастап әр сабағымды бастамас бұрын, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін түрлі тренингтерді ұйымдастыруда,  оқушылардың бірлескен жұмысы ықпалын тигізді.

Әр сабағымда оқушыларды алдын-ала топтастыруда, бірінші бетпе-бетте қолданған тәсілдер арқылы жүзеге асыруға тырыстым.

Мектептегі тәжірибемдегі алғашқы сабағымды  «Күзгі демалыста» тақырыбымен бастадым. Бұл сабақта  «Сын тұрғысынан ойлау», «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Ақпараттық  комммуникациялық  технологиялар», «Жас еркешелігін ескере отырып оқыту», «ОүБ мен ОБ», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модульдерін қолдандым. Осы сабағымда оқушылар  күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын   анықтай отырып, С.Мирсеитованың «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» әдістемелік еңбегіндегі сын тұрғысынан ойландыратын  «Венн  диаграмма»  стратегиясы  бойынша өз ойларын интерактивтік  тақтаға ActivStudio мүмкіндіктерін қолдана отырып түсірді.

Екінші аптаның үшінші күнінде   «Жаңбырлы күн» тақырыбында екінші сабағымды өттім. Бұл сабақта  да мен жеті модульді қолдандым.

Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші және төртінші сабақтарымда оқушылардың өзін-өзі реттегенін, өзіндік «менін» қалыптастырғанын байқадым.

Алғашқы сабақтарға қарағанда оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтары артып, үй тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындағаны мені қатты қуантты. Оқушыларымның бойында өзгерістің болғаны айқын көрінді. Әр сабағымды АКТ-ның PowerPoint таныстырылымының мүмкіндіктерін қолана отырып, жүзеге  асырдым. «Жазғы демалыста» тақырыбындағы соңғы өткізген сабағымда оқушылар топтастырып, ғаламтор желісінен сандық сауаттылықтар арқылы «Жазғы демалыста демалатын шипажайларды» іздете отырып, оқушылардың қызығушылығын, интелектуалдық танымын, арттырып білім сапасын көтерілуіне ықпал еттім.

Осы сабақтарымнан мен жеті модульдің бірінсіз бір –бірімен тығыз байланыста жүретін білімді көтеруші жүйе екеніне түсіндім. Жаңа әдіс тәсілдерді сабақ барысында қолдану мұғалімдер үшін өте тиімді екен. Себебі мұғалім мен оқушы және де оқушы мен оқушы арасында өзара диалог  орнатылып, оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасалады. Осы тұрғыда әр оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына әсер еттім деп ойлаймын.

Практика кезінде сондай ақ, мұғалімдерге арналған нұсқаулықта көрсетілген білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылатынын байқадым.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде өзіме түйгенім әр оқушының оқуға деген қарым-қатынасын тек қана бағамен шектемей,  үнемі ынталандырып отыру керек екеніне көзім жетті. Себебі, ынталандырылған оқушылар өзінің оқу үлгеріміне назар аударып,  өзінің  қателерін анықтап, алдағы сабақта меңгеруіне тиіс білімдер мен дағдыларды қалыптастыруына жағдай жасайды деген ойға келдім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

     1.  ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей, 91-б, 2012ж.

     2.www.cpm.kz (Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдары)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *