Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Тақырыбы:    Абай  Құнанбаевтың   өмірі   мен  шығармашылық  жолы     

 Мақсаты: а)оқушыларға     А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларының қыр – сырын меңгертіп, тереңдей бойлату,  теориялық   негіздерді  меңгерту.

ә)  қорытынды  ой   түю,   есте   сақтау   қабілетін,   оқу  дағдысын   қалыптастыру жүйелі,    шешен    сөйлеуге дағдыландыру .

б)  Туған    жерін   қадірлеу,   халқына   қызмет  ету, ел тірлігі , ел бірлігі , ұрпақ келешегі , адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып ,  адамгершілік  пен   адамдық   қасиетке    тәрбиелеу ,кәсіптік бағдар беру .

Сабақтың   типі:  аралас сабақ

Сабақтың   әдісі:  Түсіндірмелі   оқыту   әдісі,   сұрақ – жауап  әдісі, топқа бөлу

Көрнекілік:    Әдебиет   электронды  оқулық,  «Activstudio»  интерактивті тақтасы,суреті , кестелер , сызбалар .

Сабақтың   барысы: 1. Ұйымдастыру   кезеңі.

1.     Шаттық шеңбері

2.     Топқа бөлу

3.       Үй  тапсырмасын   сұрау. Екі топ бір-біріне Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақ қояды

4.     Жаңа  сабақ

 1.     Слайд. Тақтада Абай Құнанбайұлының бір өлеңі беріледі. (Оқушылары өлеңнің кімнің өлеңі екенін талдай отырып, сабақты өздері ашады.)

Асыл  сөзді  іздесең,  Абайды  оқы  ерінбе,

Адамдықты  көздесең,  жаттап  тоқы  көңілге.

Сұлтанмахмұт  Торайғыров, Абай  шығармашылығының  дені – халықтың  қамын    жеген,   демократтық  идеядан  нәр алған,    сыншыл   реализм     бағытымен  суреттеген   шығармалар.

Тұрсынбек  Кәкішев. Әрбір   ұлы   ақын   тәрізді   Абайдың  ұлылығы  сол  –  ол   қай     әдебиеттен  үйренсе  де,  жалаң  шәкірт  боп  қалмай, данышпан  ұлттық  ақын  болды.

Зәки  Ахметов

… Адамшылық     ой   қиялы  өте   таза,  ұлтжанды,   елін – жерін  сүйген кісі  еді. Міржақып  Дулатов

       2.  Слайд. Екі топ өзара жаңа сабақпен өздері танысады, бір топ Абайдың өмірі туралы, ал екінші топ Абай шығармашылығы туралы ізденеді жіне оны қорғайды (Ізденуге 7минут қорғауға 3минут беріледі) .

3. Слайд. Топ  ережелерімен   таныстыру.

1.) Берілген уақытты үнемді пайдалану

2.) Сөздің көркемдігі, ойдың жүйелілігі

3.) Деректердің нақтылығы

5.  «Екі жұлдыз, бір тілек».  Екі топ бір-бірін бағалайды. (екі жақсы пікір, бір ұсыныс)

6.       4. Слайд. Екі топ оқушылары Абайдың қара сөздерін оқып, талдайды.

7. Сергіту сәті. «Ыстық орындық» . Абай рөлінде бір оқушы алдыдағы орындыққа отырады,  отырған оқушылар Абайға сұрақ қояды.

1.) Сіз төрт жыл мезгіліне өлең арнадыңыз?

2.) Әкеңіз билік ісіне араласу үшін медіреседен шығарып алып келгенде не үшін ел басқару ісіне аралспадыңыз?

3.) Қодар өлімін көргенде не үшін қатты қайғырдыңыз?

4.)  Сізге аға сұлтанның баласы болып өмірге келу қаншалықты көмектесті?

5.)  Адам болудың кілті неде деп ойлайсыз?

6.)

8.бес жолды өлең (ақын, кемеңгер, қайраткер)

Бірінші жол — бір зат есім

Екінші жол – екі сын есім

Үшінші жол – үш етістік

Төртінші жол – бір сөйлем

Бесінші сөйлем – зат есімнің синонимі

9. Бағалау. Топ басшысы бағалау парағынан оқушылардың сабақта алған бағаларын оқиды, және бағаларды алудағы оқушылардың жетістіктерн айтады.

10. Үйге тапсырма. ««Жүйесін  тапқан  сөз  жүрекке жетеді»   тақырыбына эссе жазып келу

11. Кері байланыс.

Сабақтан алған әсерлерін оқушылар параққа жазып тақтадағы смайликтерге апаып жапсырады

Бағалау кестесі арқылы топ басшылар өз тобындағы оқушыларды бағалайды

 

Аты-жөні 1 тасырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма Қорытынды
1            
2            
3            
4            
5            
6            
7          
8          
9          

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *