Басы » Tәрбие сағаттары » Қайратым – қайсарым

Қайратым – қайсарым

Қызылорда  облысы  Байқоңыр  қаласы
Ю. А. Гагарин  атындағы  №8 жалпы  білім  беретін
бастауыш сынып  мұғалімі
Жалгасбаева Дина Жаксылыковна
 
Сабақтың тақырыбы: Қайратым – қайсарым
Сабақтың мақсаты: 1.Білімдік: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Автор
өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беру. Қайрат
Рысқұлбековтың ерлік істерімен таныстыру.
Желтоқсан көтерілісінің маңызы туралы әңгімелеу.
2.Дамытушылық: Тәуелсіздік сөзінің мағынасын ашу.
Оқушылар бойында патриоттық сезім орнату. Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін арттыру. Дүниетанымын кеңейту.
3.Тәрбиелік: Отанды сүюге, ерлікке, батылдыққа         тәрбиелеу.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Түрі: Дәстүрлі сабақ..
Әдісі: Түсіндіру, талдау, репродуктивті, ой қозғау.
Көрнекілігі: Слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Психологиялық дайындық: — Күн сәулесінен шуақ алып, жадырап отырайық!
2. — Әдебиеттік оқу пәні арқылы нені оқып үйренеміз?
— Дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуды үйренеміз.
— Көркем шығармаларды оқимыз.
— Байланыстырып сөйлеуді меңгереміз.
— Адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытамыз.
— Отанды сүюге, еңбексүйгіштікке, елдің адал азаматы болуға тәрбиеленеміз.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Т.Молдағалиев туралы айту.
— Т.Молдағалиев көрнекті ақын, ұлтымыздың мақтанышы.
— Отыздан аса жыр кітабының авторы.
— 500-ге тарта ән мәтінін жазған.
— Бала кезінен өлең шығарған.
— 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.
— Қазақстанның Әнұранының мәтінін жазған.(Қадыр Мырза Әли, Жадыра Дәрібаева, Мұзафар Әлімбаев)
2. Өлең неліктен «16 желтоқсан» деп аталған? Бұл күнді неге ерекше еске аламыз?
-Өйткені 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Өлеңнің әр шумағына талдау жасау, ұйқасын табу.
5. Тәуелсіздік монументі туралы айту.
— Тәуелсіздік монументі 1996 жылы Алматы қаласында ашылды.
6. Сурет бойынша жұмыс. (Оқушылар салып келген суреттері бойынша ойларын айтады)
III. Өткен сабақты қорытындылау:
1.Сұрақ-жауап.
— Тәуелсіздік сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
— Тәуелсіздік – еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді.
-Тәуелсіз ел қандай болады?
— Бай, бақытты, еркін болады.
— Ақын осы өлеңі арқылы қандай өсиет айтқан?
— Туыңды қастерлеп, биік ұста.
-Мектебімізде тәуелсіздік күніне қандай іс-шара жүріп жатыр?
— «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты апталық.
2.Қазіргі Қазақстан қандай?
— Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев болды.
— Еліміздің рәміздері бар: Ту,Елтаңба, Әнұран.
— 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды. Онда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланған.
— Қазақстанның ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
— Еліміздің астанасы Астана қаласы болды.
— Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар.
— 2010 жылы 1желтоқсанда Астанада 56 мемлекеттің өкілдері бас қосқан Саммит болып өтті.
3. Сергіту сәті:
Пайдамыз тиіп отанға,
Риза болсын халқымыз.
«5»-тік болсын бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
IV.Жаңа сабақ:
1.Кіріспе.
— Біздің бабаларымыз Қазақсатанның кең-байтақ жерін бізге мұра етіп қалдырды. Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ.. Оны бізге ешкім сыйға берген жоқ.. Тәуелсіздік қазақ халқының сан ғасырлық арманы болатын. Осы азаттық, еркіндік, бостандық үшін мыңдаған  адамдардың қаны төгілді, жазықсыз жазаланды.Тәуелсіздік тамыры желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты.Тілі мен ұлттық болмысын сақтап қалуға ұйымдастырылған желтоқсан оқиғасына биыл 24 жыл болады.
1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда қазақтың өрімдей ұлдары мен қыздары алаңға елінің бостандығын арман етіп, ұран етіп шыққан болатын. Бұл күні болған көтерілісте Ноғайбайұлы Қайрат, Мұхаммеджанқызы Сәбира, Сыпатайұлы Ербол, Асанқызы Ләззат ерлік істерімен нағыз елін сүйген жастар екенін көрсетті. Алаңға шығып өз ойларын білдірмек болған талшыбықтай жастарымызға мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Аяусыз таяққа жығылып,түрмеге қамалды.
Бүгінгі Жақау Дәуренбековтың «Қайратым-қайсарым» мәтінінде желтоқсанда жанын отаны үшін құрбан еткен қазақтың біртуар, намысшыл, елін, жерін жанынан артық көрген ұл-қыздары туралы баяндалады.
2. Автор туралы қысқаша мағлұмат.
— Ж.Дәуренбеков Қызылорда облысы,Арал ауданы, Үшкөл елді мекенінде туылған. Еңбек жолын Арал қаласындағы № 177 мектепте бастаған. Мектеп қабырғасында жүрген кезден газет-журналдарға мақала, әңгімелер жариялаған.»Менің елім — Қазақстан», «Ауылым- алтын бесігім», «Алғашқы сабақ» т.б. кітаптары бар.Қазақ халқының жазушысы.
3. Қайрат,Ләззат,Ербол, Сәбира туралы әңгімелеу.
— Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13.03.1966) Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында туылған.Әкесі Ноғайбай – мал маманы, анасы Дәметкен – сауыншы. Қайрат үйдегі жеті баланың үшіншісі болды. Мектепте өте белсенді,газеттер шығарып, кеш ұйымдастырып, өлеңдер шығарған. Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтында оқыған. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің құрбаны болып, ең ауыр жазаға ілікті.1988 жылы 21 мамырда көз жұмды. Оның денесі Семейде қойылды. Ол түрмеде жатқанда да өлеңдер шығарған.
Асанқызы Ләззат Алтынайқызы (27.07.70) Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында туылған.Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне белсене қатысқан. Ол алаңға еліміздің тәуелсіздігін көксеген ұранмен шықты. Көтеріліс кезінде қамауға алнып,жазықсыз қаза тапты. Ләззаттың ерлігіне арналған «Қаһарман қыз – Ләззат қыз»әні бар.
Сыпатайұлы Ербол (10.03.1964) Алматы облысы, Панфилов ауданы, Еңбекші ауылында туылған. Алмтыдағы энергетика институтына түскен. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып, ауруханада қайтыс болды. Жаркент қаласындағы бір көшеге, ауылындағы оқыған мектебіне есімі берілді.
4. Мәтінді мәнерлеп оқу (мұғалім).Талдау жасау.
5. Іштен оқу.
6. Тізбектей оқу.
7. Қайраттың өлеңіне ерекше тоқталу.
8.  Қайратқа мінездеме беру. (Ержүрек, батыл, батыр, ақынжанды, қайсар, ұлтжанды)
9. Өлең оқу. Талғат Бейсенбаев (Көкшетау облысынан)
Мақсатқа тірі болсаң жетер ме едің,
Ақиық ақын болып кетер ме едің.
Сабырлы мінезіңмен сұлтан болып,
Әлде сен ел басқарып кетер ме едің?
10. Қайрат Рысқұлбековке жасалған құрмет.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілгенді. Алматы,Семей қалаларында орталық үлкен көшелерге, мектептерге, демалыс алаңдарына есімі беріліп,ескерткіштер қойылды. Соның бірі Жамбыл облысы, Мойынқұм өңірінде жасыл алаңда ескерткіш қойылып,онда ақын М.Шаханов сөз сөйледі. Батырға арнап өлең оқыды:
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да тиісті емес еңкеюге жалауы.
11. Батырлық, ерлік туралы мақалдар айту.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

Ерлік білектен емес, жүректен.
12. Сергіту сәті:
Көк байраққа қараймыз,
Қыран құсты санаймыз.
Сол қырандай еркіндеп,
Биіктерге самғаймыз.
13. «Сырлы қалам» .Дәптерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы бір сөйлемнен жазады. (Музыка ойналады).
14. 1 минуттық үнсіздік.
V. Қорытындылау.
1.Сұрақ-жауап.
-Әңгіме кім туралы?
— Қазір отан үшін жанын қиған жастарымыздың арманы орындалды ма?
2.Екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығы.
Еліміздің             ж                Желтоқсанда
тәуелсіздік          е                 жазықсыз
алғаннан             л                 қаза
кейінгі                 т                 болған
қуанышы,           о                жастарымыз,
ақталған               қ                олардың
үміті,                    с                ерлік
арманы                 а               істері
туралы                 н                туралы
3. Өлең оқу. «Желтоқсан айы естесің»
4. Қазіргі Қазақстан жан-жақты дамып, әлемге танылуда.Халқымыздың тарихи арманы орындалды.(Электрондық оқулықпен жұмыс).
VI. Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп, жүргізіп оқу. Батырлық, ерлік туралы мақалдар жаттау.
VII. Бағалау.
— Әр күніміз бүгінгідей шуақты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *