Азимова Бақытгүл Абылайқызы.
Алматы облысы
Райымбек ауданы
«Балауса» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Көңілді қыс қызықтары.
Мақсаты:Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту,қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру,тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілін бейнелейтін табиғат көріністері,аққала соғып жатқан балалардың суреті, табиғат бұрышы.
Ұйымдастыру кезеңі.Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Жас ұланмын шыныққан
Жасқанбаймын суықтан.
Қардан жасап аққала,
Сырғанаймыз шаттана.
Тәрбиеші:
-Балалар қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен ерекшелігі қандай?
-Адамдар қыста қалай киінеді?
-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз.
-Балалар денелеріңді еркін ұстап ,терең тыныс алыңдар.Ауа неткен таза,айнала аппақ қар,жылт-жылт етеді.Бірақ күн қандай?
Жұмбақтың шешуін табайық.
Шанамен зырлап желетін,
Шанғы коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі)
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұратын
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жетеді,
Аузы жоқ ұлиды. (Боран)
Сергіту сәті:
Аула сырты,баққа да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
Дидактикалық ойын:»Аққала құрастыр»
Ойын шарты:Балалар екі топқа бөлінеді.Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.
Тәрбиеші:
-Қыс мезгілі жайлы жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер?
Балалар:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Жүріңдер балалар,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай,құрыштай
Шынықсын денеміз.
Сырғанаққа мығымбыз,
Шыныққанбыз,шымырмыз.
Таудан төмен сырғанап,
Біз тебеміз сырғанақ.
Ішік, пима,қолғаптар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз,алақай.
Сабақты қорыту:
-Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
-Жарайсыңдар балалар.(Балаларды мақтап-мадақтау)
Күтілетін нәтиже: Жыл мезгілін ажырата білу.
Білу керек:Қыс мезгілі жайлы білу керек.
Үйрену керек: Жұмбақтарды шешіп үйрену керек.