- Атырау облысы
Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектеп
Математика пәні
Көргенов Мейрам
Сабақтың тақырыбы:Рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Сабақтын мақсаты:
1.Білімділік: Кейбір тақырыптар бойынша алған білімдерін қолдана отырып теңдеуді қарапайым түрге келтіріп,шешу жолдарын табуды үйрету;ҰБТ-ге дайындау мақсатында тест тапсырмаларын шапшаң шешуге үйрету.
2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,ауызша тез есептеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Кейбір есептерді шығару барысында жасанды әдістермен пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі:Білімді жүйелеу,бекіту сабағы
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс,деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, бағалау бетшесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тақырыптар бойынша анықтамалары мен формулаларын қайталап, есептерді тиімді тәсілдерімен шығаруға үйрету.
Лездік жауап.
1. Қандай теңдік теңдеу- деп аталады?
Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдікті теңдеу деп атайды.
2. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Әріптің теңдеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні теңдеудің түбірі — деп аталады.
3. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Теңдеуді шешу дегеніміз- оның барлық түбірлерін табу немесе олардың жоқ екенін дәлелдеу.
4. Сендер қандай теңдеулердің түрін білесіңдер?
— Рационал теңдеулер;
— Бөлшек рационал теңдеулер;
— Сызықтық теңдеулер;
— Квадрат теңдеулер;
— Иррационал теңдеулер;
— Тригонометриялық теңдеулер;
— Көрсеткіштік теңдеулер;
— Логарифмдік теңдеулер.
ІІІ. Ауызша тапсырмалар
1.х²-5х+6=0
2. Cos х=0
3.3ˣ =27