Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясы
Биология пәнінің мұғалімі
Аушакимова О.С.
Әлем елдерін тану – білімнің азығы
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі-оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 5 бет). Сондықтан қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажет құрал — білім. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай жатады. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білімнің азығы — Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсам, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатынын көруге болады. Ондағы мақсатым дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау болды. Ол үшін мен шетелдің және отандастарымның жұмыстарымен танысудан бастадым.
Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт аралығында табысқа қалай жетті? Бұл елде білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен? Әр елдің білім беру жүйесі ерекше, мақсаттары әр түрлі және өзіне тән тарихи даму сатыларынан өтіп дамыған. Осы ел соңғы не бары 45 жыл ішінде құрылып, білім жүйесінде жоғары нәтижеге жетіп, әлемге танылды. Сингапурдың мектеп оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді.
Білім инфрақұрылымы шағын және экономика құрылымымен өте жақсы интеграцияланған білім беру институттарының қызмет көрсету сапасы жедел дамып, дамыған елдердің қатарына қосылды. Білім әлемдік экономикаға бағытталып, табысқа жету мақсатында әлеуметтік және шаруашылық қажеттілікке бейімделе негізделген.
Білім саласындағы эксперттер осы елдің оқу жүйесін әлемде жоғары деп бағалады. Біріншіден, PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан әлемде алдыңғы қатарлардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, 2008 жылдан бастап консалтинг компаниясы Сингапур білім жүйесін әлемде ең тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы), төртіншіден, 2007 жылы IMD зерттеулер нәтижесі бойынша осы жүйесі кең ауқымды экономикалық талаптарына бейімделген. Сингапурдың ішкі нарығы көлемі жағынан шағын болған соң толық импорттау стратегиясы мүмкіндігін пайдалана алмады, су, азық-түлік және барлық ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Малайзиямен тығыз байланыста болды. Бұл бетбұрыс Сингапурда өмір сүретін көп ұлтты білім жүйесіне оң әсерін берді. Негізгі өндіріс саласы кеме жасау және жөндеумен айналысқан бұл елдің 45 жыл бұрын ұлт нышанын көрсететін не білім жүйесі, не армиясы, не флоты, тіпті елін дамытуға ресурстары да болмаған. Мемлекет тек өзінің әлемдік белсенді сауда жолдарының қиылысында сәтті орналасуын және адами капиталды ресурстарын ғана арқау қыла алды. Тәуелсіздік алған соң мемлекеттің даму жолдарын іздестіріп, жан-жақты анықтай бастады. Табиғи ресурстардың болмауына байланысты жоғарғы кәсіби нарық құру, шетелдік инвестрларды тарту және экспорттауға бағытталған экономикаға көшу үшін үкімет интеллектуалды модернизация жолын таңдады. Білім жүйесінің алдындағы міндет -елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз ету. Бірнеше ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде жүргізу таңдалды, ол — ағылшын тілі. Сингапурдың барлық азаматтарын ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске тиімді. Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан бастап сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр оқушының бейім-қажеттілігіне қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға мектепте қосымша спорт, шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптың тығыздығы-40 балаға дейін екен, мұғалім сабақты сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді [2].
Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Сабақтарын бақылайтын болсақ, әр топтан оқыту, қарым-қатынас, жеке тұлғаны қалыптастыратын жұмысты байқауға болады. Соңғы кезде біздің елімізде де көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр. Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. Менің мектебімде де биылғы оқу жылынан бастап тіл игеру бірінші сыныптан енгізіліп, біздің мектеп жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жолдарын қарастыруда.
Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне көңіл аударғым келеді. Жапон елінде балалар қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. Білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты-ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Барлық білім бөлімдерінің мақсаты — өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды, өмірінің мәні балалардың тәрбиелі болуына байланысты екенін айтады. Кіші және орта буындарда топтық тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне сәйкес 7-8 баладан тұрады. Әңгімелеуші құрбысына қалай қарау оның пікірін тыңдай білу, өзін көрсету дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер туралы сұрақтар туындаса, жеке оқушыға емес, топқа байланысты, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Соробон құралы пайдаланылады, ол шығармашылық қабілетін арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді. Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді. Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш. Ағарту министрлігімен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебінде дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарында жоғарғы оқуға түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен ғана бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді [3].
Менің ойымша, жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімделуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды. Аналары ер балаларды оқытуда аса басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше құрмет көрсетеді, дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым. Мен қызмет ететін қазақ қыздар гимназиясында қазақ қыздарына ұлттық тәрбие оқу үрдісінде «Қыздар әліппесі» авторлық бағдарламасы арқылы беріледі. Осы пәннің хрестоматиясы жасалған және арнайы сайты бар. Пәннің мақсаты – ұлттық рухани байлықты жалпыадамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып қыз баланы оқытып, тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың ежелден бүгінгіге жеткізіп берген төрт түлікке байланысты дәстүрлі танымы мен сенімі, көзқарасы мен түсінігі тәрізді ұғым жапон халқында да ұшырасады. Бұл-баланы табиғатпен етене жақындастыру үшін, эстетикалық талғамын дамыту үшін қажет құнды дүние.
Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктердік қатарында Финляндия елі. Олар оқу-тәрбие үрдісінде қандай алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды қолданады? Финлиядияның білім жүйесінің қысқаша тарихымен танысатын болсақ, 2000 жылғы PISA зерттеулері қорытындысы бойынша Финляндия білім жүйесі бірінші орынға ие болды. Бұл елдің білім беру жүйесіндегі реформасына және оны бағалауына тоқсалсақ, дұрыс құралған реформа — білімнің табысты болуына, баланың қоғамға сай бейімделуіне ықпал етеді. Елдің экономикалық дамуы, заманына сай мектептің бағалануы, білім жүйесінің дамуы реформаның негізгі аспектілерімен сипатталады. Реформаның негізгі аспектілері оқу бағдарламасын қайта құру, реформаның дидактикасы, мектепті және білім сапасын басқару. Білім жүйесі балабақшадан басталады. Бүкіл қоғам болып баланың дамуына зиян келтірмей балабақшадан мектепке көшіру жағдайын ойластырады. Негізгі мектеп бітірсе де емтихан тапсырылмайды, дифференцалды сыныптар жоқ, бар сыныптар біркелкі. Мектептен кейін бала бір-ақ рет матрикулляциондық емтихан тапсырады. Мектептерінде оқушылардың әлеуметтік шығындарын мемлекет төлейді. Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейді. Финляндияда әрбір мұғалім өзінің қоғаммен қалай бағаланытынын біледі. Халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша біріншіден, параллель оқытулардан бас тартып, бірыңғай мектепке көшулері білім сапасын жоғарылатты. Екіншіден, жүргізілген білім саясаты мен педагогика өзгерістері, білім жүйесін басқа елдермен салыстырғанда бірінші орынға шығарды. PISA қорытындысын сараптасақ, жоғарғы сатыда математикадан, жаратылыстанудан оқу сапасы жоғары. Реформаның негізгі принциптерінің бірі дамытуға бағытталған білім берудің мазмұны мен құрылымының тең құқықтылығы, қоғамда және тәрбиеде тең құқықтылықты дамыту. Барлық тұрғындардың жалпы білім деңгейін көтеру, бір жылда туған балаларға ұзақ, жеткілікті мерзімді (9жыл) жалпы арнайы білімнің берілуін біркелкі ұйымдастыру. Үздіксіз білім берудің қамтамасыз етілуі білім жүйесінің біртұтас барлық тармақтарында келесі жоғары сатыға «үздіксіз білім» принципі бойынша жылжу мүмкіндігіне негізделген. Оқушылардың оқудағы қиындықтарды барлық деңгейде жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл аудартады. Оқу материалдарында басты назар нақты мақсаттар мен оқу тапсырмаларына бөлінеді. Мақсатқа жетуі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы қадағаланады. Қалыптастырушы бағалау материалды оқу кезінде қай бөлімінде қиындық туындады, қандай оқушының оқуда проблемалары бар екенін ажырата алуға көмектеседі. Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену, қабілеттеріне және оқуға деген оңтайлы көзқарас табысқа деген ұмтылыспен іске асады. Мұғалім мақсатына сай сабағын жоспарлап, әр мақсаттың маңызын түсініп оқушының оқуы үшін іс –әрекетін алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің бірыңғай жүйесі қарастырылмаған. Арнайы таңдау экономикалық, аймақтық, әлеуметтік және жыныстық критерийлер бойынша жүргізіледі.Осыған қарамастан екі немесе үш есе көп мектептер сапаны ерікті бағалауға қатысады. Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиетті бағалау ауысып келіп отырады. Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады. Тек мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс береді. Оқыту қорытындысының мақсаты теңқұқылы білім принципіне негізделген, оқу жетістігі біркелкіліке тең, мектептің негізгі сатысының қорытынды кезеңінде барлығы бірдей жоғарғы деңгейге жету керек деген талап қойылады.
Финлияндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Сингапур, Жапон, Финлиядияның білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе елімізде білім жүйесін дамытуға байланысты белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Дегенмен біздің еліміздің білім жүйесін дамыту мақсатында, заман талабына сай көп өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Сондықтан білім саласына оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық қарым-қатынас құзіреттілік желілерге шығу керек. Елбасы халыққа жолдауында дамыған елдердің қатарына ену үшін біріншіден, білім қажет екенін атап көрсетті. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, білімді ұрпақ қажет.
Қолданып жүрген білім жүйесіндегі білім матералдарын игеру ауқымды ақпарат көп, меңгеру қиындық туғызады, сондықтан білім сапасы төмендеп, икемді дамуына тиімсіз, денсаулыққа кері әсері бар екені анықталды. Осы өзекті мәселені шешу- мемлекетіміздің басты міндеті — 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып табылады [5].
Жақсы бастама деп Н. Ә. Назарбаев зияткерлік мектептердің ашылуын атап өткім келеді. Бірақ мұндай мүмкіндігі мол мектептерден білім алуға көп оқушы қол жеткізе бермейді. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын өзгерістер қажет деп ойлаймын.
Қазіргі таңда педагогикалық мамандарды республикалық қайта даярлау мақсатындағы деңгейлік оқыту курсынан өтіп, өзгеріс енгізуге қатысты өз көзқарасым мен ұсыныстарым бар. Әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін білім беру желілерін дамыту қажет. Білім беру жүйесінде бірлесіп жұмыс істеу арқылы мектептердің мұғалімдердің деңгейін көтеріп, оқушылардың дамытуға жағдай жасай аламыз.
Тек осы жағдайда ғана білім беру жүйеміздің келешек ұрпаққа деген көзқарасы өзекті, бәсекеге қабілетті, құзіретті, демократиялық қатынаста болады.
Пaйдаланылған әдебиeттеp:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей (ілгері) Екінші басылым, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012
2. Т.Б. Алишев, А. Х. Гильмутдинов «Опыт Сингапура: создание образовательной системы мирового уровня»//Вопросы образования, №4, 2010 г.
3. Гордеев С. Н. Образование в Японии.// «Легион Автодата» // http: forum. autodata. ru/
4. Загвоздкин «Реформа школьной системы и оценка качества школ в Финляндии»
5. Назаpбев H. «Қaзақстан — 2030» Баpлық қазақстандықтаpдың өсiп-өркeндеуі, қауiпсіздігі жәнe әл-aуқатының aртуы, Eл Пpезидентінің Қaзақстан хaлқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж
6. Концепция 12-летнего среднего образования Республика Казахстан Астана – 2010 Москва, 2011