Басы » Блог » Жоба презентациясын қалай безендіру керек

Жоба презентациясын қалай безендіру керек

Жоба презентациясын қалай безендіру керек

presentationПрезентация сіздің жұмысыңызға қызығушылын ояту мен қатар жұмысыңызды қабылдаудың мүмкіндігін арттырады. Сондықтан презентацияны безендірудің тиімді жолдарын білу керек. Өйткені ол сіздің таныстырылымыңыздың сәтті болуына көмекші құрал.

Нұсқаулық

 Аудиторияға таныстыратын жобаңыз бен презентацияңыздың алдын ала мақсатын анықтаңыз.

Психологтардың айтуынша адам жаңа материалды жақсы жеткізу мүмкіндігі 10 минут максимум 15 минут. Сондықтан презентацияңыздың ұзақтығын 10 минуттан асырмаңыз. Презентациядағы слайдтарда мәтін немесе суртетермен толтырудың қажеті жоқ, экранның 1/3 аспау керек. Мәтінді көп жазбаңыз. Слайдты өзіңіздің түсіндірмеңізбен жүргізіңіз. Көбіне графикалық материалдар: кесте, схема, диаграмма, сурет қолданған қызықты. Графикалық материал тыңдармандардың көзі көретін жағдайда болу керек. Осындай жағдайда тыңдармандарыңыз жақсы қабылдайтын болады. Ақпаратты орналастыруда жоғарыдан төмен, логикалық қорытыдылаулдар, мағыналы дүниелерді слайдтың төменгі жағының оң жағына орналастырыңыз. Егер слайдтағы бір элементке анық көрсеткіңіз келсе бір ғана әдісті қолданыңыз: ашық, бір түспен белгілеу, сыртын қоршау, жылпылдақ немесе қозғалту арқылы. Үштен артық шрифт қолданбаңыз. Визуалды түрде TimesNewRoman, Tachoma, Arial қаріптері жақсы қабылданады. Мәтіннің размері үлкенірек болған жақсы тақырыпқа 36, мәтін үшін 20-шы қаріп қолдану абзал. Презентацияңыздың көз тартымды болуы үшін түстер палитрасын таңдайсыз. Іскер адамдар үшін сұры-күлгін, сұры-көкшіл, қызыл-күрең түстер келеді. Презентациядағы суреттер фондағы суреттермен қарама-қарсы түстер болу керек. Фон қара болса, мәтін түсі ашық болу керек. Соңғы слайдта өзіңіздің мәліметтеріңізөді көрсеткен абзал. Сіздің жобаңызға қызыққан адам сізді кейін тауып алуға көмек болады.

 

Аударған : Қуандық Айбек

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *