Басы » Блог » Сочи олимпиадасы өтетін ғимараттар

Сочи олимпиадасы өтетін ғимараттар

011. «Фишт» стадионы Олимпиада ойындарына арналып салынды. Стадионда Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу рәсімі өтеді. Сонымен қатар Халықаралық бенди федерациясы екі көрсетілімді матч ұйымдастырмақ. Стадионға Кавказ жотасының батыс бөлігінде орналасқан биіктігі 2867 метр болатын шыңның аты берілген. Нысан 40 мың көрерменге арналған. Сонымен қатар «Фишт» 2018 жылы футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын стадиондардың тізіміне енді.

2. Үлкен мұз сарайы. Олимпиадалық саябақта орналасқан нысанда хоккей матчтары өткізіледі. Мұз сарайы 12 мың көрерменге арналған.

3. «Мұз клубы» керлинг орталығы. 3000 адамға арналған нысанда керлинг ойындары өтеді.

4. «Шайба» мұз аренасы. Бұл — сыйымдылығы жағынан екінші хоккей стадионы. Олимпиадалық саябақта орналасқан нысан 7000 мың адамға арналған.

5. «Айсберг» — қысқы спорт сарайы. 12 мың адамға арналған мұз сарайы Адлерде орналасқан. Мұнда мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек жарыстары ұйымдастырылады.

6. «Адлер-Арена» — конькимен жүгіру стадионы. 2014 жылғы Олимпиада ойындарында бұл нысанда конькимен жүгіруден жарыстар өткізіледі. 8000 көрерменге арналған. Естеріңізге сала кетейік, бұл мұзайдында 2013 жылдың 22 наурызында қазақстандық Денис Кузин 1000 метрге конькимен жүгіруден Әлем чемпионы атанды.

7. «Лаура» — шаңғы жарысы және биатлон жарыстарына арналған кешен. Нысан Сочи қаласынан 90 шақырым жерде Псехако жотасында салынған. Теңіз деңгейінен 850-1430 метр биіктікте орналасқан. Кешеннің сыйымдылығы — 7500 орын.

8. «Роза Хутор» — тау шаңғысы курорты. Бұл кешеннің аумағы Аибга жотасының солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік еңістерін қамтиды. Мұнда тау шаңғышылары сынға түседі.

9. «Русские Горки» — шаңғымен тұғырдан секіру кешені Аибга жотасының солтүстік еңісінде орналасқан. Кешен заманауи К-95 және К-125 Олимпиадалық тұғырдан тұрады. Бір уақытта 7500 адамды қабылай алады.

10. Шана спортының орталығы. Шана-бобслей жолы Сочиден 60 шақырым жердегі «Альпика-Сервис» курорты кешенінде орналасқан. Бұл орталықта бобслей, скелетон және шана спорты бойынша жарыстар өткізіледі.

11. «Роза Хутор» экстрим-саябағында фристайл мен сноуборд жарыстары ұйымдастырылады. Фристайл бәсекесін 4000 адам, ал сноубордты 6250 адам тамашалай алады.

Дереккө мына жерде

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *