Басы » Бала бақша » Кемпірқосақтың жеті түсі

Кемпірқосақтың жеті түсі

SAMSUNG DIGITAL CAMERAАбдиманапова  Жаннұр Отанқызы
  «Балауса бөбекжай-балалар бақшасы»МКҚК  
педагог- психологі
Тақырыбы: Кемпірқосақтың жеті түсі
«Қарым-қатынас тренингі»
Мақсаты: Ұжымдағы қарым қатынасты бағалау, ұжым мүшелерін бір  бірімен  үйлесімді қарым қатынас жасауға жәрдемдесу,ұжымдағы  психоахуалды  жақсартуға ықпал ету.
Түрі: Пікірталас, өзіндік сыннан өту
Кіріспе
Жаттығу
«Бір күнгі танысыңа,қырық күн сәлем»  дегендей,біз бүгін бір -бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.( барлығы бір- бірімен сәлемдеседі )
Нұсқау: Бір- біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу
Нұсқау: Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу
Нұсқау: Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу
Нұсқау :Маңдайларын бір -біріне тигізіп амандасу

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін қойылатын сұрақтар:

Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?  Сізге қандай әдіс ұнады ? Бұдан  басқа сәлемдесудің қандай түрін білесіз? Осы әдістердің қайсысын пайдаланып көрдіңіз? Отбасы мүшелерімен қалай сәлемдесесіздер?

Олай болса күнделікті ,бір- бірімізбен  әдемі сәлемдесіп күнімізді сәтті, қуанышқа толы қылып өткізейік.

Психологтың мини-лекциясы

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өте күрделі және нәзік үрдіс.  Қоршаған адамдармен қарым- қатынас жасай білмеу, адамдардың түсініспеушілігінің негізгі себебі болуы мүмкін. Біз тіршілік барысында қателіктерді жібере отырып үйренеміз.

Қарым- қатынас арқылы адамдар ақпарат алады,білім алады, айналадағы дүниені танып біледі. Бұл сөздің ауқымы өте кең. Адамдармен дұрыс қатынас жасай білу шеберлік, адамның ішкі мәдениетіне  біліміне байланысты десек артық емес.

Олай болса, бүгінгі өткізгелі отырған тренингімізге қарай  ойысайық , бүгінгі тренинг  барысында  қатысушылар   басқалардың  және   өзінің іс –әрекетіндегі  дұрыс емес  жақтарын байқауға  мүмкіндік алады деген ойдамын.  Кез- келген адам секілді, әрбір ұжымның да өзіндік мінез-құлқы бар. Оның іскерлік жақтарын сипаттайтын

Жауапкершілік

Ұйымшылдық

Жинақылық

Ұжымшылдық  секілді мінез-құлық түрлері бар.  Ал ұжымдағы адамдардың қарым- қатынасы

Ашықтық

Жұғысушылық

Хабардарлық ,  деген қасиеттерден көрінеді барлығы жеті түрлі қасиет . Әр ұжымда олар әр түрлі қалыптасқан, бұлардың кейбіреуі жоқ болуы да мүмкін. Міне осыдан келіп әр ұжымның өзіндік  қалыптасқан мінез-құлқы бар екенін байқаймыз.

Төмендегі сауалдарға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер:

Сіздер бір- бірлеріңізге талап қоясыздар ма? Сіздерде өзара құтқару мен қолдау көрсету бар ма?

Сіздердің сөздеріңіз әр уақытта істеріңізбен сай ма?

Ұжымды тату деп айта аламыз ба?

Ұжымда бір- біріңізге  сене аласыздар ма?

Сіздер бір -біріңізді сыйлайсыздар ма?

Пікірталасты аяқтаған соң ұжым туралы  қорытынды жасамас бұрын жедел сауалнама ұсынады әрбір қатысушы қағаз параққа аталған жеті қасиеттің ұжымдағы деңгейіне қарай баға қояды. Бұл қасиеттің мағынасына тоқтала кетейін: Жауапкершілік — өз жұмысына саналы , жауапты түрде қарау ;

Жинақылық- бірлескен жұмыста жақсы нәтижеге жету үшін атқарылатын міндетті бөліп беруге өзара әсер ету ;

Ұйымшылдық  -ұжым өміріндегі маңызды мәселелерді шешудегі бірауыздылық ;

Ұжымшылдық- барлық мәселелерді ұжыммен бірлесе отырып  шешуге ұмтылу ;

Жұғысушылық-ұжымдағы жағымды қарым — қатынас, бір біріне деген сенім артушылық;

Ашықтық—  ұжымдағылармен қайырымды қарым- қатынас;

Хабардарлық  — өз ұжымының және бір бірінің жағдайын әрбір ұжым мүшесінің жақсы білуі.

Психологтың қорытынды сөзі және ұжым мүшелеріне кеңесі ;

 

Өсиеттер
 
Балаларды шексіз сүй, олардың сенімінен шыға біл.
  
Баланың жақсылыққа деген талабын қадірлеп, оны адам жанының ең нәзік құбылысы ретінде бағалай біл.
  
Өзіңнің педагогикалық және кәсіби біліміңді үнемі жетілдіріп отыр
  
Балалармен жұмыс істеуде, ең алдымен олардың амандығы мен денсаулығына қамқорлық жаса.
  
Балалар алдындағы ең мәртебелі жауапкершілігің мен ұстаздық парызыңды үнемі жадыңа сақта.
  Отандық педагогикалық игі дәстүрлерін қастерлеп, сақтап, жетілдір.
 
Педагог деген ардақты атқа кір келтірме.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *