Сабақтың тақырыбы : Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталай отырып, білімдерін тиянақтау
Ұжыммен жұмыс жасауға үйрету ,
Сабақтың түрі : сайыс сабақ
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын екі топқа бөлу
Топтардың атын қою , Әділ қазылар алқасын сайлау
І кезең
Жәшіктен шыққан сұрақтар:
Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата?
2. Тамыр дегеніміз не ?
3. Сабақ дегеніміз не ?
4. жапырақ дегеніміз не?
5. Бүршіктің түрлерін ата ?
6. Гүлдің ортасында орналасқан?
ІІ кезең Ойын
Шарты: айналмалы барабанға өсімдіктің тамыр ,сабақ, жапырақ тары туралы сұрақтар жазылады
Тамыр жүйесін ата?
2. Сабақтың түрлері ?
3. Сабақтың ішкі құрылысы?
4. Жапырақтың пішіндері
5. Жылдық сақина нені білдіред?
6. Гүл бөліктерін ата?
ІІІ кезең Биологиялық диктант:
1.Тамырдың бөлімдері …………………… ,………………., …………………, ………. .
2. Тамыр шығу тегіне қарай …………………… және ………………………. , …………… деп бөлінеді.
3. Жапырақ түрлері ………………………, …………………………,
4. Түрі өзгерген сабақтар ………….. ……………………. …………. …………………………. .
5. Камби қабаты ағаштың ………………….. өсуіне қатысады.
6.Аналақ …………., …………., ………… ……….. ………. тұрады.
ІV кезең Біліміңді тексер : тест тапсырмаларын орындау
1.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
2. Вегетативті мүшелердің тамырлар жүйесі:
а)сабақ ә)тамыр б)жапырақ
3. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)қосалқы ә)жанама б)негізгі
4. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар
5. Өркеннің ең ұшына орналасқан бүршік:
а)қолтық ә)қосалқы б)жанама в)төбе
6. Өсімдіктің кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:
а)қосалқы ә)төбе б)бұйыққан в)жанама
7. Төбе бүршіктің өсімдіктің өсуіне әсері:
а)жуандап өседі ә)ұзарып өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады
8. Тік сабақты өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім б)бидай в)қауын
9. Шырмалған сабақты өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық б)бақбақ в)құлмақ
10. Қылқанды (ине тәрізді) жапырақты өсімдіктер:
а)қарағай ә)жүгері б)емен в)шырша
11. Бір ғана тақтасы бар жапырақ:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
12. Бір сағақта бірнеше жапырақшалардың болуы:
а)күрделі жапырақ ә)жай жапырақ
13. Жүйкелердің жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:
а)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену ә)параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену в)саусақ салалы жүйкелену
14. Гүлдің дәл ортасында орналасқан гүл бөлігі:
а)гүлтабан ә)аналық б)күлте в)аталық
15. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі:
а)күлте ә)аналық б)тостағанша в)аталық 16
16. Аталықтың бөлімдері:
а)жіпше , аузы ә)тозаңқап, тостағанша б)мойны, жіпше в)жіпше, тозаңқап
17. Собық гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бидай ә)күнбағыс б)калла в)жүгері
18. Күрделі шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)кербезгүл ә)сәбіз б)көктерек в)аскөк
19. Жай масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)тары б)сүйсін в)гүлшетен
20. Сырға гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)қарағаш ә)алмұрт б)қайың в)тал
V кезең Есеп шығару:
Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырларының жиынтығы 5 кг Ал ағаш тамырларының бір кг салмағының тыныс алуына 1 кг оттегі жұмсалатын болса, үйеңкі тамырына 1 айда, 1 жылда қанша оттегі қажет
Шешуі:
1. 1х 5 = 5 30 х 5 = 150 365 х 5 = 1825
VІ кезең Сөзжұмбақ «Өсімдіктің өсімді мүшелерінің қызметі»
Тамыр ақылы топырақтан минералды тұздарды, суды ………… .
Тамыр өсімдікті топыраққа ……….. орнықтырады.
Сабаққа ………… , 4 ……. бекінеді.
5. Жапырақ ақылы жасушадағы артық ……… буландырады.
6. Гүлдің жеміс түзілетін бөлімі — ……………….. .
VІІ кезең Полиглот ( Мақал – мәтелдерді аяқтап, жұмбақтың шешуін тауып табылған сөздерді орысша, ағылшынша айту )
1. ……. өссе жер көркі .
2. Ағаш көркі …………… .
3. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы –
4. Желден қатты сасады, Томпалаңдап қашады
VІІІ кезең Тамыр , сабақ , жапырақ, гүл сөздеріне Синквейн жасау немесе 5 жолды өлең
1. Зат есім – 1 сөз
2. Сын есім-2 сөз
3. Етістік – 3 сөз
4. Мағынасын ашатын сөйлем-4 сөз
5. Баламасы немесе синонимі
ІХ кезең Сабақты бекіту: Егер мен суретші болсам ……
Кіндік тамырдың суретін сал
Шашақ тамырдың суретін сал
Гүлдің құрылысынң суретін сал
Үйге тапсырма: 15 — тақырыпты оқып келу \