Басы » Tәрбие сағаттары » Қазақстанның атақты қалалары

Қазақстанның атақты қалалары

АселАқмола облысы
Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Арилина Асель Бекболатовна

Тәрбие сағаты 
Тақырыбы: Ғажайып алаң «Қазақстанның атақты қалалары»
Мақсаты: 1) айналадағы дүниемен, республикамыздың басты қалаларымен  таныстыру; 2) оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту 3) туған жеріне, еліне сүйіспеншілктерін арттыру.
Көрнекілік – құралдары: қалалардың суреттері (презентациялар), «Ғажайып алаң», сыйлықтар, жұмбақтар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Оқушылардың назарын аудару.
2). «Тойбастар». (күй)
3). Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім.
1). Қатысушыларды сахнаға шақырып, ойынның шартымен таныстыру.
1- ойыншылардың тапсырмасы:
Аты оның тәтті жеміс есіміндей,
Жемісі халқының мол несібіндей.
Білмесең бұл қаланы, онда сең
Қалады қателігің кешірілмей.
А Л М А Т Ы
Алматы қаласын картадан көрсету, өлеңдер айту.(сурет)
Хор «Сағындым Алматымды».
Алаңға 2 – ойыншыларды шақырып, тапсырмаларымен таныстыру.
Толассыз күні – түні шахталары
Тереңнен қазынасын ақтарады.
Көмірлі болғанымен осы қала,
Атымен өсімдіктің аталады.
Қ А Р А Ғ А Н Д Ы.
Қарағанды қаласын картадан көрсету, өлеңдер айту.(сурет)
Қыздардың орындауында «Түрік биі».
3-ойыншыларды ортаға шақырып, ойынның тақырыбымен таныстырып, тапсырманы айту.
Аты оның екі-үш заттан құралады,
Ұят қой, білмегенің бұл қаланы!
Ол берген көмірменен, жылуменен
Сен қала, өндірістер ңұрланады.
Е К І Б А С Т Ұ З

Екібастұз қаланы картадан көрсету. (сурет)
Елеш А, Серғазы А орындауында «Қошақан әні».
Көрермендер ойыны.
Тастан емес, қыштан емес қорғаны,
Қарағайдан емес, қайыңнан да болмады,
Шешілмейтін жұмбағы да қалмады,
Сонда мұның қандай қала болғаны?
Т А Л Д Ы Қ О Р Ғ А Н
Байтұрсын А орындауында «Қамажай биі».
Қаланы картадан көрсету.(сурет)
ФИНАЛ
Үш ойынның жеңімпаздары финалға шығып, берілген жұмбақты шешеді.
Тауы жоқ маңайында, қырат бәрі,
Бұл қала тау есімді бірақ тағы.
Қорытқан шойын, болат домнасының
Табысы тау міндетін тұр атқарып.
Т Е М І Р Т А У
Қаланы картадан көрсету.(сурет)
Финалды жеңген оқушы «Супер ойынға» қатысады.
Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе,
Бұл маңайда мұндай түсті жоқ төбе.
Барлығы да бір-ақ түсті сияқты,
Сол түстен қаланы сен тап қане.
А Қ ТӨ Б Е
АҚТӨБЕ  қаласын картадан көрсету.(сурет)
Исатаева Г орындауында «Үнді биі».
— Оқушы қанша ұпай жинаса, сол ұпайға тиісті сыйлықты өзі таңдап алады.   Қатысқан оқушылар марапатталады.
— Сабақ соңында бәріміз бірге А.Асылбектің «Астана» атты әнін орындаймыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *