Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Отбасында берілетін бата

Отбасында берілетін бата

SҚостанай қаласы
№1 мектеп-лицейі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы

Сабақтың тақырыбы : Отбасында берілетін бата

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақ халқының отбасында берілетін бата туралы түсініктерін кеңейту .
2.Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру , еркін сөйлегуе , дұрыс және толық жауап беруге бағыттау , логикалық ойлау қабілеттерін дамыту , сөздіктермен және топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру .
3. Тәрбиелік:Отанымызға , отбасымызға деген сүйіспеншілігін арттыру .Үлкенді құрметтеуге , кішіге қамқор болуға баулу. қонақжайлыққа үйрету,әдептілік ережелеріне баулу.
Сабақтың түрі :саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі : сұрақ-жауап , іздендіру , ойландыру , әңгімелеу, сипаттау , баяндау , «Ата қоржыны» стратегиясы , топтастыру , сәйкестіру
Көрнекіліктер : қоржын , асық, интерактивті тақта,смайлдер
Сабақтың барысы:
1 Сәлемдесу .
2.Сыныпты түгендеу .
3.Кезекшімен диалог.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Ендеше , сабақта қазақ тілінен алған білімерімізді көрсетуге , тек қазақша сөйлеуге тырысамыз.Білу керек : Сұрақ қоя білу керек , қазақ халқының үш жұртын топтастыра білу керек , сәйкестіре білу керек ;
Игеру керек : жаңа сөздерді , сөз тіркестер,сөйлемдер құрастыру батаның мәнін түсіне білу , мәтіннің мазмұнын айта білу , шығармашылық қабілеттерін дамыта білу;
Біз бүгін аптаның әр күніне саяхат жасаймыз.Бір аптада қанша күн бар? Қандай? Саяхат жасағанда әр күннің бізге дайындап қойған тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды орындап болғаннан кейін ғана , келесі күнге сапар шегеміз Ал , жексенбі күні бізге тосын сый әзірлеп қойған екен.Сол тосын сыйға қол жеткізу үшін берілген тапсырмалардың барлығын жақсы деңгейде орындауымыз керек .Бүгін бізде саяхат сабағы ғана емес , сонымен ұпай жинау саяхаты.Сендер үш шағын отбасына бөлініп отырсыңдар. Әр шағын отбасының өз басшысы бар . Басшылары тақиялы оқушылар.Әр тапсырманы орындап болған соң соң мына смайликтерді аласыңдар.Сабақтың соңында бұл алған смайликтердің ортақ ұпай санына қарай қай шағын отбасы жеңіске жеткеніні анықталады.
Негізгі кезең: -Енді , балалар сапарға аттанайық.
1.Аптаның «Дүйсенбі» күніне қош келдіңдер! Дүйсенбі күннің тапсырмасы қандай екен? Тапсырмасы: сабақтың тақырыбын белгілеп, мақсаты мен міндетін анықтаңыздар. (модуль бойынша тапсырма )
— 1) тапсырма :Оқушылар алдарыңызда Қазақ халықының үш жұрты берліген .Сендердің мақсаттарың : шашырап жатқан туыстық атауларды орынды – орын қою

Мысалы : Адамның үш жұрты

Өз жұрты Нағашы жұрты Қайын жұрты.

2) тапсырма : Енді осы туыстық атауларға , отбасымызға байланысты мақал – мәтелдерді есімізге түсіріп , тапсырмамызды орындайық.
Шарты: Мақал –мәтелдерді сәйкестендіру
Әке тұрып ұл сөйлесе- ержеткені
Шеше тұрып қыз сөйлесе-бойжеткені.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан артық қас бар ма ?

Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрейді
Жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді

Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді.

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Мейіімді – анаң қымбат.
Туып өскен елің қымбат.

— 2. Сейсенбі күні. – Сейсенбі күннің бізге қандай тапсырмасы бар екен?
1) Тапсырма :Бұл күнде Атаның тапсырмасын орындау. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет — ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер — кішіге ақылшы, кішіге – көмекшіболу).
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата — анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 — бабында «Неке мен отбасы», әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының татулық ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Қара шаңыраққа ие болу дегеніміз не? ( ата дәстүрін сақтау, әулет салтын , ұрпақ жалғастығын үзбеу , әке түтінін өшірмеу деген ұғым )
Жақсы білімдерін көрсеткен топ өз бағаларын алады , ал біз саяхатымызды менімен бірге әрі қарай жалғастырамыз.
3.Сәрсенбі күні.Енді дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді , тақырыбымызды жазып алайық. Сабағымыздың тақырыбы «Отбасындағы берілетін бата» . Сәрсенбі күні бізге мәтін дайындап қойыпты.
Жаңа сөздермен жұмыс.Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздердің баламасын пайдалана отырып, мәтіннің негізгі идеясын ашу.
адал- честный
дәулетті – состоятельный
қорғау –защищать
адамгершілік- человечность
қызмет атқарады-служит
тұрмыс-быт
бесікке салу – приучить к колыбели
сапарға шығар алдында – перед дорогой
дастарқан басында – за столом
жағдайлар –обстоятельства, случаи
ықпал етеді- содействует
қонақжай болу- быть гостеприимным
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрастыру.
Кітабымыздың 23 бетінде мәтінге назар аударыңдар. Мен бір рет оқимын, содан кейін бір оқушы дауыстап оқиды. Қандай таныс емес сөздерді кездестірдіңдер?
Бата – біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз.Батаны жасы үлкен адамдар береді.
Бата жастарды әдепті , сабырлы , білімді, адал, дәулетті , бақытты, кешірімді болуға, жерін, елін, қорғауға шақырады.
Бата отбасының бірлігін, адамгершілігін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Бата тұрмыстағы әртүрлі оқиғаларға байланысты айтылады: сәбиді бесікке салғанда, жүре бастағанда, атқа алғаш мінгенде, сапарға шығар алдында, үйленгенде ,т.б.
Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, дастарқан басында тамақ ішкенде , т.б. жағдайларда бата береді.
Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді деп есептеледі.Сондықтан бата алу үшін адамдар отбасында әдепті, қонақжай болуға тырысады.Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа тәрбиелейді.
(Жауаптарына қарай баға қойылады.)
4.Бейсенбі күні (мәтінмен жұмыс)
-Бұл күн сендердің мықты , білімді , іздемпазды балалар екендіктеріңді біліп, сендерге шығармашылық жұмыс дайындап қойыпты. Бейсенбі күннің тапсырмасы : логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту , ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр топ берілген үш тапсырманың ішінен бір тапсырманы таңдап орындайды:( 3 минут таймерде )
1- топ:Мәтін бойынша диалог құрастыру
2- топ:Мәтінді мазмұндау
3- топ:мәтін бойынша мазмұндау
5.Жұма күні (тірек сызбамен жұмыс) сызба арқылы сөйлем құрап , сөйлем арқылы әңгімелеу

6. сенбі күні
1-топ :»Бата» мағынасын ашу үшін сөздерді топтастыр:
Сөздер: сыйластық , тәрбие сөзі, жылы сөз, алғыс сөз, мадақтау ,
игі тілек, теріс қылық, жай сөз , мағынасыз сөз, тәрбиесі жоқ.
2 топ :
• Бата отбасының бақытты болуына ………………………… деп есептеледі.
• Батаны ……………………………….. береді.
• Бата отбасының ………….., адамгершілігін сақтауда ерекше ………………. атқарады.
• Бата үйдегі адамдарды …………………… тәрбиелейді.
• Сондай-ақ әртүрлі мерекелерде, …………………….. ………………………., т.б. жағдайларда бата береді.
Керекті сөздер: бірлігін, ықпал етеді, жасы үлкен адамдар, дастарқан басында қызмет ,сыйластыққа , тамақ ішкенде .

3-топ:Сөйлемді сөздерден дұрыс құрастыр
Сабырлы үйдегі байланысты жас зерделі әдептілікке айтылады түрлі тәрбиелейді оқиғаларға сыйластық қадамдарды әдепті Тұрмыстағы баулиды өсуге Бата Жеткіншек өсуге ұрпақты әр
1.Жеткіншек жас ұрпақты әдепті ,зерделі болып өсуге баулиды.
2.Тұрмыстағы әр түрлі оқиғаларға байланысты айтылады.
3.Бата үйдегі адамдарды сыйластыққа , әдептілікке тәрбиелейді.

7. жексенбі күні : Бейне баян

Бейнебаянды мұқият тыңдап , мына сұрақтарға жауап беріңдер:
• Не түсіндіңдер ? Бейнебаянда батаның қай түрі берілген?

— Аптаның Дүсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі , Жұма Сенбі , Жексенбі күндеріне қонаққа барып келдік , бізге дайындаған тапсырмаларын толықтай орындадық. Бүгін сендер тек саяхат жасаған жоқсыңдар, өз білімдеріңді жетілдіріп, топпен жұмыс істей алатындарыңды көрсете білдіңдер.
— Проблемалық сұрақ:
— Барлығымыз бірігіп мына сұраққа жауап беріп көрейік:
«Бата бүгінгі күнде қоғамға қажет пе ? Неге?»
Тақтада жазылған тірек сөздерді қолданып , бата құрастырып көріңдер
 жаңа оқу жылында
 сәттілік тілеймін
 мықты болсын
 оқуда алда
 үлкен жетістікке жетіңдер
 қадамдарың нық болсын

— Бағалау .
— Үй жұмысы :23 бет , мәтінді мазмұндау , қайталау
— Сабақ аяқталды .

Сабақтың флипчартын жүктеңіз

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *