Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ел ордасы -Астана

Ел ордасы -Астана

АстанаТақырыбы: Ел ордасы -Астана
Сабақтың түрі : Жаңа тақырыпты  меңгерту  
 Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Оқушыларға сұрақ беру  арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Ұжымдық түрде білім алуға баулу,қалалар жайлы білетін мәліметтерін талқылай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, қалалар туралы өткен сабақтарда алған білімдерін  кеңейту.
Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін , шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. 
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.   Оқушылар туған Отанын, елін, жерін  сүюге ,  құрметтеуге тәрбиелеу , отансүйгіштік сезімдерін ояту және өз Отанына, еліне, қаласына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
 Міндеттері:
—    тақырып бойынша білімдерін кеңейту; 
—         мәтін ішінен негізгілерін тауып, айта білуге, тақырып бойынша сөйлем құрастыру және тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру ;
—         сөйлемде сөз тәртібін сақтауға үйрету;
 
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу,  іздену,  жинақтау.
Сабақ көрнекіліктері: Сызба,  интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, архитектура
1.                 Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 4 мин)

 

                                 1.Оқушылармен амандасу
— Сәлеметсіңдер ме, балалар.
— Көңіл – күйлерің қалай?
      2. Сабаққа дайындық деңгейін тексеру
3. Кезекшілермен сұхбаттасу
 
ІІ Негізгі кезең (8 мин). Оқушыларға сұрақ беру  арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Ой қозғау стратегиясы:
1.      Қазақ елінің Отаны қалай аталады?
2.      Қазақстан қандай мемлекет?
3.      Қазақстанның елбасы кім?
4.      Қазақстанның ірі  қалаларын  атаңдар.
5.      Қазақстанның астанасы қай қала?
6.       Астана қандай қала?
7.       Қазақстан қандай өңірлерге бөлінеді?
8.       Астана қай өңірге жатады?
— Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
— Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана қаласы туралы.
— Сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер?
— Ендеше, балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Ел ордасы – Астана» деп аталады.
— «Ел» деген сөздің синонимдерін айтыңдаршы, қандай сөздер бар екен?
— Жақсы, ал «Орда»  деген сөз бас, негізгі деген мағынаны береді.
 ІІІ. Мақсатты жобалау кезеңі (3 мин)
— Осы тақырып бойынша не біліп, үйренгілерің келеді.? Сабақтың мақсатын  айту. (Балалар өздері айтады).
Сызбаға түсіру
Астана қандай екенін айтқыза отырып, сызбаға түсіру.
— Енді, балалар, жаңа өздерің Астана туралы айтып өткендеріңді тамашалайық. (слайд көру).
—         Жақсы
Мәтінмен жұмыс:
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қастиетті өлке.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.
Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы.
«Бәйтерек» жобасының авторы – ағылшын архитекторы   Норман Фостер. Құрылыстың биіктігі  97 метрді құрайды . Шарымен біріктіргенде — 105 метр.  Алтындатылған шардың көлемі —  22 метр.
Бәйтеректің төменгі бөлігі төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе,  аквариумдер,  «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға  экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

Оқушылар бір – біріне сұрақ қояды.
Мәтін ішіндегі жай сөйлемдерден 1-ші қатар ыңғайлас, 2-ші қатар қарсылықты, 3- ші қатар себеп —  салдар салалас құрмалас сөйлем құрастыра қойыңдар.
ІҮ. Бекіту тапсырмалары ( 15 мин)
Тақтамен жұмыс:
Сызба бойынша сөйлем құрастырыңдар.
І қатар          ________ _._._._._._._       =====.   
ІІ қатар          Қашан?  Ненің?  Несі?Неге?  Қандай?
  ІІІ қатар        Аймағында ,Астана, Солтүстік, қаласы ,орналасқан ,Қазақстан
 Ү. Рефлексия
Бәйтерек туралы сұрақтар бекітуге арналған слайд
Қорыту.
Слайд  толтыру
Ал енді сабақта бүгін

 

Білемін білгім келеді үйрендім

 ҮІ. Үйге тапсырма: Астана қаласы презентация жасау.
Нені білгім келеді деген тақырыптар бойынша мағұлымат дайындаңдар.
ҮІІ. Бағалау: бағалау парақтары бойынша бағалау
 Мәтінмен жұмыс:
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.
Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы.
«Бәйтерек» жобасының авторы – ағылшын архитекторы   Норман Фостер. Құрылыстың биіктігі  97 метрді құрайды . Шарымен біріктіргенде — 105 метр.  Алтындатылған шардың көлемі —  22 метр.
Бәйтеректің төменгі бөлігі төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе,  аквариумдер,  «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға  экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
Бір – біріне сұрақ қою.
Мәтін ішіндегі жай сөйлемдерден 1-ші қатар ыңғайлас, 2-ші қатар қарсылықты, 3- ші қатар себеп —  салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырады..
  3- тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
 Мәтінмен жұмыс:
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы – жаңа Қазақстанның белгісі.
Қала төрінде алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы.
«Бәйтерек» жобасының авторы – ағылшын архитекторы   Норман Фостер. Құрылыстың биіктігі  97 метрді құрайды . Шарымен біріктіргенде — 105 метр.  Алтындатылған шардың көлемі —  22 метр.
Бәйтеректің төменгі бөлігі төрт жарым метрі жердің астына кеткен. Онда кафе,  аквариумдер,  «Бәйтерек» кішігалереясы бар.
Келген қонақтарға  экскурсиялар қазақ, орыс және шет тілдерінде өткізіледі.
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
Бір – біріне сұрақ қою.
Мәтін ішіндегі жай сөйлемдерден 1-ші қатар ыңғайлас, 2-ші қатар қарсылықты, 3- ші қатар себеп —  салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *