ИСКАКОВА БАҚТЫКҮЛ ДҮЙСЕНҚЫЗЫ
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 4 орыс
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Тақырыбы : Құрметті атақ
Мақсаты:
1. Қазақстандық ұлы тұлғалар мен белгілі адамдардың есімдерімен таныстыра отырып, мәтін мазмұнының өзектілігін анықтау. Мәтінді меңгерте отырып, грамматикалық талдаулар жасату.
2. Ұлылардың өмірін өнеге етіп, жақсыдан үлгі алуға, отансүйгіштікке, халқына қызмет ете білуге баулу.
3. Танымдық біліктілік аясын кеңейту, сөздік қорлары мен есте сақтау қабілеттерінарттыру
Түрі: жаңа сабақ, электронды түрде
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жеке жұмыс, жалпы топпен жұмыс
Көрнекілігі: атақты адамдардың суреті, компьютер, электронды тақта
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, өмірмен байланыс.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІІ. Жаңа сабаққа өту
« Ой шақыру» стратегиясы
— Қазақстан тарихы мен әдебиетінен қандай танымал адамдардың есімдерімен таныссыңдар? (балалар атап айтады)
Мұғалім: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген шешен де, тапқыр сөз бүгінгі сабағымыздың тірегі етіп алынып отыр. Өздерің атаған ұлылыр есімі ерен еңбегі үшін құрметке бөленген. Оларға құрметті атақтар берілген. Дәлірек , әрі қарайғы жұмыстарда айтылады.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Сөздік жұмысы:
құрметті атақ – почетное звание
халықаралық – международный
Қор – фонд
Мәдени ескерткіштер – памятники культуры
өткізді – проводил, проводили
жарияланды – объявлен, был объявлен
ғұламалар – ученые
еңбегі сіңген – заслуженный
бағалайды – ценят
мақтаныш – гордость
2. Мәтінмен жұмыс:
«Құрметті атақ»
Қазақстан Республикасының Халықаралық «Абылай» және «Алтын адам» қорлары, «Қазақстан тарихы және мәдени ескерткіштерді қорғау» қоғамы бірігіп акция өткізді. Онда «Мыңжылдық адамы» мен «Ғасыр адамы» атақтары жарияланды. Бұл атақ иелеріне қазақша, орысша, ағылшынша жазылған диплом және алтын, күміспен өрнектелген медальдар берілді. Оның бір жағына шаңырақтың суреті салынған. Екінші жағына «Ғасыр адамы» немесе «Мыңжылдық адамы» деп жазылған.
3. Меңгерту
— «Мыңжылдық адамы» слайдтарын көрсету ( Онда белгілі адамдардың суреттері,қысқаша мәліметтері берілген)
— «Ғасыр адамы» слайдтарын көрсету
— « Жезқазған қаласының құрметті азаматтары»
Жоғарыда есімдерді Қазақстан тарихы бойынша деп білетін болсақ, ондай құрмет иелері біздің қаламызда да бар. Олар өнер.ағартушылық, зерттеушілік салаларда Жезқазғанның өсуіне, дамуына жол салды. Бүгінде қаламыздың 55 жылдық тарихы сол кісілердің қосқан үлесімен тікелей байланысты.
Олар: ( слайдтар)
Ү. Бекіту
— Сұрақ- жауап
1. Қандай Құрметті атақ түрлерімен таныстық?
2. «Мыңжылдық адамы» атанған кімдер?
3. Екінші атақ қалай аталады?
4. Биыл қаламызға неше жыл толып отыр?
5. Қаламыздың құрметті азаматтары кімдер?
— Сөйлемдерге толық синтаксистік талдаулар жасау
Бұл атақ иелеріне дипломдар берілді.
Оларға алтынмен, күміспен өрнектелген медальдар тағылды.
Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
Жақсыдан үлгі — өнеге үйрену керек.
— бес жол өлең құру
ҮІ. Қорытындылау
«Ел ұрпағымен мың жасайды»- дейді қазақ халқы. Келешек ұрпақ! Елдің болашағы сендердің қолыңда! Сондықтан, бүгінгі танысқан ұлылардың атағы мен еңбегінен, мұрасынан көп үлгі алуымыз керек. Есімдеріне құрметпен қарау біздің, сендердің борышымыз
Бөлтірік би бабамыз былай деген екен: Рулы елге жарасқан
Үлгі айтқан ағасы.
Жақсы болса азамат
Еліне тиер пайдасы – яғни, біз келешекте елімізге пайдамыз тиетін, өнегелі, білімді ұрпақ болуымыз керек
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
— мәтінді әңгімелеу.
— Сөздік жаттау
— Септік жалғаулы сөздерді теріп жазу
— «Менің қалам – менің болашағым» ойтолғау жазу
ҮІІІ. Бағалау