Атырау облысы, Индер ауданы
Көктоғай селосы
Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп жанындағы
интернат тәрбиешісі
Ажгулова Ағайша Сағынқызы
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Кіріспе
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономикалық дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі оңтайлы өзгерістер пайда болып жүзеге асырылуда.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлт-жандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
Осыдан туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді дамыту, оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел, талап-тілектеріне сай жүргізу қажеттілігі байқалады.
Жас ұрпақ – мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақыттың өзектілігі сезіледі.